«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Latin qaripin ureny" элективтік курсының аналитикалық есебі

11.11.2020

Сабақтың тақырыбы  Латын графикасына көшу заман талабы

Сабақтың мақсаты  Латын графикасы туралы әліпбимен таныстыра отырып,оқуға дағдыландыру.

 «Латын графикасына көшу заман талабы» тақырыбындағы сабақта оқушыларға қашықтықтан оқыту кезінде мынадай тапсырмалар орындады.

1-тапсырма. Мәтіңді оқып,әліпбидің көмегімен латынша жазуға талпын.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы бойынша қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл, мемлекеттік тіл қызметін атқарады.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – кез келген Қазақстан Республикасы азаматының міндеті. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін – ұлы». Біз үшін қазақ тілі – ұлы. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өткені мен бүгінін әлемге танытатын да оның тілі.Қазақ тілі арқылы күллі әлем тәуелсіз мемлекетіміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін және өнерін таниды.

Мемлекеттік тіл мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Qazaq tili – Qazaqstan Respýblıkasynyń memlekettik tili.

Qazaq tili – qazaq halqynyń ana tili. Ol halyq tarıhymen birge jasap, urpaqtan urpaqqa qatynas quraly retinde qyzmet etip keledi. 1989 jyly qazaq tili memlekettik mártebe alyp, Qazaqstan Respýblıkasynyń Til týraly Zańy boıynsha qazaq tili respýblıkamyzdaǵy negizgi til, memlekettik til qyzmetin atqarady.Qazaq tili – Qazaqstan Respýblıkasynyń memlekettik tili. Memlekettik tildi meńgerý – kez kelgen Qazaqstan Respýblıkasy azamatynyń mindeti. Uly jazýshy Shyńǵys Aıtmatov ana tili týraly bylaı degen eken: «Halyqtyń máńgi ǵumyry onyń tilinde. Árbir til óziniń halqy úshin – uly». Biz úshin qazaq tili – uly. Árbir táýelsiz memlekettiń ótkeni men búginin álemge tanytatyn da onyń tili.Qazaq tili arqyly kúlli álem táýelsiz memleketimizdiń tarıhyn, mádenıetin, ádebıetin jáne ónerin tanıdy.Memlekettik til memlekettiń búkil aýmaǵynda qoǵamdyq qatynastardyń asa mańyzdy faktory bolyp tabylatyn memlekettik tildi meńgerý – Qazaqstan Respýblıkasynyń árbir azamatynyń paryzy.

Оқушылардан кері байланыс мынадай жолдармен алынды.

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст