31.01.2023
30 қаңтарда акт залында жаратылыстану ғылымдарының «МИФ» онкүндігі басталды
Мақсаттар:
Оқушылардың нақты ғылымдар пәндері бойынша даму деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту;
Оқушылардың математика, физика, информатика пәндеріне деген қызығушылығын дамыту;
Оқушылардың математика, физика, информатика пәндеріндегі ақпаратты күнделікті өмірде пайдалану туралы түсініктерін тереңдету;
Ойлау дербестігін, ерік-жігерін, мақсатқа жетудегі табандылығын, ұжым алдындағы өз жұмысына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Тапсырмалар:
Сыныптан тыс жұмыстарды дайындау, ұйымдастыру және өткізу процесінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру;
Оқушыларды өз бетінше шығармашылық әрекетке баулу.
Шығармашылық қабілеті бар оқушыларды анықтау, математика, физика, информатика пәндерін тереңдетіп оқуға ұмтылу.