«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасына» пікір

13.03.2018

Қазақстан

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасына»  пікір

 

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».

Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу

мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық.

2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға

берілді.

Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген

отбасы баспанасыз жүр.

Бұл – айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе.

Оның шешімін тұрғын-үй ипотекасының қалың көпшілікке

жаппай қолжетімділігін арттыру арқылы табуға барлық жағдай жасау керек.

Жұмыс істейтін әрбір адам несиеге пәтер сатып алып, оны

отбасылық бюджетінің мүмкіндіктері аясында төлей алатындай болуы үшін арзан

ресурстар ұсынатын тетіктер қажет. 

Сондықтан, мен «7 – 20 – 25» бағдарламасын ұсынамын.

Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар

бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады.

Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына

7 проценттен аспайтын болады.

Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30

процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама

бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс.

Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның

мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.  Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі

банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек.

Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржы тартатын

арнайы компания құрып, ол қаржыны банктердің жоғарыда айтылған шарттар бойынша

беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет.

Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына зор серпін

береді.

Нәтижесінде миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудың

қолжетімділігі  артады. 

Сонымен қатар, бұл экономиканың, шағын және орта

бизнестің өрістеуіне жұмыс істейді, жаңа жұмыс орындарын ашады.

Көптеген азаматтардың арманы ақиқатқа айналады!

 

 Екінші бастама: «Жалақысы төмен

жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту».

 

Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды

қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге

азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын. Ай сайын ең төменгі есептік

көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс

салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек.

Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың

жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет.

Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің

кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге

салмақ салмай-ақ көбейетін болады.  

Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын

енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек.

 

 Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың

қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын

жақсарту».

 

Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам

жас оқып жатыр, олардың 30 процентке жуығы мемлекет бөлген грантпен білім

алуда.

Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру

үшін төмендегідей шараларды ұсынамын.  

Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша

2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек.

Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық

білім беруге тиесілі болады.

Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа

экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік

береді.

Мұнда

ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология

саласының мамандары туралы сөз болып отыр.

Бұл

да жастарға мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.

Сонымен

бірге, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша барлық жоғары оқу

орындары гранттарының құнын ұлттық жоғары оқу орындарының гранттары деңгейіне

дейін көтеру керек.

Аталған

шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға

мүмкіндік береді, бұл – жалпы әлемдік тренд.

Сонымен

бірге, адам ресурстарына салынатын үлкен салым.

Біз

әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің

білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аударуымыз

қажет.  

Қазір

жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету

мәселесі өте өзекті.

Бұл

міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар

мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы

керек.

Мемлекет

өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған

инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді.

2022

жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана

салуды тапсырамын.

Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің

өзінде жатақхана тапшылығын біржола шешеді.

 

 Төртінші бастама: «Шағын несие

беруді көбейту».

 

    Өзін-өзі

еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті

дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру

неғұрлым тиімді тетік саналады.

2017

жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді.

Алайда,

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алған тағы 5 мың адам өз ісін бастауға

қажетті шағын несиелерді ала алмады.

Сондықтан,

2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62

миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын.

Нәтижесінде

шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың

адамға жететін болады.

Бұл

жұмысты одан кейінгі жылдарда да белсенді жалғастыру керек.

Бастама

мыңдаған адамға өз ісін ашуға мүмкіндік беретіндігімен маңызды.

Бұл,

әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды

екенін атап өткім келеді.    

 

 Бесінші

бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».

 

Елімізде

газ өндіру Тәуелсіздік кезеңінде жылына 8-ден 52 миллиард текшеметрге дейін

артты, әрі қарай да өсе түседі. 

Қазір

еліміздегі тұрғындардың 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген. 

9

облысқа газ тартылған.  Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер

әлі де газсыз отыр.

Біз

Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған–Қарағанды–Теміртау–Астана бағытында

магистральді газ құбырын салу жобасын жүзеге асыруымыз керек.

Оған

тиісінше қаражат тарту қажет болады, соның ішінде халықаралық қаржы

институттарынан да.

Бұл

2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің

жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен

бірге, экология жақсарады.

Газға

көшу тек Астананың өзінде зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 6 есеге немесе

жылына 35 мың тоннаға азайтады.

Бұл

жобаны жүзеге асыру әрі қарай өзге өңірлерді де газбен қамтамасыз етуге

мүмкіндік береді. 

 

Президенттің

бес бастамасы – осы.

Оларды

іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, сол арқылы ел экономикасының әрі қарай

дами түсуіне жол ашады. Үкімет пен Ұлттық Банкке бастамаларды іске

асырудың егжей-тегжейлі тетіктерін жасауды тапсырамын.

Парламент депутаттарынан заңнамаға қажет өзгерістерді

уақтылы енгізуді өтінемін.

Бастамалардың айрықша маңызды екенін ескерсек, оларды

тиімді жүзеге асырудың жолдары кеңінен талқылауды қажет етеді.

Халық пен бизнес өкілдерінің арасында түсіндіру

жұмыстарын жүргізу де маңызды. «Нұр Отан» партиясы халқымыз үшін айрықша маңызы бар осы шаралардың тиянақты орындалуын бақылауға алады

Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст