Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық
жиынтық бағалаудың спецификациясы
7-сынып
Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты....................................................................... 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар............................... 3
3. Күтілетін нәтижелер................................................................................................................... 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі.................................................................................................... 4
5.
Жиынтық
бағалауды өткізу ережесі.......................................................................................... 5
6.
Модерация
және балл қою......................................................................................................... 5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................... 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................ 16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................. 26
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................. 37
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу
жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім,
білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан
ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі (бірінші тіл)» пәні бойынша (орта білім
беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
3. Күтілетін нәтижелер Тыңдалым және айтылым:
білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық,
әлеуметтік-мәдени, оқу- кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу
тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды;
әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым- қатынасты жүзеге асырады;
тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін
түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және
диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог
құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып,
әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы
бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық,
стилистикалық нормаларды сақтайды.
Оқылым:
білім алушы әр түрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі
мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық,
графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын
түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін
оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу
стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады,
оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық,
әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық,
лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен
фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан
мәтінді бағалайды.
Жазылым:
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай
отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты
ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде,
баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып,
өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады;
әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық- композициялық,
тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып
мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым,
күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және
стилистикалық нормаларды сақтайды.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы |
Ойлау дағдылары ның деңгейі |
Сипаттама |
Сұрақтар түрі |
Тыңдалым мен айтылым |
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары |
- тақырыптық мәтіндерді түсінеді; - сөйлесу ерекшеліктерін таниды; - ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; - тілдік құралдарды пайдаланады; - әңгімеге, диалогке қатысады; - ақпаратты жинақтайды; - монолог құрастырады, өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; - сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; - мәтін мазмұнына болжау жасайды; - грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды. |
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Оқылым және әдеби тіл нормалары |
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары |
- мәтіннің типін, жанры мен стилін түсінеді; - мәтіндерден ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) анықтайды; - мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; - зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп, арнайы ақпарат алу үшін оқуды біледі; - оқу стратегияларын пайдаланады; - әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; - әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- мәдени және оқу-танымдық мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; - дәлелдер мен фактілерді ажыратады; - ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды. |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Жазылым және әдеби тіл нормалары |
Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары |
- ақпараттарды жинақтайды; -әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; - ақпаратты пайдалана отырып, мәтін құрастырады; - ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсетеді; - проблемалық сипаттағы мәтінді (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; - әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; - анықтамалық материалды пайдаланады; - мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; - белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
|
|
күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; - орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды. |
|
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі
көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды
(диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы
бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын
хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне
болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім
алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген
сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты
орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе
калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта)
пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс
уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне
болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына,
қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына
қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады.
Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға,
айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт
қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім
алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын
өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады.
Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін
жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу 1-тоқсандағы
жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім |
Тақырыптар |
Оқу мақсаттары |
*Тапсырма түрлері |
Балл |
Тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормалары |
Ауа райы және климаттық өзгерістер
Көшпенділер мәдениеті
Денсаулық– зор байлық |
7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды- экспрессивті сөздерді және мақал- мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу 7.ӘТН 4.1; Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
10 |
Оқылым және әдеби тіл нормалары |
7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау 7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу |
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар |
10 | |
Жазылым және әдеби тіл нормалары |
7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
10 |
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы
3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге
арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырмал ар түрлері |
*Тапсырмалар сипаттамасы |
*Орындау уақыты, мин |
Балл |
1 |
7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу 7.ӘТН 4.1; Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану. 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында көркем бейнелеуіш сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді түртіп алып, мазмұндауда қолдануы қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды. |
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) |
10 |
2-4 |
7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау 7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу |
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар |
Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады. |
15 |
10 |
5 |
7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады. |
25 |
10 |
Барлығы |
40 минут |
30 |
9
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ
тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
мен айтылым Тапсырма
1. Мәтінді оқып
шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты
тіркестерді түртіп алып, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені
анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып,
дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият
тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз.
Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
1-мәтін
Қазіргі кезеңде Күннің активтілігі күшейіп, Жер
ғаламшарын қыздырып, жылынуын күшейтті. Егер аспанда бұлт жоқ болса, ауа тез
қызып, аптап ыстық болады, бұл күннің активтілігінің күшеюінен болады. Ресей
ғалымдары қазіргі кезеңдегі климаттың ғаламдық жылынуы табиғи процесс деп
есептейді. Жер ғаламшарының солтүстік бөлігінде климаттың ылғалды-салқын фазасы
1978-1979 жылдары басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді 2012-2013
жылдардан бастап климаттың жылы-құрғақ кезеңі басталып, ұзақ жылдарға созылады.
Алатау етегінде орналасқан Алматы маңында 2013 жылы жаз ыстық, күз жылы, құрғақ
болып, жауын-шашын қарашаның ортасына дейін аз мөлшерде жауды. Ең қатал,
жауын-шашыны аз, жазы аптап ыстық, қуаңшылық жағдай 2018-2021 жылдары байқалуы
мүмкін. Бұл жағдай 2026-2035 жылдарға дейін созылады, сосын кезең аяқталуы
ықтимал. Аталған қуаңшылық жағдайлардың зиянды әсері Қазақстанда, әсіресе, шөл
және шөлейт аймақтарында өте күшті болады деп күтілуде. Климаттың куаңшылыққа
ұшырауы тұщы су тапшылығын туындатып, жазда өте күшті аптап ыстық болады,
шөлейттену процесі күшейе түседі, орман өрті көбейеді.
(140 сөз) http://baq.kz/kk/news/suhbat/
2-мәтін
Елбасының бастамасымен жасалған
«Жасыл белдеу» Астана қаласы үшін қолайлы климат қалыптастырушы басты фактор
саналады. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары елорданың маңында бұрынғыдай боран
мен дауыл байқалмайды. Бүгінде Астананы жағалай егілген орманда 38 түрлі ағаш
өседі. Жыл өткен сайын жасыл белдеу түрленіп, құлпырып келеді. Біздің де
мақсатымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл желек еткен Елбасы өнегесі мен
идеясын жастар арқылы жүзеге асыру.
Бірақ мұны жүзеге асыру оңай емес, оған бүкіл халық,
әсіресе, жастар жұмылуы керек. 2012-2013 жылы Қазақстандағы
барлық мектепте 2,5 млн оқушы оқыды. Осы оқушылардың 45-50 пайызының әрқайсысы
он-оннан ағашты өсімдіктер ексе, бір жылдың өзінде 20 млн түп арша, сондай
мөлшерде емен, акация, үйеңкі ағаштары өсіріледі екен. Бұл процесс 40-45 жыл бойы үздіксіз жүргізілсе, елімізде ұзақ жыл өмір
сүретін ағашты өсімдіктер орасан көлемде көбейеді. Демек, жастар осы игі шара
арқылы өздері өмір сүретін экологиялық ортаны жақсартады.
1-мәтін
(135 сөз) http://baq.kz/kk/news/suhbat/
Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму
ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының
ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз
бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы
халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың
мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл —
мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет
қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып
жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі
өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған
ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің
рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке қарағанда бұқара халықтың
барлығы қамтылмайтын, қамтылғанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек
болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда
табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген
дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау
жүйесі қатты дамыды. Бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына
көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды.
(144 сөз) http://referattar.kazaksha.info
2-мәтін
Қазақ жерінде жазу-сызу сақ
дәуірінен бастап пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен
жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ
сықын» — «Ақ марал» деп оқылған.
Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге
қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға
тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды.
Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт- сана, діни-наным, сенім,
мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың
тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе
жатқан бастауы.
Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір
байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай
білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың
ерекшеліктері ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт
бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай,
өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым- қатынас жасауда да,
соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.
(150 сөз) http://referattar.kazaksha.info
Оқылым
Тапсырма
Төменде
берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
А мәтіні Тәні саудың - жаны сау
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз де білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты және өзі шыдамды болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен болса да айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр, ұзын не қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей: «Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық» - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. (169 сөз) https://surak.szh.kz/574424 |
1. Кемеңгер Ибн Сина өз сөзінде не айтқысы келді? A. Әдетте, тәні сау адамның жаны да сау болады. B. Спорт мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр болады. C. Спорт түрі әркімнің өз таңдауына байланысты болады. D. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. [1] 2. Қазақстан халқының спортпен айналысатындығы қай абзацта айтылған? A. І B. ІІ C. ІІІ D. ІҮ [1] 3. Халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық» - деген, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз. [3]
Ә мәтіні Қазақстанның дәрілік өсімдіктері
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүниежүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдерін кеңінен қабылдауда. Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен |
алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған
дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың
жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.
Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған
рецепттерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде
сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74%
қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген.
Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден
әкелінген. Өз елімізде дәрілік өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Ол
үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.
(164 сөз) http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=3&id=395
1.
Азия мемлекеттерінде қандай ем қолданады? A. медицина мен халық емін
B. дәстүрлі ем
C. халық емін
D. медицина
емін
2.Табиғи жолмен алынған
дәрілерді тұтыну туралы ақпарат қай абзацта? A. ІІ, ІІІ
B. І, ІІ C. І,
ІІІ
D. барлық
абзацтарда
[1]
[1]
3.
Не себепті дәрілік өсімдіктерге сұраныс артып отыр?
Мәтіннен бірнеше дәлел келтіріп, 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.
[3]
|
|
|
|
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді
(ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат)
жазыңыз. Шамамен 200-250 сөз болуы тиіс.
