19.04.2023
Ресурстық орталықтағы 8 сыныбыптағы биология сабағы
Сабақтың тақырыбы: «Адамның қоршаған ортаға әсері және оған қоршаған ортаның әсері»
Мақсаты: оқушылардың әртүрлі ақпарат көздерінен білімдерді өз бетінше алу, оны өңдеу және белгілі бір жағдайда, болашақ кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдану қабілеттерін дамыту.
Тапсырмалар:
тақырып бойынша экологиялық білімдерін жалпылау, кеңейту және тереңдету;
оқушыларды экологиялық проблемалармен арнайы айналысатын адамдардың негізгі ұйымдарымен және кәсіптерімен таныстыру;
Қазақстан қалаларының кәсіпорындары, экологиялық жағдайы, ауданымыздың экожүйелерінің антропогендік өзгерістерін анықтау және оны жақсарту шаралары туралы білімдерін кеңейтуге үлес қосу;
талдау, жинақтау, қорытынды жасау, аудиториямен сөйлесу қабілеттерін дамыту;
басқа адамдардың пікіріне шыдамдылыққа, ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
болашақ еңбек әрекетінде мақсатқа сай экологиялық тәртіпті қалыптастыру.
Биология пәнінің мұғалімі: Дунина Наталья Владимировна