«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТАҚЫРЫБЫ: 7-ҰОҚ. Мектеп бағының сыбдыры (жапырақтарды бастыру) Сурет салу

12.11.2017

ТАҚЫРЫБЫ:  7-ҰОҚ.   Мектеп  бағының сыбдыры (жапырақтарды  бастыру)

Мектеп /МҰ: «Капитоновка  ОМ» 

КММ

Күні: 

17.10.2017

Педагогтің  аты- жөні: Курмахан  М.

Сынып/топ:  0 «А»

Қатысқандар  саны:3

Қатыспағандар  саны:

ҰОҚ- ның  оқытылу  мақсаты

0.1.4.1. Көркем материалдар және құралдар

түрлерімен, қолмен/ саусақпен және

т.б. көмегімен  қарапайым  жұмыс техникасын қолдана  отырып, заттар-дың  текстурасын бейнелеу.

0.2.2.1. Жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру

материалдарды  үнемдеп  жұмсау.

Күтілетін  нəтиже

Барлық  балалар  істей  алады:

• жапырақтармен

бастыру техникасын пайдаланып, заттардың  текстурасын бейнелейді;

• қалыпты емес сурет

салу тәсілін қолданады;

• өз жұмыс орнын

таза ұстайды:

Көпшілік  балалар  істей  алады:

• бастыруды дұрыс

орындайды;

• көлемі әртүрлі

жапырақтарды кезектестіреді, түстерді қиыстырады;

• материалдарды

үнемдеп, жұмыс жасайды.

Кейбір  балалар  істей  алады:

• композиция,

көркем  талғам  сезімін  байқатады.

Тілдік  мақсат

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

• сұрақтарға жауап береді, бұрын алынған білімді еске түсіреді;

• ойды салынып жатқан суретпен байланыстырады;

• өз таңдауын түсіндіреді;

• тапсырмаларды орындау барысында тыңдау және сөйлеу; •

шығармашылық үдеріс барысында мүмкіндіктер спектрін талқылайды.

Көптілділік: жапырақ – лист

– leaf.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

• күздегі мектеп бағы, күзгі

ағаштар, күзгі гүлдер, жапырақтармен  бастыру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мектеп бағы дегеніміз не?

Мектеп бағында (ауласында) қандай ағаштар өседі?

Қай гүлдерді күзгі гүлдерге жатқызуға болады? Неліктен?

Жапырақтармен бастыру дегеніміз не?

Өткен  ұйымдастырылған  оқу қызметінде  алған 

білім

Дәстүрлі  емес 

сурет  салу  тәсілдері 

туралы  білімді пайдаланады,

мектеп  бағына, ауласына  саяхат 

кезінде күзгі  ағаштарды  бақылайды.

Жоспар

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  іс-

əрекет

Ресурстар

I.Дұрыс

əсерлі көңіл күй орнату.

          0–1мин.

 

(Ұ) Сабақта оң көңіл күй қалыптастыру

Мен сендерді, сендердің  күлкілеріңді көргеніме  қуаныштымын және осы  күн 

сендерге  қуаныш, бір-біріңе

жақсы  қарым-қатынас сыйлайды  деп 

ойлаймын.

Жайғасып  отырыңдар, көздеріңді  жұмыңдар 

және күзгі бақта келе жатқандарыңды 

елестетіңдер. Ағаштар  не  туралы 

сыбырласуда, жапырақтардың 

түсі  қандай? Аяқтарыңның  астынан алуан түрлі жапырақтардың

сыбдыры  естіледі …. (күзгі жапырақтар

бар себетті  байқатпай қояды).

Көзімізді  жайлап ашамыз.

Музыкалық

сүйемелдеу.

Ағаштардың (қайың,

көктерек, емен)

жапырақтары бар себет.

 

Жапырақтар

неге сарғаяды

және түседі?

https://www.youtube. com

II.Өмірлік  тəжірибені

маңыздандыру. Мақсатты болжам.

         2-5мин

(Ұ) Балалардан сұрайды: Бұл кімнің

сыйы? (Бұл  мектеп бағының сыйы).

Жақында жапырақтар  түседі де, ағаштар

осындай алтын, алуан түсті  болмайды.

Айсұлу естелікке  мектеп  бағының 

сұлулығы туралы сурет қалдыруды ұсынады. Балаларға  бірнеше күзгі пейзаж  көрсетемін. Оларды сипаттауды  сұраймын.

 

Балаларға өздеріне ұнаған

жапырақтарды таңдап  алуды ұсынады.

Жапырақтың құрылымын саусақтарымен зерттеуді, қатпарлары мен сабағын қарауды

ұсынады. Жапырақ  кескіндерінің неге

ұқсайтынын болжайды (ағаш  кескіндері).

Жапырақтарды

ағаштарды салу үшін қолдануды  ұсынады.

Балалармен бірге бедерлеу тәсілін  талқылайды.

Түсіндіреді: Жапырақтармен бедерлеу – бұл боялған  жапырақты  қағаз  бетінде  бастыру.

«Күзгі бақ»

тұсаукесері,

балалардың санына

қарай жапырақтар

(әр балаға 2–3

данадан)

III.ҰОҚ  тақырыбы 

бойынша  жұмыс

         6 – 25мин.

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Педагог әліппе-альбомдағы тапсырмаларды  орындап,

сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Мына жапырақтар қай ағаштардан түскен? Күзгі  бақтың түстері қандай?

(Ж) Педагог балаларға

жұппен жұмыс жасап,  күлгін түс алу

үшін  палитрада түстерді  араластыруды  ұсынады.

(Ж) Педагог балаларға жұппен жұмыс жасап, 

күлгін түс алу үшін палитрада түстерді араластыруды  ұсынады.

(Ұ) Сергіту сәті

Аулада өсіп тұрған терек сияқты: (бір аяқта тұрып созыламыз – қолдарымызды

жоғары, артынан екінші аяққа тұрып, тағы да  осылай 

созыламыз).

Бір уақытта қатты жел тұрып, теректі әрі-бері

қимылдатты: (денемен алға-артқа қарай бүгілу).

Теректің бұтақтары біресе төмен, біресе 

жоғары қарай

майысты: (денелерін әрі-бері  қимылдатады).

Енді бәріміз бірге отырып-тұрамыз: бір-екі, бір-  екі (отыру-тұру).

 

Біз  жақсы 

сергіп  қалдық, енді  орнымызға 

отырайық (балалар орындарына отырады).

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау

Балалардан гуашьпен қалай дұрыс жұмыс 

жасауды әңгімелеуді сұрайды. Жұмыс 

орнын  тазалықта  ұстауға 

ынталандырады.

(Ұ) Жұмыстың орындалу

технологиясы

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру).

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Жапырақтары қатпарларымен жоғары қарай 

бұрыңдар, жапырақты қатпарлары жағынан гуашь бояумен бояймыз,

сабағынан ұстап,

жапырақты абайлап аударамыз және бедерлей 

отырып, қағазға бастырамыз. Барлық 

жапырақтарды тігінен, сабақтарын төмен

қаратып  орналастыруға тырысыңдар.

Сендер қай  түстерді  аласыңдар? Неліктен? Осы  жапыраққа 

басқа бір түс жағыңдар және сол орынға 

қайтадан бастырыңдар. Не болғанын  қараңдар.

Балалар күзгі жапырақтардан бедерлеме 

жасайды.

Әліппе-альбом.

Палитра, бояулар,

қылқаламдар

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-альбом.

Қылқалам №5-6, гуашь, суы бар

төгілмейтін стақан,

мақта майлықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия.

26-30 минут

(Ұ, Ө) «Мектеп бағы»  сурет 

галереясы   ұйымдастырылады.

Балалар  өз  жұмыстарын 

талқылайды. Педагог сұрайды:

Кімге өз жұмысы ұнады?

Бедерлеме  дұры с жасалды  ма? Қиындықтар  болды 

ма?

Сенің  бағыңдағы  

ағаштар не туралы сыбырласады? 

Өзін-өзі бағалауды ұсынады. Әліппе-альбомда бәрі сәтті болды,

жұмыс  мұқият, жақсы орындалды деп санасаңдар,

үш  қылқаламды; бірдеңе ұнамаса  не 

қиыншылықтар  болса, екі

қылқаламды; тапсырманы орындай алмадым деп ойласаңдар, бір қылқаламды  бояңдар.

Балалардың

жұмыстарын

орналастыру-ға  арналған стендәліппе-альбом , 

Просмотров: 2158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст