Текст
08.04.2026
"Күншуақ" шағын орталығының тәрбиеленушілері инклюзивті білім беру онкүндігі аясында «Көк түске боя – сенің қолыңнан келеді!» челленджіне қатысты.💙🩵💙🩵💙
Бұл акцияны балалар қызығушылықпен қолдап, аутизм тақырыбына және әр адамды қабылдаудың маңыздылығына назар аударуға атсалысты. Әңгіме барысында балалар барлық адамдардың әртүрлі екенін, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар екенін, бірақ достық, құрмет, ережелер мен заңдар – барлығына ортақ екенін білді.
Іс-шара соңында тәрбиеленушілер аутизмнің символы – аюды көк түске бояп, өздерінің қолдауын, мейірімділігі мен әлемге ашықтығын білдірді.
Мұндай іс-шаралар балалардың айырмашылықтарға қарамастан, түсіністік, төзімділік және дос бола білу қабілетін қалыптастыруға көмектеседі 💙💙💙💙💙