Қазақ күресі жалғасын табады...
Атам қазақ ертеден
өздерінің ұрпақтарының жалғастырушы ер балаларын атқа қондырып,салт
–дәстүрлерінің түсіндіріп,қазақ ойындарын үйретіп қана қоймай,оларға ойнауды да
үйретіп отырған.Біз ,әрине қазақ халқының ұлттық ойындарын
білеміз,танимыз.Ежелден сақталып келе жатқан ойындарымыз да аз емес,атап
кетсем: тоғызқұмалақ,асық ату,көкпар ойнау,қазақ күресі және тағы да
басқалар.Осы ойындардың ішінде белгілі
бір орынға ие,қазіргі Тәуелсіз Қазақстанда,яғни өз елімізде өрісі
кеңейіп жан –жақты дамып келе жатқан ,жастардың қызығушылығын арқыздырып
отырған –қазақ күресі.Қазақ күресі тек өз елімізде ғана емес,шет елдерде де
ойналып отыратындарын естіген боларсыздар!Қазіргі жаһандану заманда,технология
басым болып тұрған уақытта , жастарды бір затқа қызықтыру өте қиын,бірақ бұл
жағдайға қарамастан жастардың көбі қазақ
күресіне үлестерін қосып,жаттығуларға барып,жарыстарға қатысып отыратындарына
көзім жетті.Қазақстан көп ұлтты зайырлы мемлекет.Қазақстанда тұрып жатқан әр
ұлт өкілі қазақ салт –дәстүрін
құрметтейді,сақтайды.Бұл сөзіме арқау болып отыраған Бұланды ауданының Капитоновка ауылының 10 сынып оқушысы Долин
Анатолий.
Долин Анатолий бір жыл емес,екі жыл емес,
бірнеше жылдар бойы қазақ күресінің жаттығуларына қатысып жүрген азамат.Долин
Анатолий өзге ұл өкілінің баласы болғанымен ,қазақ халқының ұлттық ойының
ойнап, жеңіске жетіп жүрген ер азамат.Арманы асқақ Анатолий бірнеше жылдар бойы өз замандастарының алды
болып,өз алдына мақсат қойып,жүйелі
түрде қадағаланып отырған жаттығулардың арқасында жүлделі орындарға ие болып
жүрген және 2 жыл бойы қазақ күресінен
аудан бойынша ІІ және ІІІ орындарды
иеленген.Әрине, бұндай нәтижеге жету әркімнің қолынан келе беретін дүние
емес.Жаттықтырушысы Ермуханов Аман
Ақылбайұлымен бірге Анатолий күнделікті жаттығуларын КММ «Капитоновка орта
мектебінің» спортзалында өткізіп отырған. Анатолий өзге оқушылармен бірге қазақ
күресіндегі әр тактикасын ,қарсыласысының осал жерлерін қалай
анықтау керектігін ?қол –аяқтарының дұрыс ұстауын және тағы басқа іс -әрекеттерін
жаттығу барсында жаттығып,анықтап отырған.Анатолий ақылды, мектептегі үздік
оқушылар қатарынан табылатын оқушылардың бірі, міңезі –байсалды ,байыпты,әрбір
жасаған қадамын ойланып және таразыға салып отырады. Бұл нағыз қазақ күресіне
қатысып жүрген азаматының бойынан табылатын қасиеттер деп ойлаймын.Анатолий сияқты баланы тәрбиелеп өсіріп отырған
ата-анасы Долина Елена мен Долин Викторге алғысымыз шексіз!Қазақ атамыз айтып
өткендей «Не ексен,соны орасын» демекші,неше жыл бойы жаттықтырушысы Ермуханов
Аман Ақылбайұлымен бірігіп үзбестен, жүйелі түрде жаттығуларын өткізіп отырып, қанаты
талмай, шыңдалып,алдына мақсат қойып, әр түрлі қиын жаттығулардың арқасында
бүгінгі таңда мықтылардың арасында мықтысы,күшттілердің арасында күштісі,Рухы
биік жандардың арасындағы өзінің Рухы биік және мықты екенің дәлелдеп «Облыс
Чемпионы» деген атақты алдымызға әкеліп,қолына медальін алып келіп отыр.Бұл
жеңісімен Долин Анатолийдің
ұстаздары шың жүректен құттықтайды!Тек
биік шыңдардан көріне берсін, Қазақстан чемпионына қатысып жеңіспен оралсын
деген ниеттеміз. Капитоновка орта мектебінің
мақтанышы,абыройы !
Қорытындылай келе
Қазақ халқының жан дүниесін, мұрасын түсіну үшін, туын көкке көтеру үшін
,әңұраның шырқырту үшін ұлтқа бөлініп керек емес!!!
Мақала
авторы:Капитоновка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Уразбекова
А.Б