Тұрақты тіркестер: Е, Ж, И, К, Қ
Екі өкпесін қолына алу –
аяғы-аяғына жұқпау
Екі аяғын бір етікке тығу –
қысымға алу
Екі езуі екі құлағына жету –
қуану
Екі көзі төрт болды –
қорықты
(Бұл – кітапханаға баруға ерінетін
жалқау оқушыларға арналған пост)
Екі көзі шарасынан шығу
– қорқу
Екі қолынан демін алу –
болып, жетісіп отыру
Еңбегін сауды –
адал күн кешті
Еңсесі құру –
сағыну
Ер қаруы – бес қару – қылыш
найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар
Ереуіл атқа ер салу – елін
қорғануға асыну
Ернін шығарды – мазақтады
Ернінің емеурінін табу –
көңілін табу
Есек құрты мұртына түсу – баю
Етек-жеңін жию – есін жию
Етектен алу – кедергі жасау
Ешкімнің ала жібін аттамау –
қиянат жасамау
Жағадан алу – қылғындыру
Жағасын ұстау – таңдану
Жағы сембеді (тынбады) – көп
сөйледі
Жағына пышақ жанығандай – арық
Жайдың атқан тасындай – аса
құдіретті, мықты
Жалғанды жалпағынан басу –
молшылықта өмір сүру
Жанары кетті – көзінің нұры
кетті
Жанды жегідей жеу – қиналу
Жаны зәр түбіне жету – қорқу
Жаны сіріден жаралған екен –
мықты
Жанын қоярға жер таппау – әлек
болу
Жараның аузын алу – ескі дертті
еске түсіру
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу –
тыным таппау
Жауырынан жел өту – азап шегу
Жегенін желкесінен шығару –
сазайын беру
Желкесін қасу – қысылу, сасу
Жеме-жемге келгенде – шешуші
сәтте
Жер астынан жік шықты, қос құлағы
тік шықты – табан астынан бәле шықты
Жер аяғы қиянда (ит өлген жер, ит
арқасы қиянда, жер түбі) – алыс
Жер болу – ұялу
Жер жұту – жоқ болу
Жер қабу – өлу
Жер қаптыру – алдау
Жетім қыздың тойындай – елеусіз
Жұлдызы оңынан туу – жолы болу
Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу
Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу
Жүз тайысу – ұрысу
Жүзі қайту – тайсалу
Жүзі солу – жүдеу
Жүзіктің көзінен өткендей
– сұлу
Жүн терісін сыпыру – өлімші
етіп сабау, азаптау
Жүндей түтті – әбден сабады
Жүрегі алып ұшты (жүрегі аузына
тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыды
Жүрегінің түгі бар – батыр
Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз
Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? –
көп ұйықтағанға айтады
Жылан жалағандай – түк
қалдырмау
Жыланның басы қайту – аштығы
басылу
Жынынан айрылған бақсыдай – не
істерін білмеу, абдырап сасу
Жыртысын жырту – намысына
шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді
Жібі түзу – дұрыс адам
Жігері құм болу – шаршау, тауы
шағылу, жасып қалу
Жілігі шағылу – беті қайту
Зәрезап болу – жүрегі шайлығу,
үрейі ұшу
Зәрі қайту – уы тарқау
Зәріне міну – қаһарлану
Зығыры қайнау – ашулану
Иегі қышу – дәмелену
Ине шаншар жер жоқ – толық,
тығыз
Инемен құдық қазғандай – қиын,
ауыр
Инені жіпке тізу – бәле қуу
Иненің жасуындай – азғантай
Иненің көзінен өткендей – пысық
Ит арқасы құрысты – қайратқа
мінді
Ит байласа тұрғысыз – адам
тұрғысыз
Ит басына іркіт төгілу (ақ
түйенің қарны жарылу) – молшылық орнау
Ит болу – қор болу
Ит пен құстың арқасында – кім
көрінгеннің арқасында
Ит терісін басына қаптау –
ұрысу, балағаттау
Иттің қара тұмсығындай көру –
жек көру
Иттің құлы итақай – кім
көрінген, кез келген
Иығына су кету (иығы салбырау,
ұнжырғасы түсу, салысуға кету) – қажу, шаршау
Иығынан дем алу – мақтану
Иін тірескен – өте көп
Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе
сезбеу
Кәдеге асу – іске жарау
