«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты

02.02.2026 Сынып сағаты: «Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам» 💻🎮🖥️💽💾💿📂 Қауіпсіз интернет күні қарсаңында және "Адал Азамат" бағдарламасы аясында 10-сыныпта цифрлық қауіпсіздік және интернеттегі жауапты мінез-құлық мәселелеріне арналған сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар цифрлық кеңістікте қандай қауіптерге тап болуы мүмкін екенін талқылап, қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажыратуды үйренді, сондай-ақ күнделікті онлайн өмірден нақты мысалдарды талдады. Балалар интерактивті тапсырмаларға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді және интернетте жұмыс істеу кезінде салмақты шешім қабылдауды үйренді. Жеке деректерді қорғауға, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасауға, сілтемелерге өтуге және құпия сөздерді пайдалануға ерекше назар аударылды. 📄 Сынып сағатының соңында оқушылар интернет беттеріндегі қауіпсіздік туралы жадынамамен, яғни желіде аман қалуға арналған нұсқаулықпен танысты.
Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст