3-сыныпта
дүниетану
пәнінен факультатив
курсын өткізу
анықтамасы
2013 – 2014 оқу
жылы
Факультатив
курсы аптасына
1 сағат,
жылына 34 сағат өткізіледі.
Тақырыбы: Мен
және табиғат
3-сыныпта тақырыптық-күнтізбелік жоспар
бойынша көптеген сабақтар
өткізілді. Жалпы «Дүниетану»
пәні 11 тараудан
тұратын болса, осы
факультатив курсын да
11 тарауға бөліп,
жоспар және мақсат, міндеттер құрылды.
Олар:
«Адам»,
«Табиғат», «Денелер. Заттар.
Құбылыстар», «Ауа. Су. Ауа райы», «Пайдалы
қазбалар», «Өсімдіктер», «Жануарлар»,
«Отбасы», «Мектеп», «Туған
қалам(ауылым)», «Біздің Отан»
деп аталады. Әр
тараудан соң оқушылардың
білімін анықтау тестілерін
өткізіліп тұрды.
Бұл
факультативтің жалпы мақсаты:
- Қоршаған
ортаның әртүрлі нысандары
мен құбылыстарын оқып-үйренуге
бағытталған танымдық іс-әрекеттердің әдістері
мен тәсілдерін біртіндеп
меңгеруін қарастыру;
- оқушылардың
бойында жалпыадамзаттық құндылық
ретінде табиғат, адамды
қоршаған әлеуметтік орта,
табиғат пен қоғамның
бір-бірімен байланысы және
өзара тәуелділігі түсініктері
туралы білім жүйесін
қалыптастыру.
Міндеттері:
-қоршаған
ортаны құраушылардың біртұтастығы мен өзара
байланысы туралы қарапайым
түсініктер қалыптастыру;
-оқушыларға
құндылықтар жүйесі, әлеуметтік
ортадағы мінез-құлық және
қауіпсіздік нормалары және
экологиялық мәдениет туралы
алғашқы түсінік беру.
Осы мақсат пен
міндеттер бойынша жұмыс
жасай отырып, оқушылар адамның
ағзасының құрылысы туралы
жалпы түсініктер,
тірі
және өлі табиғат
денелеріне бақылау жасауды, дене
туралы алғашқы түсінік пен
табиғаттағы құбылысты, ауа мен
судың маңызы, тау
жыныстары туралы алғашқы
түсінік, өсімдіктер түрлері
туралы, құрлық және су
жануарлары туралы, адамдардың өзара
қарым-қатынастары, мектептегі
мінез-құлық ережесі, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің
маңызы, мерекелер және
салт-дәстүрлері туралы түсініктер
алды.
Нәтижесінде дүниетану
пәніне қатысты халықаралық
«Пони» интеллектуалдық
турниріне қатысты. Республикалық
«Ақбота» зияткерлік сайысына қатысты.
Мектепішілік пәндер олимпиада-сында дүниетану
пәні бойынша қатысып
жүлделі орындарға ие
болды.
Мұғалім:_________Курмахан М.
1 – 3 шағын жинақты сыныптарында математика
пәнінен факультатив
курсын өткізу
анықтамасы
2013 – 2014 оқу
жылы
Факультатив
курсы аптасына
1 сағат,
жылына 34 сағат өткізіледі.
Тақырыбы: Қызықты
математика
Бұл
факультатив курсының мазмұны
әр жыл басында
тірек білім- білік және
дағдыларды белсендендіруді көздейді.
Бұрынғы өтілген материалдарды
бекіту негізінде жаңа
мәліметтерді енгізу арқылы
оны үнемі дамыту
жүзеге асырылады.
Математиканың вариативті мектептік
компоненті пәнді тереңдете
оқытуға бағытталған. Пәнді
тереңдете оқытуда стандартты
емес қызықты есептерді,
қиындығы жоғары есептерді
шешу, тиімді есептеу
тәсілдері, сандардың бөлінгіштігі,
ықтималдықтар теориясы мен математикалық
статистиканың элементтері және
т.б. бағыттар жүзеге асырылды.