Кәріне міну – ашулану
Кебін кию – аяғын құшу
Кежегесі кейін тарту –
жалқаулану
Кендірі кесілді – көтерем болу
Кең балақ, жалпы етек – қолынан
іс келмейтін, олақ
Кең дүние тар болу – дүниеден
түңілу
Кердең басу – талқандау
Кескен жерінен қан шықпас –
қатал, ұятсыз адам
Кеудесіне шайтан кіру – азу
Көз байлау – алдау
Көз болу – ие болу
Көз жазып қалу – адасу
Көз қиығын салу – көздің ұшымен
қарау
Көз салу – қарау
Көз сүзу – телміру
Көзі шалу– байқау, аңдау
Көзге сүйел болу – жеккөрінішті
көріну
Көзге түртсе көргісіз – қараңғы
Көзден ғайып болу – жоқ болу
Көзді ашып-жұмғанша – тез
Көздің жауын алу – қызықтыру
Көздің шырымын алу – аздап
ұйықтау
Көзі (қарасы) батты – біржола
жоқ болды
Көзі алақандай болу – қорқу
Көзі ашылу – санасы ояну
Көзі жету – кәміл сену
Көзі тою – көңілі тою
Көзіне топырақ шашу – жамандық
жасау
Көзіне шөп салу – алдау
Көк айыл (долы) – ашушаң
Көк ала қойдай ету – сабау, ұру
Көк өрім – бала кез
Көкейін тесу – көп құмарту
Көкесін таныту – ұрып-соғу
Көкірегі қарс айрылу – қайғыру,
өкіну
Көлденең сөз – жағымсыз қауесет
Көрпеңе қарай көсіл – әліңе
қара
Күлге аунаған түйедей – шаң-шаң
Кірерге тесік таппау – ұялу
Кірпігінен қырау тамған –
қаһарлы
Кірпідей жиырылу – жақтырмау
Кірпік қаққанша – тез
Кірпік қақпау – ұйықтамау
Кіршік шалу – ойына ақау түсу
Қабағы кірбің тартты – ренжіді
Қабағын қырау шалу – қартаю
Қабағын қақпау – тез
Қабақ шытысты – ұрысты
Қабырғамен кеңесті – жақын
кісілермен келісті, өз-өзімен ойласты
Қабырғасы қайысу – қатты қиналу
Қадалған жерінен қан алу
– дегенін істету
Қаймағы бұзылмау – бірлігі
бұзылмау
Қайрауы жеткен – бабына келген
Қақпанның қанды аузын басу –
қолға мықтап түсу
Қалпақтай ұшу – құлап түсу
Қалтасына сену – байлығына сену
Қан жалау – таяқ жеу
Қанат біту – қарқын алу
Қанатын жазу – белгілі болу
Қанатын қию – сорлату
Қанды балақ – озбыр
Қаны қайнау – ашулану
Қанына сіңу – әдеттену
Қанына тарту – туысына ұқсау
Қара есекке теріс мінгізу –
артына кір келтіру
Қара жаяу емес – құр алақан
емес
Қармаққа түсу – ұсталу
Қас пен көздің арасында – тез
Қас қарайғанда – кешқұрым
Қауқары кету – шаршау
Қиқу салды – дабыл қақты
Қой аузынан шөп алмас – момын
Қой үстіне бозторғай
жұмыртқалау – тыныштық заман орнау
Қойға шапқан қасқырдай –
тас-талқан ету
Қол арту – ниет ету
Қол байлау болу – кедергі жасау
Қол беру – келісу
Қол жалғау (қол ұшын беру) –
көмектесу
Қол қусыру – бағыну, көну
Қолтыққа су бүрікті –
желіктірді
Қолы ашық – жомарт
Қолы жүру – сәті келу
Қу маңдай – сорлы
Қу мойын – арық
Қу сирақ – қыдырымпаз
Қу тамақ – аш өзек, нәпсі
Қу таңдай – сөзуар адам туралы
мысқыл
Құлағы тесік – әр нәрседен
хабардар адам
Құлағын бұрау – үгіттеу
Құлағын түру – назар салу
Құлағына кірмеу – ұқпау
Құлағыңның тесігі бар ма, жоқ
па? – кереңбісің?
Құлаққағыс ету – айтар ойдың
ұшын шығару
Құлаққа ұрған танадай –
тып-тыныш
Құлаш сермеу – ұмтылу
Құнт қылмау – ескермеу
Құралайды көзге атқан – мерген
Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру –
алдау
Құрығы ұзын – билігі күшті
Қызыл өңеш – даукес, сөзуар
Қызыл сирақ – кедей
Қызыл сөз – бос сөз
Қызыл сөзден бал жағу – мадақтау
Қызыл тіл – шешен
Қылышынан қан таму – қатігез
Қырық құрау – тозған
Қырық пышақ – араздасқан
Қысқа жіп күрмеуге келмейді –
кедейлік
Қысқа қол – жетіспеушілік
Қысыр әңгіме – бос сөз
Қытығына тию – ашуландыру