Тақырыбы: Менің сүйікті достарым |
Мектеп/Мұ: «Капитоновка ОМ» КММ | |||
Күні: 11.12.2017 |
Педагогтің аты-жөні: Курмахан М. | |||
Сынып/ 0 «А» |
Қатысқан балалар саны: 3 |
Қатыспаған балалар саны: 0 | ||
ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты: |
0.1.1.5. Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату. 0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу. 0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау | |||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: | |||
Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату. | ||||
Көпшілік балалар: | ||||
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу. | ||||
Кейбір балалар: | ||||
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау | ||||
Тілдік мақсат
|
Балалар: Таныс әндердің не туралы екенін айта алады. Әннің көңіл күйін, әнде не туралы айтылғанын әңгімелейді. Көптілділік: дос – друг – friend. негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Таныс әуен, қарапайым әуен, сүйемелдеумен, сүйемелсіз. Пікір алмасу сұрақтары: Музыка әуеніне ілесіп қимыл жасағанды ұнатасың ба? Саған қандай әндер ұнайды? Музыка тыңдағанды ұнатасың ба? Көбіне қандай музыкалар тыңдайсың? | |||
Өткен ҰОҚ-нен алған білім |
Балалар өткен сабақта әннің не және кім туралы айтылғанын естеріне түсіреді. Балалар тыңдаған музыкалары жайында өздерінің пікірлерін ортаға салады. | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | ||
Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-2 минут
|
Балалар музыка әуенімен шеңбер бойымен жүріп, жеңіл музыка ойналғанда жеңіл жүгіреді. Шаттық шеңберін жасап, алақандарын тигізіп, бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді. |
| ||
Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам 3-5 минут |
Қуаныш сұрақ қояды: Дос деген кім? – Балалар, сендер бір-біріңмен доссыңдар ма? «Достық» пен «дос» туралы білгендерің дұрыс. Достық – араларыңдағы татулық, дос – жаныңдағы бірге ойнап жүрген бала. Жаныңда жақын достарың мен айналаңда ата-аналарың болған кезде нағыз бақытты баласыңдар |
Жүздері бал-бұл жанған бақытты балалардың суреттері | ||
ҰОҚ-нің ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут |
(Т) Музыка тыңдау: «Балалардың бақыты» (муз. Б. Әлімжан, сөзі С. Мәуленов). Әнді тыңдай отырып мазмұны не туралы екенін сұрау. «Бақыт» деген сөздің айналасында балалармен пікірталас жүргізу. -Сендер өздеріңді қай кезде бақытты санайсыңдар? -Ән көңілді ме әлде көңілсіз бе? -Қандай екпінде айтылып отыр? (Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Телқоңыр» (Сүгір). «Телқоңыр» күйінің негізгі әуенін «да» буынында орындау. Жақ сүйектері еркін қимылдайды, ауызды кең, дөңгелете ашады. (Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Соқыртеке» (муз. А. Тани, сөзі А. Естенов). Әуен мен мәтінді дұрыс айта жүріп қимылдар жасау. Балалардың қалауы бойынша импровизация жасау, өңдеу, әрлеу. (Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс: 2-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Әннің көңіл күйі, ырғағы қандай? Ән не туралы? Суреттегі баланың қай түрі әннің сипатына сәйкес келеді? Дөңгелекті бояп белгіле. рыңмен қалай ойнайсың? Бұлбұл әдемі ән салады. Оның дауысы жіңішке, жоғары. Ал аюдың даусы жуан және төмен. Оларды дауыстарына лайықты түбірлердің қайсысына отырғызар едің? Сызықты қосып көрсет. Мәнерлі би қимылдарын жасау үшін кімге қандай аяқкиім сәйкес келеді? |
«Балалардың бақыты» әні
«Телқоңыр» күйі
«Соқыртеке» әні
Әліппе-дәптер
| ||
ҰОҚ-нің қорытындысы. Рефлексия 28-30 минут |
(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау. – Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле |
Әліппе-дәптер,
|