«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыныптан тыс сабақ Тақырыбы: Математика көшбасшысы

05.01.2018

Іс – шараның түрі: Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: Математика көшбасшысы

Мақсаты: 

Математикалық білім қабілеттерін тексеру. Сыныптың көшбасшысын анықтау.

Оқушылардың шығармашылық, ойлау, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Тәртіп сақтауға

баулу.

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдістері: 9 бөлімнен тұратын тапсырмалар

Көрнекілігі: тірексызбалар

Сайыстың барысы

1.     

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

2.     

Психологиялық

дайындық: «Чунга – чанга» биі

3.     

Сайыс

-         

Сайыс ережесін айту

-         

Әділқазыларды

сайлау

-         

Сайыс бөлімдерімен

таныстыру

I.                  

 Бәйге

II.               

Полиглот

III.            

Көкпар

IV.            

Тапқырлық

V.               

Білімпаз

VI.            

Ойымды жалғастыр

VII.         

Сиқырлы шаршы

VIII.       Кім жүйрік?

IX.            

Жеңімпаз

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Математика ғылымы жайында,

Математика көшбасшысы сайысын

Бастаймыз!

I бөлім. «Бәйге»

 1 минутта қанша

көбейту кестесін айтып үлгереді.

II бөлім. «Полиглот»

Санды жұмбақтар шешіп, қазақ, орыс, ағылшын тілінде

жауабын атау

• Бір үйде тұрады екен 50 батыр,

   Үй сыртына

сүйкенсе – ақ өліп жатыр

• Ақ шапанын үстінен,

  6 ай бойы

шешпейді.

  Қара шапан

үстінен,

  6 ай бойы

түспейді.

 • 64 тең бөлмеде

   32 тұрғын бар.

   Ақ, қара қып

бөлгенде,

   Бірін – бірі

қуғандар

• Қос құлақты, 100 тісті,

  Жүзінен бір – ақ

із түсті.

• Сақталады 6 ай жаз,

  Сандығымда сары

аяз

• 1 санға өсірді,

  Өзі қалды

орнында,

  Бізді алға

көшірді.

• Қалқиып екі құлағы,

  Елеңдеп, қорқып

тұрады.

• Болса көкте мекені, кездеспейді екеуі

• Кезікті бір жануар.

   Үстінде екі тауы

бар

III бөлім. «Көкпар»

  Тақтада ілулі

тұрған аттардың тапсырмасын орындайды.

1 оқушы сайыстан шығады.

IV бөлім. «Тапқырлық»

Логикалық есептер шешу

1.     

Егер тырна 2

аяғымен тұрса 4 кг болады, ал 1 аяғымен тұрса оның салмағы қанша?

2.     

Үстел беті

төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

3.     

Төрт қойдың неше

аяғы бар?

4.     

Ағаш үстінде 100

торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалды?

5.     

1 жұмыртқа 5 минут

піссе, 3 жұмыртқа неше минутта піседі?

6.     

Бөлменің 4

бұрышында 4 мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы

неше мысық бар?

7.     

Бір жанұяның 5

баласы бар және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар?

V бөлім. «Білімпаз»

Өлең есептер шығару

1.     

Су құйып ем

астауға,

Үш қаз ұшты аспанға.

Үш торғай, бір қазан,

Екі үйрек, бір сазан.

Қосылды кеп бұларға

Бір көксерке, бір қарға,

Айт, неше құс ұшып жүр?

2.     

Портфелімде әуелі,

13 жаңғақ бар еді.

Науат пенен Маратқа,

Самат пенен Сағатқа,

Анасына Қанаттың,

Екі – екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын,

Айта қойшы, ал жаным!

3.     

Үйге жұмсап Жарқынды,

Алдырдық біз үш түйе.

Қос қап бидай артылды,

Әр түйенің үстіне.

Тапқыр болсаң ал, санап

Бидай алдық қанша қап?

4.     

Әсел шұлық тоқып

отыр,

Ләйлә сабақ оқып отыр,

Сара сырмақ сырып отыр,

Нұрлан өрмек құрып отыр,

Бекен отын тасып жатыр.

Дәрия қазан асып жатыр,

Қуыршағын жуындырып,

Ләззат отыр киіндіріп.

Алданбайды Мұрат бірақ,

Анасынан кәмпит сұрап,

«Жоқ» десе де қоймай жатыр,

Бірер талға тоймай жатыр.

Қанша бала ойнап отыр?

Қанша бала тоймай жатыр?

1 оқушы сайыстан шығады.

VI бөлім. «Ойымды жалғастыр»

1.     

Жеті жұрттың тілін

біл...

2.     

Білекті бірді

жығады...

3.     

Екі жақсы қас

болмас...

4.     

Досыңды үш күн

сынама...

5.     

Жүз теңгең

болғанша...

6.     

Білгенің бір

тоғыз...

7.     

Бір кісі қазған

құдықтан...

VII бөлім. «Сиқырлы шаршы»

1 оқушы шығады

Шаршылардағы амалдарды есептеу

VIII бөлім. «Кім жүйрік?»

Видеосұрақтарға жауап беру.

IХ. Жеңімпаз.

-         

Санға байланысты

нақты қандай мәліметтер бар?

IV. Қорытынды.

-         

Жеңімпазды

құттықтау

-         

Сайыста не қиынға

соқты?

-         

Оқушыларға сәттілік

тілеу.

 

 

 

 

Просмотров: 627


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст