«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.11.2017

ТАҚЫРЫБЫ:  Сезім  мүшелері

Мектеп /МҰ: «Капитоновка  ОМ» 

КММ

Күні: 28.09.2017

Педагогтің  аты- жөні: Курмахан  М.

Сынып/топ:  0 «А»

Қатысқандар  саны:3

Қатыспағандар  саны:

ҰОҚ- ның  оқытылу  мақсаты

0.1.1.2. Адамның дене құрылысын білу

Күтілетін  нəтиже

Барлық  балалар  істей  алады:

Адамның дене құрылысын, сезім мүшелерін атайды

Көпшілік  балалар  істей  алады:

Адамның дене құрылысы туралы білімдерін қолданады;

көру, есту, дәм сезуді

сақтау туралы тәсілдерді біледі

Кейбір  балалар  істей  алады:

Көру, есту, дәм сезуді

сақтаудың ережесін түсіндіреді

Тілдік  мақсат

Дағдыларын дамыту:

Сезім мүшелерінің әрекетін

сипаттай алады.

Адам өмірі үшін көру мүмкіндігінің құндылығын біледі.

Көптілділік:көз – глаза – eyes

құлақ – ухо – ear

мұрын – нос – nose

тіл – язык – tongue

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: сезім мүшелері, көру, соқырлық, көз

алмасы, көздің сыртқы мөлдір қабығы, көз дәрігері, көзәйнек ілдірігі, алыстан

көрмеушілік, алыстан көрушілік, саңыраулық, нашар еститін.

Пікір алмасу сұрақтары:

Әлемді тану үшін адамға қандай

сезім мүшесі көмектеседі?

Ол қандай қызмет атқарады?

Көздің көруін сақтау үшін не жасау керек?

Көру мүмкіндігі бұзылуын қалпына келтіруге бола ма?

Өткен  ұйымдастырылған  оқу қызметінде  алған 

білім

Адамның  дене  құрылысы

 жайлы қарапайым түсінік.

Жоспар

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  іс-

əрекет

Ресурстар

I.Дұрыс

əсерлі көңіл күй орнату.

          0–2мин.

 

 

 

 

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату.

Саусақ жаттығуы: «Қайырлы таң, менің көздерім!»

– Қайырлы таң, менің көздерім!

Сендер ояндыңдар ма? (Сұқ

саусақтарымен көздерін сипайды, саусақтарымен «дүрбі» жасап, қарайды).

– Қайырлы таң, менің құлақтарым! Сендер ояндыңдар ма?

(Алақандарымен құлақтарын сипап, алақандарын құлақтарына қояды).

– Қайырлы таң, менің қолдарым! Сендер ояндыңдар ма? (Кезек-кезек қолдарын

сипалап, шапалақтайды).

– Қайырлы таң, менің аяқтарым! Сендер

ояндыңдар ма? (Тізелерін  уқалап,

аяқтарымен тарсылдатады).

– Қайырлы таң, алтын Күн! Мен ояндым! (Қолдарын жоғары көтеріп, Күнге

қарайды).

Көңілді музыка

әуені

II.Өмірлік  тəжірибені

маңыздандыру. Мақсатты болжам.

         2-5мин

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:Адамдар көреді, естиді, сөйлейді, ән 

шырқайды, тыныс алады. Адамға қандай дене мүшелері, қандай ағзалар осы

және басқа да әрекеттерді жасауға көмектеседі? Оларды адамның «мейірімді

көмекшілері» деп атауға бола ма?

Балалар талқылайды және педагог

олардың жауаптарын  қорытындылайды.

 

III.ҰОҚ  тақырыбы 

бойынша  жұмыс

         6 – 25 мин.

(Ұ) Ойын жағдайы:

Педагог балаларға көз алдарына

елестетуді ұсынады:

• Таңертең сағат шырылдады – тұратын уақыт болды.

(Сағаттың шырылын адам құлағының көмегімен естиді).

• Төсектен тұрғанда бөлме іші суық болса, киін. (Ауа температурасы  суық немесе жылы екенін адам сезім мүшесі –

тері  арқылы  біледі).

