15.03.2024
Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатыр.Ал мектептің, мұғалімнің ең басты қасиетті міндеті -рухани бай,жан-жақты дамыған жеке,дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты,мәдениеті,өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі.Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі озық ұстанымдармен байланыстыру. Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде,ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу -үлкен міндет. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беру мақсатында
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында мектебімізде "Ұлттық бұрыш" көрмесі ұйымдастырылды.