Мақсаты:
мемлекеттік
білім стандарты деңгейде
білім, білік және дағдыларды
игерту;
пән
мазмұны арқылы танымдық
және коммуникативтік іс-әрекетке, өздігінен білім
алуға және еңбекке бейімдеу,
сондай-ақ ата-дәстүр,
әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық
және ұлттық болмысты
жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен
үндестіру арқылы баланы
тұлға етіп қалыптастыру;
оқушының
ақыл-ойының математикалық стилін,
интеллектуалдық және ерік
пен сезімге қатысты
сапаларын дамыту.
Міндеті:
Вариативті оқушылық компоненті
стандарт деңгейінде бағдарлама
мазмұнын меңгеру барысын
түзетуді көздейді.
Факультатив курс барысында
«Қызықты математика» жұмыс
дәптері және математика
пәнінде қиындығы жоғары
тапсырма-ларымен жұмыс жасалды.
Бағдарлама бойынша тест
жұмыстары құрастырылып, білім
деңгейлері анықталып отырды.
Нәтижесінде 4 оқушы республикалық
«Ақбота» интеллектуалдық сайысына
қатысты. Мектепішілік пәндік
олимпиада ұйымдасты-рылып, оқушылар
жүлделі орындарға ие
болды. 2 оқушы Аудандық «Білімдар»
сайысына қатысып жақсы
көрсеткіштер көрсетті.
Мұғалім:_______Курмахан
М.
1 – 3 шағын жинақты сыныптарында үйірме
жұмысын өткізу анықтамасы
2013 – 2014 оқу
жылы
Үйірме аптасына
1 сағат, жылына 34 сағат
өткізіледі.
Тақырыбы: Көркем
қимыл
1-3 шағын жинақты
сыныбында ритмикадан үйірме
жұмысын ұйымдастырып көптеген
қызықты сабақтар өткізілді. Үйірме құрамында
10 оқушы болды.
Ритмика жалпы
қозғалыс белсенділігін арттырумен
қатар ақыл-ой белсенділігін
дамытуға үлкен әсерін
тигізеді. Осы үйірме
жұмысын алуда мынадай
мақсаттар қойып жұмыс
жасалды.
оқушылардың
қозғалыс белсенділігін арттыру,
ақыл-ой белсенділігін дамыту;
дене
бітімінің сымбатты болып
өсуіне, жүрек-қан тамырларының, жүйке
жүйесінің дұрыс қалыптасуы;
қимыл-қозғалысын
қалыптастыру, музыка ритмін
сезінуге үйрету, өзара
және айналасымен қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру.
Үйірме құрылымы
көңілді жаттығулар, жалпы
дамытушылық жаттығулар (ЖДЖ)
, диско-билерден тұрады.
Үйірмеде балалар
жалпы ритмика туралы
түсінік алды. Би
жүрістері, бидегі аяқ
және қол ұстанымдарының негізгі
ережелерін үйренді. Музыка
арқылы көңілді қимылдар
және ертегі желісі
бойынша музыкалық қимылдар
жасады. Музыкалық-ритмикалық ойындар
ойналды. Әртүрлі халықтар
биін бейнежазбадан тамашалады. Үйірме барысында
қазақ халқының ұлттық
биі «Қара жорға», «Көбелектер», «Домбыра», «Аққу» сияқты
билер үйренді.
Нәтижесінде, «Ақмола жұлдыздары»
көркемөнерпаздар байқауында «Қара жорға», «Аққу» билерін
биледі. «Алло, біз
дарындарды іздейміз» конкурсында
«Көбелектер» биін, 8 наурыз
халықаралық әйелдер мерекесінде
«Домбыра», «Көбелектер» биін биледі.
Әр мереке сайын
өнерлерін ортаға салып
отырды.
Жалпы бұл
үйірменің баланың физикалық
және психологиялық дамуына
әсері мол болды.
Мұғалім:_______Курмахан М.