• Үйде кофенің

иісі пайда болды. Бұл анам асүйде таңғы ас әзірлеп  жатыр. (Кофенің иісін сезім мүшесі – мұрын арқылы біледі).

• Кофе тәтті емес, қант салу керек. (Кофе дәмін адам тілдің көмегі  арқылы  ажыратады).

Көшеде жаңбыр

жауып тұр, қолшатыр алу керек. (Ауа райының  өзгергенін адамға көру мүшесі – көз хабарлайды).

Қорытынды: Көз, құлақ,

мұрын, тіл, тері – адамның ең негізгі

көмекшілері. Адамның сезім мүшелері – көру, есту, сезу, түю –

толыққанды өмір сүруге және қоршаған ортаны танып-білуіне

көмектеседі. Сол себепті де біз олардымейірімді көмекшілер деп  атаймыз.

(Ұ, Ж) Проблемалық

сұрақ:

- Адам егер нашар көрсе немесе мүлдем көрмесе, өзін

қалай сезінер  еді?

Педагог көздерін жұмып, кез келген күнделікті жұмысты орындап  көруді ұсынады.

Ол бір баланың көзін байлап, сөмкесіне керекті оқу  құралдарын жинап салуды, ал басқа балаға киімдердің арасынан өз сыртқы киімін

тауып киінуді сұрайды.

Балалар көздерін жұмып, қараңғыда тұрғандай

сезініп, күнді, аспанды, шөпті, гүлді, жақын адамдардың түрін көре алмау,

яғни зағип болудың  ауыр екенін

елестетуге болатынын талқылайды.

(Ұ, Ж) Қорытынды: Қоршаған ортаны көру қабілеті –

адамның өте  құнды сезімдерінің бірі. Адам

өміріндегі барлық жаңалықтар көздің  көмегімен

қабылданады. Түрлі жағдайға байланысты көздің көруін  жоғалтуы немесе көрмей қалған жағдайда

адамдарға  қамқорлық көмек  көрсетіп, оларды  сыйлау  қажет.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.Сенің көзіңнің қаншалықты

жақсы  көретінін тексеріп, қажет болса,

медициналық көмек көрсететін кім?

Балалар суреттерді қарастырып,

көздерін тексерген дәрігердің  қабылдауында болғаны туралы

естеріне түсіріп, өз әсерлерімен бөліседі.

Қорытынды:Көздің көруін көз дәрігері –окулист тексереді.

Егер  адам нашар көрсе, жүйелі түрде

дәрігердің бақылауында болуы  керек.

Дәрігер қажеттілігіне қарай көзілдірік таңдайды және ем жазып береді.

Көптілділік:көз – глаза – eyes

(Ұ, Ж) Проблемалық сұрақ:

– Көздің көруін сақтау үшін не істеу қажет? Саған ата-анаң, педагог  және окулист  дәрігерлерің қандай  кеңестер мен ұсыныстар  береді? 

Педагог балалардың жауаптарын толықтырып  қорытындылайды.

• Үй тапсырмасын орындағанда, оқығанда, сурет

салғанда көз бен  қағаз арасында 30 см

қашықтықты сақтау керек.

• Қараңғыда немесе жарық жеткіліксіз жерде оқу көздің көру

қабілетін  төмендетеді.

• Теледидар көргенде  арақашықтық 3

метрдей  болуы  керек.

• Компьютерлік ойындарды ұзақ ойнауға болмайды. Компьютер  алдында жұмыс

жасау 30 минуттан аспауы керек.

• Жұмыс  үстінде  қайшы және

басқа үшкір заттармен көзді жарақаттап  алмас  үшін ұқыптылық  қажет.

• Кір қолмен көзді уқалауға болмайды.

(Ұ, Ж)көз бұлшық еттерін

нығайтуға арналған жаттығулар

ҰОҚ-ден кейін немесе жұмыс

арасында орындалады. Бұл жаттығу көз  бұлшық

еттерін нығайтуға, көздің көру қабілетін сақтауға  көмектеседі.

(Ж) Ойын: «Тауып көр».

