6 қыркүйек күні 9 "Б" сыныбында "Төлеген Қажыбай – шындықты жырлаған ақын "тақырыбында" парасаттылық сағаты " өтті.
Белгілі тұлғалардың еңбектері арқылы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 1-9 қыркүйек аралығында ақын, жазушы, журналист және қоғам қайраткері Төлеген Қажыбайға арналған "парасаттылық сағатын" өткізеді.
Төлеген Қажыбай еңбек жолын 1966 жылы облыстық "Көкшетау правдасы"газетінің әдеби қызметкері қызметінен бастады. Ол қарапайым жұмысшыдан бас редакторға дейінгі қиын жолдан өтті. Төлеген Қажыбай өмірінің соңғы күніне дейін " Бұқпа"газетінің редакторының қызметің атқарды.