Мектеп- «Капитоновка
ОМ» КММ
Мерзiм: 12.02.2018
ж.
Тақырып: Алтын
жүректі анамыз. Сара Алпысқызы
Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген мейірімділік сабағы.
Құндылық: Дұрыс әрекет, сүйіспеншілік
Қасиеттері: Сыйластық, бауырмалдық, мейірімділік, татулық, қамқорлық.
Мұғалiм – Курмахан М.
Сынып: мемлекеттік
тілде оқытылатын
барлық сыныптар
Сабақ мақсаты: Балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге , ата-анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген сүйіспеншілік,махаббат достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудиодискісі, Сара Алпысқызы туралы бейнежазба |
Сабақ барысы:
Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Тақырыпты ашып алу үшін мына сұрақтарды қоямын. Әлемде сүйіспеншілік болмаса не болар еді? Жақсы көрудің мәні неде? Адамдарды не үшін, қандай қасиеттері үшін жақсы көресің? |
Сабақ барысын талдау: |
Әңгімелеу мұғалім Қымбатты балалар! Біз бүгін «Алтын жүректі анамыз» атты мейірімділік сабағын бастаймыз. Сонымен бірге бұл сабақтың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол-«Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан-сапалы қайырымдылық қызметіне, Сара Алпысқызының туған күніне арналады. Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған.Жоғары білімді экономист. 1992 жылдан бастап балаларға рухани,адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Сара Алпысқызы –қоғамның,адамның рухани адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама құрды 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзатты ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды. Сара Алпысқызы жалпы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың қайта өрлеу «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы болып табылды. «Өзін-өзі танудың» философиясына ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы «Алтын» медальға ие болды.2010 жылы аналар мен балаларды қорғаудағы,Қазақстанның жас ұрпағына рухани тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достық жұлдызы» сыйлығы табыс етілді,бұл марапатты тұңғыш рет Сара Алпысқызы иеленіп отыр. |
Слайдпен жұмыс |
Мәтінмен жұмыс Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып, оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екендігіне назар аударады, өзара пікір алмасады. «Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым.Актриса болуды армандадым, рас,актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ,адамдарды бір-бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен».
(Сара Алпысқызы) |
Интерактивті тақта |
Қорытынды Сара Алпысқызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін-өзі тануына, өзін-өзі сыйлай білуіне,шын ниет,адал жүрекпен басталған істің нәтижелі болатынын ұғындырады.Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасалған әрекетіне байланысты болады.Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге,ата-анасына,ең жақын адамдарына,жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат,достық сенімді ізгілік қасиеттерін дамыта түседі. |
|
Шығармашылық жұмыс, (ҰЖ). Сөздерді дұрыс құрастыру Қағаз қиындыларындағы сөздерді дұрыс ретімен орналастырып, Сара Алпысқызы Назарбаеваның даналық сөзін құрастыру.
|
Сөздер жазылған қағаз қиындыла-ры, А3 парағы |
Оқушылар Сара Алпысқызына арналған өлеңдерді оқиды. 1-оқушы: Жүрегі кең, ақ пейілді, дара анам ,
Шәкірттерің биік өрге самғаған .
Шуақ шашып жер жүзіне мейірімің ,
Ел, Анасы атандың сен , Сара апам! 2-оқушы: Бөбектердің былдырлаған тілдері,
Еліміздің қуанышы гүлдері.
Тарихында қазағымның жасасын,
«Бөбек» қоры еліміздің бүгінгі.
Алақаның ыстық сенің аялы,
Кең пейілді, мейірімді анасыз.
Пана болып бауырыңа тарттың сен,
Барша жұрттың жетім қалған баласын. 3-оқушы: Сара апа қадір тұтар қасиетіңіз,
Бізге қымбат әр айтқан өсиетіңіз.
Сіздің әрбір ісіңізден өнеге алып,
Әрқашанда алдыңызда бас иеміз,
Әрбір айтқан ақылыңыз шуақ бізге.
Бойыма күш бергендей қуат табам,
Шын көңілмен, мен бүгін өзіңе арнап.
Жүрегімнің түбінен жыр ақтарам. 4-оқушы: Күн шуағын төккен жан,
Жүрегі қандай мейірімді. Сара анамыздың балаларға,
Күндей жылы жүрегі.
Күн нұрынан жаралған,
Шуағы бізге таралған.
Мейірбан, Сара анамыз,
Жаралған нұрдан пейілі. 5-оқушы: Бір өзіңсіз бүкіл елдің анасы,
Барлық бала, барлық жанның панасы.
Құшағына қалай ғана сыйды екен,
Бүкіл елдің «Қазақ» атты баласы.
Алақаның аялы, құшағы кең,
Сендей адам табылмас жер жүзінен. 6-оқушы: Сізді көрсем бақытта көрінеді,
Сіз арқылы бақытым өріледі.
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы,
Ажыраттым ақ-қараны өмірдегі. 7-оқушы: Ел аман,жұртымыз тыныш болып,
Басымыздан бақ құсы кетпесін мүлде.
Құтты болсын туған күнің Сара апа,
Әрқашан бақытты бол жан апа.
Арманыңыз орындалып әрқашан,
Аспаныңыз ашық болсын әрдайым. |
|
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка қосылады. Балалар енді бір сәтке тынышталып көзімізді жұмып,ішімізден Сара анамызға, өз аналарымызға , жақын адамдарымызға ең ізгі тілектерді тілейік.Ал енді көзімізді ашып , кім қандай тілек айтқанын тыңдайық. |
|