Педагог балаларға өзінің не

жасағанын және ол қандай затпен

орындалғанын  табуды  ұсынады. Ол 

перде артынан ыдыспен немесе  балғамен

тарсылдатады, жылтыр қағазбен шытырлатады, кітап  беттерін қатты сапырып ашады, стақанға су

құяды және т.с.с. әрекеттер  жасайды.

– Менің не жасағанымды  қайдан  білдіңдер? Оны  білуге не көмектесті?

 

Педагог ақпараты:Құлақ – адамның есту мүшесі. Құлақ адамға  қоршаған орта дыбыстарын естіп, ажыратуға,

қабылдауға көмектеседі.  Оның көмегімен

адам дыбыстарды ажыратады, сөздерді түсінеді, басқа адамдармен қарым-қатынасы

жеңілдейді, құстың әнін, желдің  уілін,

күннің күркіреуін естиді.  Дені сау

адамдар үшін әлем ғажайып дыбыстарға толы, олар барлық  дыбыстарды естіп, оларға жауап бере алады.

Бірақ біздің арамызда нашар еститін, мүлде естімейтін адамдар да бар.

Саңыраулық – бұл  ауру. Бала туа біткен

саңырау болуы мүмкін.

Зақымдану мен аурудан кейін есту қабілетін

жоғалтып, саңырауға  айналуы мүмкін.

Саңырау болып туылған адам сөйлей алмайды. Біз  бұл адамдардың ешқандай қиындыққа қарамай,

бізбен бірге қуануына, өмір сүруіне көмектесуге міндеттіміз.

 

Көптілділік:құлақ – ухо – ear

 

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Жақсы есту үшін қалай сақтану

қажет?

Балалар сурет бойынша құлақты күту ережесін құрастырады. Педагог  балалардың жауаптарын тыңдап,

қорытындылайды.

Қорытынды:Адамның құлағы – күрделі мүше.

Сол себепті де

тазалық  шараларында абай болу қажет;

құлақты суық және желді  күндері, қатты

 шудан, дыбыстан  қорғау  керек.

1. Құлақты қаламмен, шырпымен, тағы сол сияқты

үшкір, қатты  заттармен шұқуға

болмайды. Бұл есту мүшесінің саулығы үшін қауіпті.

2. Құлағыңа бөгде зат түссе, үлкендерге немесе дәрігерге көрсету  керек.

3. Аязды күні жылы баскиім кию керек.

4. Сен еститін дыбыстар қатты болмауын қадағалау керек. Құлаққа  айғайлауға болмайды. Қатты дауыс естуді

нашарлатуы мүмкін.

(Ұ) Тәжірибе. Педагог  балаларға көздерін жұмып, кезекпен

үстел  үстіндегі заттарды: жуа,

сарымсақ, апельсин және т.б. иістері арқылы 

анықтауды  ұсынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптердегі

сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия.

25-30 минут

Балалар  шеңберге 

жиналады, қол  ұстасып,

достарына  жылы  сөздер айтып, барлық  адамдарға 

денсаулық пен  мейірім тілейді.


– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты 

білдіңдер? Сендерге не ұнады?

(Р) Балаларға ҰОҚ барысындағы

жұмыстарын сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды  ұсынамын.

– Егер сендер адамның  дене  құрылысы 

жайлы  түсінбесеңдер, онда

баспалдақтың  ең  төменгі 

сатысына

жабырқау  смайликтің  суретін 

салыңдар. Егер  барлығын  түсініп, жаңа  алған 

білімдеріңді айта алсаңдар, онда баспалдақтың  ең 

жоғарғы  сатысына көңілді  смайликтің 

суретін  салыңдар. Ал егерде өз

білімдеріңе сенімсіз  болсаңдар,

смайликтің  суретін  баспалдақтың

2-сатысына  салыңдар.

– Кім  смайликті 

баспалдақтың  қай  сатысына салды?  Неліктен?

Мүмкіндігіне 

қарай  түрлі  пікірлері тыңдалады.

 

Әліппе-дәптер

 

Просмотров: 2461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст