Түсінік хат
«Денсаулық»
білім беру саласы
Мақсаты
белсенді қимыл әрекет
дағдылары мен денелік
өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін
қалыптастыру және дамыту, балаларды салауатты
өмір салты негіздеріне
баулу болып табылады.
«Денсаулық»
білім беру саласында
келесі сабақ түрлері
ұсынылады.
1) дене шынықтыру,
2)
қауіпсіз мінез-құлық негіздері.
«Денсаулық»
білім беру саласындағы
оқу жүктемесі:
«Денсаулық» білім беру саласы |
Апталық оқу жүктемесі |
Дене шынықтыру |
2,5 |
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері |
0,5 |
Дене шынықтыру
Мақсаты қимыл-қозғалыс
дағдылары мен ептілігін
дамыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін меңгеру, өзінің қауіпсіз тіршілік әрекетінің дағдыларын
қалыптастыру; салауатты
өмір-салтына баулу болып
табылады.
Міндеттері:
ü Балалар
денсаулығын нығайту,
ағзаларын шынықтыру,
ü Балалардың
денелік сапа көрсеткіштерін дамыту,
ü Күнделікті
қимыл іс-әрекетіне деген
қажеттілікті қалыптастыра отырып,дербес
қимыл белсенділігін дамыту,
ü Балалардың
қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы
шығармашылық қабілеттері мен
сыни ойлауын дамытуға
мүмкіндік беру,
ü Тұрмыста, көшеде, табиғат
жағдайларында өзін-өзі ұстай
білудің қауіпсіз дағдылары
мен қиын жағдаяттарда
ересектерден көмек сұрау
біліктерін қалыптастыру.
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Мақсаты денсаулық
сақтау технологияларын қолдана
отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын
және салауатты өмір
салты дағдыларын қалыптастыру
болып табылады.
Міндеттері:
ü Денсаулық
сақтау дағдыларын қалыптастыру,
ü Өзіне-өзі
қызмет ету және
өзара көмек көрсету
дағдыларын дамыту,
ü Тұрмыста, көшеде
және табиғат аясындағы
қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын
дамыту,
ü Салауатты
өмір салтын ұстанудың
маңызын түсінуді қалыптастыру.
Түсінік хат
«Коммуникация» білім беру
саласы
Мақсаты айналасындағы
адамдармен бірлесе әрекет
ету және байланысқа
түсу біліктерін қалыптастыру, қарым-қатынас жағдайларын
ажырату, өз мінез-құлқын дұрыс
және сәйкесінше ұстау
болып табылады. «Коммуникация» білім
беру саласы келесі
сабақ түрлерін ұсынады:
Сабақ түрлері |
Апталық оқу жүктемесі |
Сөйлеуді дамыту |
1 |
Көркем әдебиет |
0,5 |
Сауат ашу негіздері |
1,5 |
драма
|
0,5 |
Сөйлеуді дамыту
Мақсаты нақты, мәнерлі тіл дағдылары
мен біліктерін, тілдік бірліктерді
еркін және орынды
қолдануды қалыптастыру болып
табылады.
Міндеттері:
ü Балалар
іс-әрекетінің алуан түрлі
нысандары мен түрлерінде
балалардың ауызша сөйлеу
тілі компоненттерін дамыту;
ü Тілді естуді дамыту, сөздік қорды байыту;
ü Тілдесу дағдыларын
(диалогтік және монологтік) қалыптастыру;
ü Сөйлесу
әдебінің нормаларына баулу;
Көркем әдебиет
Мақсаты тілге,
көркем сөзге деген
қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру
болып табылады.
Міндеттері:
ü Көркем
әдебиеттердің ерекшеліктері туралы
алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
ü Әдебиетті
тыңдау және айтып
беру қажеттіліктерін қалыптастыру;
ü Түрлі
жанрдағы әдеби шығармаларды
тыңдай білу қабілеттерін дамыту;
ü Әдеби
шығармаға эмоцияналдық жанашырлығын
қалыптастыру;
ü Әдептілік біліктері мен
адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.
Сауат ашу негіздері
Мақсаты
тілдің фонетикалық және
графикалық жүйесін игеру
барысында балаларды оқылым
мен жазылым дағдыларын
меңгеруге даярлау болып
табылады.
Міндеттері:
ü Фонематикалық
есту мен қабылдауды
дамыту;
ü Сөздің
дыбыстық құрылымымен таныстыру,алдағы сауат
ашу негіздеріне үйрету
үшін және дыбыстық талдау
әрекеттерін қалыптастыру;
ü Қолдың ұсақ моторикасын
дамыту;
ü Дыбыстық
талдау мен жинақтау
әрекетін қалыптастыру;
ü
Тіл, сөйлем, сөз,
буын, екпін, дыбыс және әріп
туралы түсінікті қалыптастыру;
Драма
Мақсаты
балалардың өз ойын
білдіруі және шығармашыл
белсенділігі мен бастамшылдығын дамыту
және қолдау үшін
қолайлы атмосфераны құру
болып табылады.
Міндеттері:
ü Көркем
бейнені жасауда ойындық, ән
және би туындыларын
қолана отырып, шығармашылық дербестікті
дамыту;
ü Негізгі
психикалық процестер мен
сапаларды дамыту (қабылдау,
есте сақтау, зейін, бақылағыштық, қиял, коммуникативтік,
ырғақ сезімі, көпшілік алдында
өз ойын айта
білу, батылдық); т.б. міндеттер
қамтылған.
Түсінік хат
«Таным» білім беру
саласы
Мақсаты: танымдық-зерттеу әрекеттері
үшін жағдай жасау
болып табылады.
«Таным» білім беру
саласында келесі сабақ
түрлері ұсынылады:
«Таным» білім беру саласы |
Апталық оқу жүктемесі |
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру |
2 |
Құрастыру |
0,5 |
Жаратылыстану |
1 |
Қарапайым математикалық
ұғымдарды қалыптастыру
Мақсаты қарапайым
логикалық-математикалық
түсініктерді қалыптастыру және
интеллектуалды-шығармашылық
қабілеттерді дамыту болып
табылады.
Міндеттері:
ü Ақиқатты
танудың математикалық тәсілдерін
таныстыру: санау, өлшеу, қарапайым
есептеу;
ü Тапсырманы
стандартты емес жолмен
шешуге деген ұмтылысын, тапқырлығын, зеректігін,
ұғымталдығын дамыту;
ü Ойлау
әрекеттерінің тәсілдерімен таныстыру.
Құрастыру
Мақсаты:
құрастыру дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиял
мен логикалық ойлауын
дамыту.
Міндеттері:
ü Балалардың
құрастырудың түрлі өнімдеріне
деген қызығушылықтарын қалыптастыру;
ü Қарапайым
конструктивтік шешімдер таба алу, командада жұмыс
жасау біліктерін дамыту,
ü Балаларды
еңбек мәдениетіне дамыту.
Жаратылыстану
Мақсаты табиғаттың
заттары мен құбылыстары
туралы бастапқы түсініктерін, физикалық құбылыстар
туралы қарапайым ұғымдарын
қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
ü Табиғат
нысандарын бақылау және
қарапайым қорытынды шығару
дағдыларын дамыту,
ü Олардың
кейбір ерекшеліктерін көру
және ажырату: сыртқы кейпі, мінез-құлық әрекеті (жануарлар), өсіп-өну жағдайлары (өсімдіктер),
ü Табиғаттағы
жеке өзара байланысты
көру,
ü Тұрмыстағы, табиғаттағы
экологиялық сауатты
мінез-құлықты және жағымсыз
қылықтардың неге әкелетінін
алдын-ала білуді, балалардың сөйлеу
тілін, зейінін, ойлауы мен бақылау
жүргізіп, қарапайым
қорытынды шығару білігін
қалыптастыру.
Түсінік хат
«Шығармашылық» білім беру
саласы
Мақсаты
мектеп жасына дейінгі
балаларда шығармашылық қабілеттердің, ойлау мен
қиялдың қалыптасуына,
эстетикалық талғамы мен
эмоционалды-сезімдік саласының,
өзінің ішкі жан
дүниесін көркемдік формада
жеткізе білугедеген ұмтылысын
дамытуға, өнер құралдарымен тәрбиелеуге
және музыкалық-көркемдік әрекет
тәсілдері менойын арқылы
өнер әлеміне баулуға
жағдай жасау болып
табылады.
«Шығармашылық»
білім беру саласы
бойынша ұсынылатын сабақ түрлері:
«Шығармашылық» білім беру саласы
|
Апталық оқу жүктемесі |
Сурет салу |
1 |
Аппликация |
1 |
Мүсіндеу |
1 |
Музыка |
2 |
Сурет салу
Мақсаты бейнелеу
өнерінің негіздеріне, өзін көркемдік
жұмыстар арқылы көрсете
білуге ынталандыру арқылы
мектеп жасына дейінге
балалардың шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
ü Білуге
құштарлығын, шығармашылық қиялын,
фантазиясын, есте сақтау қабілетін
дамыту,
ü Сурет
негіздері туралы білімдерін
және көркемдік материалдармен, құралдармен жұмыс
істеудің бастапқы дағдыларын
қалыптастыру,
ü Көркем-эстетикалық
талғамды дамыту және
бейнеленген образдарды түсіну
сезімін тәрбиелеу,
ü Ойын және көркем-музыкалық әрекет
арқылы шығармашылыққа қажеттілікті
дамыту
Мақсаты жапсыруды
құрастыру арқылы мектеп
жасына дейінгі балалардың
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
болып табылады.
Міндеттері:
ü Халық кәсіптері,
материалдар мен құралдар
туралы түсініктерін қалыптастыру,
ü Зат бейнесін бөлшектерден
құрастыру, бөлшектерден шаблон арқылы, есте
сақталған бейне арқылы, елестету арқылы
композиция құру дағдыларын
дамыту,
ü Қайшымен
жұмыстың негізгі тәсілдерін
меңгеру (қайшылардың арнайы қауіпсіз
үлгілерін қолдану),
ü Геометриялық
және өсімдік өрнектері
негізінде жырту, өру және
қағазбен жұмыста пайдаланылатын түрлі
аралас техникаларды қолданып, симметриялық, сұлбалық,
көпқабатты пішіндерді қию техникасын
меңгеру т.б.
Мүсіндеу
Мүсіндеу арқылы
өзін көрсетуде шығармашылық
қабілеттерін, сенсорлық және эстетикалық
қабылдауын қалыптастыру болып
табылады.
Міндеттері:
ü Мүсіндеуге
шығармашылығын, шығармашылық
қиялын, фантазиясын, бақылағыштығын
қалыптастыру,
ü Қолдың ұсақ моторикасын
дамыту,
ü Заттардың
шынайы бейнесіне қарап, елестетіп, ойдан шығарып мүсіндеу
дағдыларын дамыту. т.б.
Музыка
Мақсаты алуан
түрлі музыкалық іс-әрекет
арқылы шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру, эмоционалды-сезімдік
саланы, адамгершілік-эстетикалық
саланы дамыту, ұлттық музыкаға
дәне өзге де
елдердің музыкасына тұрақты
қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу
болып табылады.
Міндеттері:
ü Музыкалық
мәнерлілік құралдары,
негізгі музыка формалары
мен жанрлары туралы
қарапайым түсініктерін қалыптастыру,
ü Дыбыс
жоғарылығын есту және
ырғақтық дағдыларын дамыту.
Түсінік хат
«Әлеумет» білім беру
саласы
Мақсаты әлеуметтік
ортаға бейімделу біліктерін
қалыптастыру, кез келген ортада
еркін бірлесе әрекет
ету, өз Отанына сүйіспеншілік
таныту, адамгершілік-рухани білім негіздерін
дамыту болып табылады.
«Әлеумет»
білім беру саласында
келесі сабақ түрлері
ұсынылады:
«Әлеумет» білім беру саласы |
Апталық оқу жүктемесі |
Өзін-өзі тану |
1 |
Қоршаған ортамен танысу |
0,5 |
Экология негіздері |
0,5 |
Өзін-өзі тану
Сабақтардың мазмұны
әрбір баланың қайталанбас
даралығының мәнін түсінуге, өзінің ішкі
әлемін жасау арқылы
өзінің табиғи қабілеттері
мен шығармашылық әлеуетін
ашуға бағытталған.
Мақсаты балаларда
өзіне және қоршаған
ортаға шартталған әлеуметтік
мәні зор бейімделуді
қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
ü Рухани-адамгершілік
құндылықтарды қалыптастыру,
ü Құрдастары
мен ересектерге бағытталған
мейірімділік қарым-қатынасын, өзінің эмоциялары
мен сезімдерін білдіре
білуді дамыту,
ü Адамгершілік
мінез-құлық негіздерін тәрбиелеу.
Қоршаған ортамен танысу
Мақсаты балалардың
қоршаған орта, адамдардың іс-әрекеті
жайлы түсінігін кеңейту
болып табылады.
Міндеттері:
ü Балаларда
жақындарына деген сүйіспеншілік
сезімі, оларға қамқорлық көрсету
ұмтылысы, туған еліне, қаласына деген
бауырмалдық пен оның
тарихына қызығушылық таныту
сияқты адамгершілік сапаларды
тәрбиелеу,
ü Адам еңбегіне деген
құрмет сезімін қалыптастыру, адам қолымен
жасалғанның барлығына ұқыпты
қарауды; балалардың сөйлеу тілін, зейінін, қиялын дамыту,
ü Қазақстан
Республикасы аумағында тұратын
барлық ұлттың адамдарына, олардың мәдениеті
мен салт-дәстүрлеріне мейірімділік
пен құрметтілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Экология негіздері
Мақсаты табиғаттағы
барлық тіршілік иесіне
жауапкершілік қарым-қатынасты,
экологиялық сауаттылық және
мәдениет негіздерін қалыптастыру
болып табылады.
Міндеттері:
ü Қарапайым
экологиялық білімдерін,
экологиялық мәдениет негіздерін
қалыптастыру,
ü Қоршаған
ортаға жағымды қарым-қатынасты, оның қайталанбастығы мен
әсемдігін түсінуді қалыптастыру,
ü Табиғатқа
қамқорлық қарым-қатынас дағдыларын, табиғатты сақтауға
деген ынталарын және
біліктерін қалыптастыру,
ü Табиғат
құбылыстарындағы
себеп-салдардың
байланыстарын орната білу.
Аталған міндеттерді
орындай отырып, балалар табиғатқа
мейірімді, жанашырлық
қарым-қатынас білдіреді,
табиғаттың сұлулығы баға
жетпес құндылық, сондықтан оны
қорғау қажет екенін
біледі.