1.
Атмосфераның ластануы туралы журналға мақала жазыңыз.
2.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние.
Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені
аямай жұмсау керек. Адамның дені сау
болу үшін не қажет екендігі туралы әңгімелеңіз.
[10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ |
Балл |
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы |
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
1 |
9-10 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. |
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады. |
2 |
7-8 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. |
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
5-6 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. |
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. | |
3-4 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. |
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. | |
1-2 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. |
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |
Оқылым
№ |
Жауап |
Балл |
1 |
С |
1 |
2 |
В |
1 |
3 |
Ықтимал жауабы: Келісемін, себебі ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. /Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
4 |
А |
1 |
5 |
D |
1 |
6 |
Ықтимал жауабы: Дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Дәрілік өндірісті дамыту үшін /Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
Барлығы |
10 |
Жазылым
№ |
Балл |
Сипаттамасы |
1 |
9-10 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді. |
7-8 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды. |
|
5-6 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады. |
3-4 |
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді. | |
1-2 |
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
|
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
2-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3
компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге
арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырмалар түрлері |
*Тапсырмалар сипаттамасы |
*Орындау уақыты, мин |
Балл |
1 |
7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу – еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау 7.Т/А4.Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау 7.ӘТН4.2. Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Білім алушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында тақырыбын ашып, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдап, мазмұндауда қолдануы қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды. |
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі) |
10 |
2-4 |
7.О7. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау 7.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану |
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар |
Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4- 5 сөйлеммен жазады. Ғаламтор, энциклопедия, газет- журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасайды. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, |
15 |
10 |
|
|
|
|
логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады. |
|
|
5 |
7.Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу 7.ӘТН5.Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады. |
25 |
10 |
Барлығы |
40 минут |
30 |
19
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ
тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
мен айтылым Тапсырма
1. Мәтінді оқып
шығыңыз. Тақырыбын ашып, автор көзқарасын талдап, мазмұндауда қолданыңыз,
көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап,
мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды
мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ
қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
1-мәтін
Бір айдаһар аюды қуып бара жатады. Мұны көрген аңшы
батыр айдаһарды өлтіріп, аюды құтқарып алады. Аю өлімнен құтқарып алғаны үшін
батырға шексіз алғысын білдіріп, аңшы қайда барса, соның артынан қалмай жүретін
болады. Көрген елдің бәрі «Аю – жыртқыш
аң. Абай бол!» – десе, аңшы: «Айдаһардан құтқарып алғаным үшін бұл аю менің
адал, сенімді серігім болды», – дейді. Елдер: «Ақымақтың достығы жамандығынан
да жаман. Сен аюға сенбе!» – десе, батыр: «Мұның бәрін қызғаныштан айтып
отырсыңдар. Қарасаңыздаршы қандай сүйкімді! Бейшара аюдың мені қатты жақсы
көретінін қалайша түсінбейсіңдер», – дейді. Ақымақтың махаббаты алдамшы
болатынына сенбейді. Аюдан бас тарта алмайды.
Бір күні аңшы ұйықтап жатқанда, бір маса бетіне келіп
қонады. Аю батырдың ұйқысын мазалап тұрған масаны қуып ұшырып жібереді. Маса
ұшып-ұшып, қайтадан жігіттің бетіне
келіп қонады. Мұны көрген аю әбден ызаланып, маса отырған жерге үлкен таяқ
лақтырады. Сол кезде маса ғана емес, жақсы көрген аңшыны да өлтіріп жібереді.
Осылайша жақсылық жасаймын деп, жақсы көргенді
өлтіреді.
2-мәтін
(146 сөз) https://angimeler.wordpress.com/category
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам
дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып,
қуанышы мен қайғысын
бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен
бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы
да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу
қабілеті жоғары болуы тиіс.
Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен
басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ,
дегенмен өздерін дос санайтындар да бар,
ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын.
Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос
бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып,
сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай
жақсы.
(141 сөз) http://baq.kz/kk/news/suhbat/
Тапсырма
1.Мəтінді оқып шығыңыз. Тақырыбын ашып, автор
көзқарасын талдап, мазмұндауда қолданыңыз, көтерілген басты мəселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты
тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып,
дәлелдеңіз.
2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша
маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға
белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
1-мәтін
Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра»,
«дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқылы жасалған. Тағы
бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның
пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл
түбір ұяңданып «домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс
шығару деген мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі
«қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына
береді.
Домбыраны түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде
отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Бұл
айтылғандар, халық аралап жүрген домбырашылар үшін аса керекті жағдай. Халық
күйшілерінің ат үстінде тұрып тартулары, шалқасынан жатып тартулары жайында ел
аузында әңгімелер көп. Бірнеше күн бұрын кетіп қалып, екі-үш күннен кейін
қайтып келіп, үйдің үстінде қалықтап жүрген Топан атты бүркітін түндіктің ашық
жерінен көрген Дәулеткерейдің жақсы көрген қыранына арнап шалқасынан жатып
тартып шығарған «Топан» күйі адам ыңғайына келе беретіндігін дәлелдейді.
(144 сөз)
© www.ZHARAR.com
2-мәтін
Ертеде бір хан қызының кедей жігітіне ғашық болғанын
сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Күндердің бір күні егіз бала
дүниеге келеді. Оны аңдыған мыстан кемпір
егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл
үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді.
Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге
ағаш та қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана
егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады.
Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп,
ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына
дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан бұтаққа керіліп қалған
ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. «Егіз
құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа
қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген екен.
«Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос
қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып,
күй шығарып кеткен екен.
(172 сөз) http://bilimdiler.kz/muzika/10737-koneden-kelgen-aspap.html
Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]
А мәтіні
Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылған.
Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол
сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам
әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде
сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа
бой алдырды, тағы бірі тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына
ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының
басты
себебі,
халықтың
бір-біріне
деген
сүйіспеншілігі
мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі
жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып
кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге
ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс-тіршілігі де
үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып
білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми
бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан,
көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен
шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі
тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан
кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы
адам баласының бір– біріне мейірім
шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.
https://45minutkz.wordpress.com/2012/02/1
1.Тұжырымның
дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]
№ |
Тұжырым |
Дұрыс |
Бұрыс |
A. |
Қазақстандағы тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек кездеседі. |
|
|
B. |
Қарттар үйін паналаушылардың көбеюі, баланың ата- анасына деген сүйіспеншілігінің жоғары болуынан. |
|
|
C. |
Халқына жаны ашымаған адамдар жемқорлыққа салынады. |
|
|
2.
«Адам баласының достық сезімі адаммен бірге
жаратылады» деген тұжырым бар. Сіздің ойыңызша, достық сезімі адамның бойында
туылғаннан бола ма, әлде өсе келе қалыптаса ма? 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз.
[3]
|
|
|
|
Ә мәтіні
Достар
Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3
баласы бар. Екіншісі - бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан
өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ жігіт ішінен:
«Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады», – деп ойлайды. «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да
айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ». Осындай оймен, түн сайын үйінен шығып,
бір қап өнімді жасырын түрде досының үйі алдындағы қорасына апарып тұратын
болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен
үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар –
қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам
болмайды», – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып, үйден шығып, досының
қорасына бір қап өнім апаратын болады. Екеуі қорадағы қаптар саны неліктен еш
азаймағанын түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап
тасып жатқанда, бір-біріне соғысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді.
Қаптарды жерге қоя салып, достар бір-біріне деген адал ниеті мен достығы
алдында көз жастарын тия алмады.
https://angimeler.wordpress.com/category
1.Тұжырымның
дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз.
[2]
№ |
Тұжырым |
Дұрыс |
Бұрыс |
A. |
Жалғыз тұратын адамның қажеттілігі де, шығыны да аз болады. |
|
|
B. |
Егер адамның жақын тумалары болмаса, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды. |
|
|
C. |
Достар бір-бірінің жасырын істерін біліп қойып, езулерін жия алмады. |
|
|
2. Екі достың
біреуімен ғана келісу қажет болса, қайсысының іс-әрекетін құптар едіңіз. 4-5
сөйлеммен жауап беріңіз.
[3]
|
|
|
|
Жазылым
Төменде берілген
тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана
отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме
немесе хат) жазыңыз. Шамамен
200-250 сөз
болуы тиіс.
[10]
1.
Өзіңіз куә болған
мерекелік шараны есіңізге түсіре отырып, «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында
жаңалық жазыңыз.
2.
«Өмірде шынайы, өзіңе серік болатын дос табу қиын»
деген пікірмен келісесіз бе? Өз ойыңызды жазыңыз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ |
Балл |
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы |
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
1 |
9-10 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. |
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады. |
2 |
7-8 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. |
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
5-6 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. |
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. |
|
3-4 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. |
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
1-2 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. |
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |
Оқылым
№ |
Жауап |
Балл |
1 |
А, С |
2 |
2 |
Ықтимал жауабы: Адам баласының достық сезімі өсе келе отбасы мүшелеріне, еліне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің арқасында қалыптасады. /Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
3 |
А, В |
2 |
4 |
Ықтимал жауабы: Мен отбасы мүшесі бар жігіттің іс-әрекетін құптар едім. Қазақ отбасыларында баласы бар үй-базар дейді. Бала- шағасы бар адамдар ешқашан жалғыз қалмайды. Олар қартайған шақта балалары бағады, асырайды. /Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
Барлығы |
10 |
Жазылым
№ |
Балл |
Сипаттамасы |
1 |
9-10 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді. |
2 |
7-8 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды. |
5-6 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады. | |
3-4 |
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді. |
|
1-2 |
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
|
Жиынтық
бағалауға шолу 3-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Жазылым және әдеби тіл нормалары |
|
7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 7.Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
10 |
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты
қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы
3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге
арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырмалар түрлері |
*Тапсырмалар сипаттамасы |
*Орындау уақыты, мин |
Балл |
1 |
7.Т/А1.Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау 7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану 7.ӘТН4.4. Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану |
Толық жауап ты қажет ететін сұрақтар |
Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында проблемаларды анықтап, көзқарастарды ажыратуы тиіс. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беріп, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолдануы қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды. |
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) |
10 |
2-4 |
7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау 7.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу 7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 7.О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру 7.ӘТН4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану |
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар |
Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады. |
15 |
10 |
5 |
7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 7.Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу |
Жазбаша толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар |
Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады. |
25 |
10 |
Барлығы |
40 минут |
30 |
29
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ тілі Т1» пәнінен
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып
шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді
жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолданып,
көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап,
мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды
мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ
қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]
1-мәтін
Әдемі орауыштағы виртуалдық өмір. Дерт пе, әлде қажеттілік пе?
«Әлемді жаулаған әлеуметтік желілер неше түрлі
гламурлық көріністерге толы. Адамның жеке өмірінің күн сайын онлайн режимінде
таратылу ауқымы кеңейіп келеді. Тіпті, бұрынғыдай жүздесіп, көзбе-көз
шүйіркелесу мүмкін болмай қалды. Керек болса, лифто- дәретхана, ванна,
спорт-фитнес және өзге де «селфшоттар» ғаламторды жаулап алды. Тордағы
қауымдастықтар «эксгибиционистер» және «вуаейристер» болып қақ айырылды.
Гламурдың бас сұқпаған саласы жоқ. Біздің жеке өмірімізге, әдебиетке, өнерге,
тіпті, ғылым саласына да ендеп барады. Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет
тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды
шынайы өмірден алыстатады. Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема
болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды,
тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Заманауи қоғам қайда бағыт алды? Бұл
«кесел» қашанға дейін созылады? Келешекте
интернет-технологиялар бізді несімен таң қалдырады?.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
(120 сөз) https://baq.kz/kk/news/mangilik_el/aleumettik-zheli-alemdi-sharpidi-paidasi-men-ziyani-kaisi-
46379
2-мәтін
Әлеуметтік желі — қауіп пе, қажеттілік пе?
«Internet World Stats» агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, Қазақстанда
5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді пайдаланады. Интернеттің осы бір құдіреті
әлемнің ақпарат кеңістігінде оң әсер
еткенімен, жас ұрпақтың келешегіне тигізетін зиянды екені айтылуда.
Қолы қалт етсе, әлеуметтік желіге
шұқшиятын жеткіншектеріміздің кез келген уақытта алаяқтың арбауына түсіп қалуы
өте оңай. Сайттарды шарлап, жағымсыз қылықтарға бой үйретеді. Әлеуметтік
желілер - уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан
отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Мұның соңы қайда
апарып соғады? Бір жағынан жан-жақты білімді ұрпақ өсіру үшін ғаламтор игілігін
пайдаланбасқа болмайды. Екіншіден, уақытымызды үнемдейміз. Сонымен әлемді
жаулаған әлеуметтік желі қазақ болашағына қауіп
пе, қажеттілік пе?
Тілеуберді САХАБА
(120 сөз) http://edu.semgu.kz/data/2113/b9038c
Тапсырма
1. Мәтінді оқып
шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мəтіннен деректер келтіре отырып, дəлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап,
мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мəселені анықтаңыз. Өз
көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні
бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын
анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
1-мәтін
Біз кімге айналып бара жатырмыз?
Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша
құрамдас елдер генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу
қоймауға тиіс. Алайда айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан
өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады. Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді-мекен тұрғындарына Қытайдың
трансгенді өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл
тұрғындары таза органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен
салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталғанға
ұқсайды...
Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті
қаншалық? Кең байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге
қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр
ма?
Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның
қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да
дәлелдеп баққан. Ал расында, жануарлардың гені қосылған жемістер мен
көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден алыстатып жібермей ме?..
(139 сөз) http://alashainasy.kz
2-мәтін
Біз не жеп жүрміз?
Еліміздегі көгөніс,
жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың
сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі.
Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де,
базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды.
Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады.
Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен
бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды.
Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады.
Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда«гендік модификацияланған организмдер» (ГМО)
деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған
организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел
ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан
үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін
қарапайым халық әлі біле бермейміз.
