«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылға арналған Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

28.02.2022

2021 жылға арналған

Мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

 

1. Жалпы ережелер

          1)Көрсетілген қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы Капитоновка ауылының білім бөлімі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

Заңды мекенжайы Ақмола облысы Бұланды ауданы Капитоновка ауылы Балуан Шолақ көшесі №4.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Капитоновка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ

10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылы ведомствоға байланысты білім беру ұйымдары мен басқарма 100 қызметті көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 54;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 1;

қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны – 45.

2020 жылы 52 қызмет көрсетілді

 арқылы көрсетілген ақтауға" -31 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-0 қызмет;

 қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 21 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою";

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну";

  2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған.Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2021 жылы педагогикалық кеңес аясында 2 семинар, жалпы мектептік ата-аналар жиналысында 2 түсіндіру сұхбаты өткізілді. Ай сайынғы негізде мектептің интернет – ресурсы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы педагогтар мен ата-аналарды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "Күншуақ" шағын орталығы бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 2 мемлекеттік қызмет іске асырылады.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мектепте Мемлекеттік қызметтерді 4 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 2019 жылы 1 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің Капитоновка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы қанағаттанарлық деңгейде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

  Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2022 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

 

 

                    Мектеп директоры:                  А.К. Казкенова

 

 

 

 

 

 

 

 

Орынд. Н.В. Литвякова

Тел.32-2-41

Просмотров: 351


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст