Құжатқа Аннотация: "мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы (қолданысқа енгізілмеген)
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына, "құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына және 36-бабына, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Жарлығына сәйкес:
1) бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
3) бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
4) бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
5) бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
6) бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
Бұйрық 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 24, 29, 34, 44-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.