(134 сөз) http://massaget.kz/
Оқылым
Тапсырма
Берілген
сұрақтарға жауап беріңіз. [10]
А мәтіні Достығымыз әлемге әйгілі
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО- дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ. Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті. Бақытхан Дәулетбақов, ғылым докторы
(176 сөз) http://kazgazeta.kz/?p=26787 1. Дүниежүзінде қандай ел жоқ? A. достығы өнеге болатын B. достығы үлгі болатын C. өзге тілді мектебі бар D. достығы өнеге мен үлгі болатын [1] 2. Ұлт қауымдастығы туралы айтылған абзацты белгілеңіз. A. І B. ІІ C. Екеуінде де D. Ешқайсысында [1] 3. Қазақстан ұлттық қауымдастықтардың дамуына ерекше ықпал ететін ел, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз. [3] |
Ә мәтіні Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар. |
Қазақ осы –
айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы –
аңғал-саңғал жабусыз, Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы – дала
дейтін, күн дейтін, Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы –
қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба
жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ
даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта
өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және
материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.
Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша
1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.
1990 жылы
басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты
Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және
аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет
республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар
мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің
мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.
Міне, осы
шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны
өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда.
(180 сөз) http://bilimdiler.kz/bastaush/13232-ulttar-dostygy.html
1.
Өлең үзіндісінде қазақ халқының ұлылығын,
кеңдігін, кеңпейілділігін қалай көрсеткен? A. Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
B. Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін. C. Қазақ осы – ағыл-тегіл,
көл-көсір.
D. Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба.
[1]
2.
Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының атқарған
жұмыстары туралы ақпараттар қай абзацта айтылған.
A. I-V B. IV-V
C. І-ІІ D. ІІІ-ІV
[1]
3.
Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы
жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда, сіз осы тұжырыммен
келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз.
[3]
|
|
|
|
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді
(ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат)
жазыңыз. Шамамен 200-250 сөз болуы тиіс.
[10]
1. Қолындағы
телефонға шүйлігіп, балабақшадан ертіп келе жатқан қызына көңіл бөлмеген
әкесіне сөзін жеткізе алмаған бала: «Құдай мені телефон қылып жаратқаныңда ғой.
Әкем маған ғана қараушы еді» - деп іштей жалбарыныпты.
«Әлеуметтік желінің әлегі» - деген пікірді жоққа шығарып немесе
жақтап, сюжетті әңгіме жазыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы немесе зияны туралы
дәлел келтіруге тырысыңыз. Өз көзқарасыңызды бір жақты ұстаныңыз.
2. Дүкен
сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар – өзіміз, біздің
жақындарымыз.
Сіз күнделікті өмірде осы жайтқа куә болып жүрсіз. Айналаңыздағылар
да бұған мән бермейтінін байқайсыз. Олардың санасына ұлттық табиғи өнімдердің
пайдалы екенін ескертіп, өз пікіріңізде нақты дәлелдерді пайдалана отырып, өз
сыныптастарыңызға арнап мақала жазыңыз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ |
Балл |
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы |
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
1 |
9-10 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. |
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады. |
2 |
7-8 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. |
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
5-6 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. |
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. | |
3-4 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. |
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. |
|
1-2 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. |
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |
Оқылым
№ |
Жауап |
Балл |
1 |
В |
1 |
2 |
В |
1 |
3 |
Ықтимал жауабы: Елімізде қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Олардың ішінде адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көп. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. /Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
4 |
D |
1 |
5 |
B |
1 |
6 |
Ықтимал жауабы: Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы жақсы. Оған себеп, әр түрлі ұлттар әр түрлі жеке кәсіптермен айналысады. Халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болады. /Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
Барлығы |
10 |
Жазылым
№ |
Балл |
Сипаттамасы |
1 |
9-10 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді. |
7-8 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды. | |
5-6 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады. | |
3-4 |
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді. |
|
1-2 |
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық
бағалауға шолу 4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Бөлім |
Тақырыптар |
Оқу мақсаттары |
*Тапсырма түрлері |
Балл |
Тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормалары |
Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым
Ғылыми фантастика |
7.Т/А1.Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау 7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану 7.ӘТН4.4. Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
10 |
Оқылым және әдеби тіл нормалары |
7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау 7.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу 7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 7.О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру 7.ӘТН4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану |
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар |
10 | |
| ||||
Жазылым және әдеби тіл нормалары |
7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 7.Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
10 |
|
|
оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу |
|
|
Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы
3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге
арналған.
38
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырмалар түрлері |
*Тапсырмалар сипаттамасы |
*Орындау уақыты, мин |
Балл |
1 |
7.Т/А1.Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау 7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау 7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану 7.ӘТН4.4. Одағай түрлерін ажырата білу, қолдану |
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында проблемаларды анықтап, көзқарастарды ажыратуы тиіс. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беруі, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда қолдануы қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Дәл осылай екінші білім алушылар тапсырманы қайталайды. Бағалау екі білім алушыларға жеке-жеке қойылады. Тапсырма білім алушылардың тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды. |
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) |
10 |
2-4 |
7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау 7.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу 7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану 7.О5. Мәтін бойынша |
Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар |
Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады. |
15 |
10 |
|
|
проблемалық сұрақтар құрастыру 7.ӘТН4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану |
|
|
|
|
5 |
7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу 7.Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе) 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу 7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады. |
25 |
10 |
Барлығы |
40 минут |
30 |
40
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ
тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым мен
айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып
шығыңыз. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып,
дәлелді жауап беріп, өзгенің жауабымен салыстырып, талқылап, мазмұндауда
қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты
тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша
маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға
белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін,
тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік
атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп,
елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін
мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе
де, еш нәрсе де ұмытылған жоқ.
Соғыс - атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан
жылататын, қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Осыдан 74 жыл бұрын жер бетін
шарпыған сол сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Неміс фашистерінің аңсап келген
арманына 4 жыл ішінде батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді.
Фашистер мақсаты жер бетін отарлап билік құру еді. Өзара одақ құру арқылы
Германия, Италия секілді елдер бүкіл әлемді өздеріне қаратпақ болған. Тынышымен
өмір кешкелі жүрген халықтың берекетін алған фашистер жоспары іске аспай,
өздері сол соғыстың зардабын тартты. Бұл соғысқа 61 мемлекет жан-жақтан атсалысты.
Р.Қошқарбаев атамыздың ерлігі тарихта өз ізін
қалдырды. Б.Момышұлы Ә.Молдағұлова М.Маметова Т.Бигелдинов М.Ғабдуллин секілді
батырларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату өмірімізге, бейбіт заманымызға,
қуанышты күнімізге жеттік. Қазіргі таңда батырларымыздың ерлігіне орай шаралар
өтуде, тіпті, есімдеріне байланысты көшелер, кітап-жинақтары, ауыл атаулары
берілді. Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жанын құрбан етті.
Ә мәтіні
https://www.zharar.com/kz/shygarma/501-otan_9_mamyr.html#read (150 сөз)
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке
түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу
деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті, арыға бармай-ақ кешегі Ұлы
Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ,
қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған
мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлеріміздің бірі –
Бауыржан Момышұлы еді. Ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде
отыздың үстіндегі жас жігіт болатын. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам –
опасыз, оңбаған адам», - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын
өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны
өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Бауыржан Момышұлының тұлғасы кімге
болса да мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып
елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi
дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының батальон командирi
ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз
болып, батыр қолбасшы атанды. Жеңiстiң 65 жылдық мерейтойы қарсаңында
қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады.
http://bilimdiler.kz/okushi/16012-shygarmalar-toptamasy.html
(150 сөз)
Оқылым
Тапсырма
Берілген тапсырмаларды орындаңыз. [10]
А мәтіні
Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми
туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында
қалыптасқан жанр.
Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX
ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз
әдебиетінде жатыр. Оған қиял- ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері)
ұғымының өзі де қиялдану өнеріне
байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында
фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған.
Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі
пішімде қалыптасты.
Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш
француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде
қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций
Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді.
Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше,
философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында
(роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы
саласына айналды.
Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр
ретінде XX ғасырдың 70–80- жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы
қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастика жанрының алғашқы
белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт
ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық
қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.
(180 сөз) https://kk.wikipedia.org/wiki/%
1.Тұжырымның
дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]
№ |
Тұжырым |
Дұрыс |
Бұрыс |
A. |
Өнердегі ғылыми фантастика осыдан екі ғасыр бұрын қалыптасқан. |
|
|
B. |
Ғылыми фантастика кинофильмдер мен көркем шығармаларда көп кездеседі. |
|
|
C. |
Мақаланың бірінші және үшінші абзацтары анықтамалық сипатта берілген. |
|
|
2. Ежелгі қазақ
халқы қиялының ұшқырлығында шек жоқ. Берілген тұжырымды 4-5 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.
[3]
|
|
|
|
Ә мәтіні
Ғылыми-фантастика жанрында Толкиннен кейінгі әлемге
белгілі жазушы Дж.Роулинг екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. «Гарри Поттердің басынан
кешкендері» атымен жарық көрген кітаптардың реті жетеуге жетіп, оның жалпы
таралымы 450 миллион данадан асып кеткен. Бір қызығы, бүкіл еуропаның аңыз
кейіпкерлері мен мифтік жануарларын Роулингтің ғажайыптар әлемінен таба алады
екенбіз, яғни кітаптағы Хогвартстың фаунасы, шын мәнінде аңыздардан алынған.
Гоблин (ағыл. Goblin) – адамға ұқсастығы бар, аласа
бойлы тіршілік иесі. Басы денесімен салыстырмалы тұрғыда үлкендеу болып келеді.
Негізі шотланд аңыздарында гоблиндер өте ашушаң, соғысқұмар болып суреттелсе,
Толкин мен Роулингтің ғажайыптар әлемінде гоблиндерге өзгеше мінездеме
беріледі. Ақшаға ұқыпты (Гринготтс банкінің қызметкерлері), өте еңбекқор
(Грифиндорф қылышын гоблиндер жасаған) болып сипатталады.
Акромантул (ағыл. Acromantula) – алып сегіз көзді
өрмекші. Көне кельт аңыздарында кездесетін өрмекшінің үлкен тұқымдары адамның
тілінде сөйлей алады. Осы тектес өрмекшілердің ең алыбы және негізін қалаушы
Арагог. Ол Хогвартсты айнала қоршаған орманда өмір сүреді. Жалпы тұқымның
америкалық тарантуламен туыстығы бар деп зерттелген. Акромантулдардың Отаны
Борнео аралы болып саналады. Сиқыршылар оларды негізінен қазынаны күзеттіру
мақсатында алдырған.
Мантикора (ағыл. Manticore) – грек мифологиясында
кездесетін басы адам, денесі арыстан, ал құйрығы шаяннан алынған өте қауіпті
құбыжық. Аңыздың астары бойынша мантикора өзінің кезекті асын өлтіріп тынғаннан
кейін мысық сияқты мияулайды екен. Ал оның уы қылт етпей өлтіреді.
(180 сөз) http://massaget.kz/layfstayl/debiet/18606/
1.Тұжырымның дұрыс
нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]
№ |
Тұжырым |
Дұрыс |
Бұрыс |
A. |
Гарри Поттердегі Гоблин бейнесі мифтік аңыздарда айтылғаннан бұрмаланған. |
|
|
B. |
Бүгінгі фантастикалық туындыларға көбіне мифтер мен аңыздар негіз бола алады. |
|
|
C. |
Ғылыми фантастикалық шығармалар көбіне робототехникамен байланысты болады. |
|
|
2. Оқырмандар арасында
фантастикалық шығармалар көркем шығармаларға
қарағанда
танымал болады. Сіз осы оймен келісесіз бе?
Ойыңызды 4-5 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
|
|
|
|
Жазылым
Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми,
бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын
( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен
200-250 сөз
болуы тиіс.
[10]
1. Сізге алтын балық
ұстап алу бақыты бұйырды делік. Алтын балық сіздің тек үш тілегіңізді ғана
орындай алады. Ал сіз осы оңтайлы сәтті пайдаланып, жеке әлеміңіз бен қоғам
өміріне қандай өзгерістер енгізгіңіз келер еді? Алтын балыққа тілектеріңізді
білдіре отырып, бұл жөнінде сюжетті әңгіме құраңыз.
2. Жеңіс күні – бұл
сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен
қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен
офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік
еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Жеңіс күні –
абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Бұл айрықша мерекенің біздің елімізде
тойлану деңгейі қандай? Ал, сіздің отбасыңыз бұл мерекені қалай тойлап жүр?
Берілген сауалдар төңірегінде өз ойыңызды
эссе түрінде жазыңыз.
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
№ |
Балл |
Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы |
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті |
1 |
9-10 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. |
Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады. |
2 |
7-8 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. |
Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді. |
5-6 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. |
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді. | |
3-4 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. |
Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды. | |
1-2 |
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. |
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады. |
Оқылым
№ |
Жауап |
Балл |
1 |
В, С |
2 |
2 |
Ықтимал жауабы: Ежелгі қазақ халқы қиялының ұшқырлығында шек жоқ. Шетел зерттеушілері оны қазақ ертегілері арқылы айқын көрген. Бүгінгі технологиялардың көбінің сол аңыз, ертегілердегі халықтың арман-қиялынан шыққандығын білеміз. /Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
3 |
А, В |
2 |
4 |
Ықтимал жауабы: Оқырмандар арасында фантастикалық шығармалар көркем шығармаларға қарағанда танымал болады. Оған себеп, фантастикалық шығармалар әртүрлі қиялдардан тұрады. /Оқушы жауабы ескеріледі./ |
3 |
Барлығы |
10 |
Жазылым
№ |
Балл |
Сипаттамасы |
1 |
9-10 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізе алады, техникалық қателерді жібермейді. |
7-8 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді түрде қолданылған. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық қателер түсінуді қиындатпайды. | |
5-6 |
Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады. | |
3-4 |
Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді. | |
1-2 |
Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді. |
ЖазбаларFа арналFан орын
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ЖазбаларFа арналFан орын
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Теруге
29.07.2017. берілді. Басуға 31.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х84/8. Кеңсе
қағаз 80 гр/м2. Сандық басылыс. Шартты б. т.5,04. Таралымы 19 дана. Тапсырыс №
1574
«Педагогикалық
шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды.
010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail:
info@cpm.kz.