Сабақтың
тақырыбы:Менің оқу құралдарым.
Сабақ мақсаты:1.
Білімділік: Оқу құралдары туралы жаңа сөздерді меңгерту, түсінік беру,
грамматикалық тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету;2. Дамытушылық:
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауын арттыру;3. Тәрбиелік: Оқушының өз оқу
құралдарын ұқыпты қарауға және оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа
білім беру
Әдіс-тәсілдер:
сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекі
құралдары:суреттер, слайдтар, сызба
Сабақ барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа
дайындығын тексеру.
Психологиялық
жағдай қалыптастыру.Шаттық шеңбер құру,бір-бірлеріне тілектерін айту.
Үй жұмысын тексеру.икс
және нөл белгісін қою арқылы.икс белгісі дұрыс емес ,нөл белгісі дұрыс.9 сұрақ беріледі
.соны параққа белгілеп шығу керек.9\ 8 дұрыс болса 5,9\ 7дұрыс болса 4.9/ 6
дұрыс болса 3 бағасымен бағалайсындар.
1.Алма Алматының
символы.
2. «Бәйтерек»
монументі Алматы қаласында орналасқан.
3.Серік Сәпиев
боксшы.
4.піл-лев
5.Коньки жазғы
ойын.
6.терезе-окно
7. Жансая Әбдімәлік
шахматшы.
8. мереке-класс
9. Менің сыныбым
бірінші қабатта
ІІ Жаңа сабақ. Оқуышларға қалам,сызғыш
,қарындаштарды тарату арқылы топқа
бөліп алу.Бірдей құрал таңдаған оқушылар топтасып бірігіп отыру
Топқа қандай
заттармен бөлдім?(оқушылар жауабы)
Ендеше бүгінгі
тақырыбымыз оқу құралдары.
Мектепке алып
баратын.
Кітап, дәптер,
сызғыш,
Күнделік пен
ұштағыш.
Қалам, қорап,
қарындаш.
Айтыңдаршы балалар,
Мұны не деп
атайды?- осы өлең шумағымен сабақ мақсатын тақырыбын айтқыздыру. Ал оқу құралдарын бүгін біз не істей алуымыз керек?
Біз оқу құралдарын қазақ тілінде дұрыс айта алуымыз керек.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы: «Менің оқу құралдарым» деп аталады. Олай болса, дәптерлерімізді ашып,
бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазып алайық.
Жаңа сөздерімен
танысайық.
кітап –книга
сызғыш-линейка
өшіргіш –резинка
қорап –пенал
ұштағыш -точилка
күнделік – дневник
бастысы – главный
(-ая, -ое,-ые)
қарындаш-карандаш
түрлі түсті
қарандаш-цветной карандаш
желім-клей
Жаңа сөздерді қайталатып, дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Жаңа сөздерді Жаңа сөздерімен танысайық.Олармен сөз тіркесін құрастырып
көрейік немесе сөйлем.
Сергіту сәті.Кәне,
енді бір демалып алайық.
Балалар,бүгін бізге
Қазақ халқының ертегілерінің кейіпкері Алдар көсе қонаққа келді.Алдар көсе жай
келген жоқ ол өзінің бүгінгі сабағымыздың тақырбына байланысты тапсырмалар
дайындап әкеліпті.Бірақ ол кісінң топта жұмыс істеудің өзіндік ережесі бар
екен.Кәне тақтаға қарайық ережесімен танысайық.
Ережесі:
-Бір-бірін пікірін
сыйлау.
-Берілген
тапсырмаға барлығы қатысу.
-Уақытты үнемді
қолдану.
Бағалау өлщемі:
Жоғарғы ұпай : 5
-Жұмыстың тазалығы
-Ешбір қатесіз
орындалуы
-Топ жұмысын жақсы қорғап шығуы.
Ал енді Алдар
көсе тапсырмаларды таратып шығуды
сұрайды :Берілген ақ қағазға орындайсындар.Топтан бір адам шығып қорғайды.
1.Қалам тобына:2- тапсырма.Сәйкестендіріп оқы.
Кітапты жаз
Дәптерге өшір
Сызғышпен сал
Өшіргішпен ұшта
Сөмкеге аш
Ұштағышпен сыз
2.Сызғыш тобына:
3-тапсырма.Толықтырып
оқы.
1.Сызғыш сызу үшін керек.2.Кітап оқу үшін керек.3.Қалам жазу үшін керек.4.Қарындаш сурет салу үшін керек.5.Өшіргіш өшіру үшін керек.6.Ұштағыш ұштау үшін керек.7.Желім жапсыру үшін керек.8.Қайшы қию үшін керек.
3.Қарындаш тобына:
6- тапсырма.
Толықтырып айт.
Мен жазамын
Сен оқисың
Сіз қиясыз
Ол оқиды
Біз
ұштаймыз
Сендер
өшіресіндер
Сіздер сызасыздар
Олар
оқиды
Топтар қорғап
болғаннан кейін қалған топтар бірден стикерге жазып бағалап отырады.
Жалпы топқа.4 тапсырма.Мәтінді аудиозаписьтан тыңдату.Талқылап.Жұптасып бір
–бірлеріне мәтін бойынша сұрақтар қою.
Қорытындылау:5-тапсырма.Сұрақтарға жауап беру.
1.Сенің сөмкенде қандай оқу құралдары бар?
2.Олар не үшін керек?
3.Сенің оқу құралдарын қандай?
Бекіту:Өткен жаңа сөздерді бәрімен бірге қайталап оқып
шығу.
Алдымызға қойған мақсатты есімізге түсіріп,мақсатымызға
қол жеткіздік пе деп оқушылардан сұрау.
Үй жұмысы:7 тапсырма.
Рефлексия: «Бағдаршам»Егер бәрі түсінікті болса
жасылға,кідіріс болса сарыға, түсініксіз болса қызыл түсіне стикерлерді
жапсырып қоямыз.