"Капитоновка ОМ" КММ "Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі" аясында "Бөбек" қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы, Қазақстанның Бірінші Ханымы, "Өзін-өзі тану" жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік білім жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай "Алтын жүректі анамыз" атты ашық сабақ ұйымдастырылды. Ашық сабақта оқушыларға Сара Алпысқызының өмірбаяны және жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік білім жобасында атқарған еңбектері, сонымен қатар, адамзат бойына мейірімділік, сүйіспеншілік т.б. рухани құндылықтарды қалыптастырудың мәні жөнінде әңгіме өрбіді. Оқушылар бар ынтасымен қызығушылықпен қатысты.