Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі:Капитоновка ОМ
Күні: 28..10.20
№: 9
Мұғалімі: Казкенова Н.К.
Сыныбы: 10
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адамның жан сұлулығы
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Шынайылық, жанашырлық, жан сұлулығы
Мақсаты: Оқушыларға ішкі және сыртқы сұлулық туралы айта отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.http://oilar.kz |
Сабақтың барысы:
Жағымды күйге келу. Жаттығу. «Менің таңбам» 15ғ ІІ жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбалардың адамның жеке ерекшелігін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Қазір өз-өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар. Ол бес бөлікке бөлінген. Таңба формасы өз еріктеріңмен, сөз, сурет, символ арқылы көрсетесіңдер. Таңба мына критерийлерге жауап беруі тиіс:
Мен жақсы істей аламын Өзімді жақсы сезінетін орта Ең үлкен жетістігім Мен сенетін үш адам Өзім туралы естігім келетін үш сөз
1. №8 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №9, «Ақиқаттан аттауға болмайды» мәтінін оқып келу. Сұрақтар:
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі. «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек» Виктор Гюго Виктор Гюго (фр. Victor Marie Hugo) (1802-1885) – дүние жүзіндегі ең көп оқылатын прозашылардың бірі. Ол отандастары үшін ең әуелі өз ұлтының ұлы ақыны, француз өлеңінің, драматургиясының реформаторы, сондай-ақ көсемсөз шебері, публицист-патриот, саясаткер-демократ. Сұрақтар:
|
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Ы.Алтынсарин Алтын шекілдеуік Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады. Шешесі айтты: - Бұл шекілдеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады: - Мен қара шекілдеуіктерді алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар- деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шекілдеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шекілдеуіктерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады. Сондаатасы айтты: - Бұл шекілдеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шекілдеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар,- деді. Сұрақтар 1. Лена қандай жеміске қызықты? 2. Неге Ленаның таңдауы дұрыс болмады? 3. Ленаның атасы қандай кеңес берді? 4. Адамның асылы ішінде болу үшін қандай қасиеттер мен құндылық болу қажет? 5. Қасында отырған сыныптасының бойындағы қасиеттерін ата. Ол қандай сұлулық түріне жатқызылады? |
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Өнер туындыларымен танысып, «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» немесе «Қара қылды қақ жарғандар» тақырыбында пікір алысу жүргізіңіздер.
|
|
6. Топпен ән айту. Қазақ елі Сөзі Шөмішбай Сариевтікі Әні Сейдулла Бәйтерековтікі Қазағым сенсің қазақ – ұлы елім, Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім. Мақтанам, қазағым, мақтанышым, Тәуелсіздік таңы атқан үшін. Қазағым, сенсің тауым асқарым, Самғасаң сенсің ұшар аспаным. Жұлдызы, айы аман, күні аман, Туған жерім – сенсің ұлы анам. Қазақ жері – бұл Қазақстан Жаса мәңгі гүл Қазақстан. Келешекке туған елім менің, Қолым беріп тұр менің Қазақстан. Бір мен үшін сенен басқа жер жоқ. Жер бетінде сенен басқа ел жоқ. Арманым, тағдырым – қазақ жерім Әнұраным, туым, қазақ елім. Қазақ елі ұлы көште, Дария тағдыр суын кеште. Қазақ жері, кең далам да осы, Біз балаңбыз туып өскен. Қазағым, туып өскен мекенім, Қастерлеп сені мәңгі өтем. Туым да, далам да қазақ жері Жаса мәңгі, қазақ елі. |
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №9 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №10, «Ақыл» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|