Ақмола облысы
Бұланды ауданы
КММ «Капитоновка орта
мектебі»
Мектепішілік
жас мамандардың апталығы
Әдебиеттік оқудан ашық сабақ
«Менің анам»
Өткізген: Дулатова Ы.М
2017 ж
Сабақ
анализы
Уақыты:
02.03.17
Сынып:
3 «А»
Мұғалім:
Дулатова Ы.М
Тақырып:
«Менің
анам»
Мақсаты:
Өлең авторымен таныстыру. Тақырып бойынша жан – жақты мағлұмат беру.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін
нәтиже: Сағи Жиенбаев жайлы жаңа мағлұмат алады; Топпен,
жеке, жұппен жұмыс жасай алады; қазақ тілі сабағымен байланысты анықтайды;
аналарына, үлкендерге құрмет көрсетеді.
Тақырып бойынша
сабақ мақсатына жетеді.
Мен оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін
шаттық шеңберінен бастадым. Үй тапсырмасын «Дайын конверт» әдісімен тексердім.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін аудиожазба тыңдаттым. Оқушылар тақырыпты үш
тілде анықтады. Сабақ мақсатын анықтап, оған жету үшін оқушылар іс – әрекеттер
айтты.
Автор жайлы мағлұмат бердім. Оқушылар
түсінгендері бойынша кесте толтырды. Ана қандай? Деген сұрақта оқушылар интерактивтік
тақтада сызбаларды толтырды. Оқулықпен жұмыс орындалып, жетекші сұрақтар
қойылды.
Қосымша түс жайлы мағлұмат айтылды. Топпен
жұмыс жасау арқылы түс сөзінің мағынасын ашып, қазақ тілімен байланысы бар
екенін анықтады. Оқушылар көрнекіліктермен жұмыс жасады. Табиғат суреттері
бойынша аналарының мінезіне теңеу жасады.
«Иә, жоқ» тұжырымдамасы бойынша сабақты
бекіттім.
Қорытынды ретінде жетекші сұрақтар
қойылды. Сабақты түсінген, түсінбегендеріне байланысты стикерлер жапсырылды.
Оқушыларға бағалар қойылып, үйге тапсырма
берілді.
Оқушылар сабақты түсінді. Жалпы сабақ
мақсатына жетті.