ТЕОРИЯЛЫҚ
БӨЛІМ.
Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар
адамгершілік қасиеттер
(Ыбырай Алтынсарин)
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы
мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды
мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік
қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы
дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің
нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және
бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке
тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе.
Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы
жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың
жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі
жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері
қалыптасады.
Жаңа
кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани
тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» -
деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай
адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу
өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны
түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан
ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді
сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль
атқарады. Тәуелсіздік алғаннан
кейін қазақстандық қоғамның алдында жаңа ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесі,
азаматтар арасында жақсылық,
әділеттілік, өзара көмек, төзімділік орнықтыратын
құндылықтарды іздеу мәселесі қалыптасты. Бүгінгі балалардың бойында руханилылықтың жоқтығына
байланысты ерекше алаңдаушылық
білім беру жүйесінде жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды
оқытуға бағытталған «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізуге
негізгі себеп болып отыр.
Рухани-адамгершілік жөніндегі
жаңа тәртіп балаларда (мектепке дейінгі кезеңнен
жоғары оқу орнына
дейінгі деңгейде) жеке ерекшеліктері мен халықтық
педагогика әдісін, қазақ халқының
ұлы
мұрасы, сонымен қатар әлем тәжірибесіндегі жалпыадамзаттық құндылықтарын
есепке ала отырып адамгершілік және руханилық сапасын
дамытуды жорамалдайды. Жоба авторы Сара Алпысқызы
Назарбаева есептегендей «әрбір адам туғаннан қалыптасқан
қабілеттіліктерді толықтай мүмкіндігінше
іске асыру үшін, сонымен
қатар тек мемлекетке ғана емес Жердегі барлық
адамдарға пайда әкелу үшін білім арқылы біз өз коғамыңызда
адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңартуды
тілейміз». Осы пәнді енгізу
мектептік оқытудың нақты мақсаты
ретінде өзін-өзі тәрбиелейтін
және дамытатын адамды
қалыптастыру тапсырмасын ұсынуға
мүмкіндік берді. «Өзін-өзі тану»
педагогтар мен ата-аналардың
қызметін жастарды әлеуметтендіруге,
балалардың өз мінез-құлықтары мен өмірлік іс-әрекеттерін қайта ойлауға бағыттайды. Сондықтан да өзін-өзі
тану пәні мұғалімдері
ата-аналармен жұмыс жоспарлағанда
отбасы ролінің қалыптасуын
және оның мүшелерін
бағалаудың маңыздылығын ескеруі
тиіс. Осындай ақпаратты білу мұғалімдерге отбасының
баланың жеке дамуына, оның
мінезіне, тәртібіне ықпалын алдын-ала білуге мүмкіндік
береді. Осы факторларды есепке ала отырып, педагогтар ата-аналар
мен өзара әрекеттердің
ең әсерлі үлгілерін
таңдай алады. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білген
жағдайда ғана жүзеге
аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек
жылуын бала өміріне
арнап келе жатқан Сара Алпысқызының
авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» рухани-
адамгершілік білім беру бағдарламасының маңызы зор. Рухани - адамгершілік тәрбие
- екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін
жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы
түрде іске асады.
Мектеп жасындағы
балаларды адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды мінез - құлқын
қалыптастыруда тренинглер:
"Ата-ананы құрметте",
"Мен өмірді таңдаймын", "Үлкенге-құрмет,
кішіге ізет" т.с.с. ашық сабақтар: "Өмірің өз
қолыңда", "Мөлдір бұлақ, жасыл
құрақ" т.с.с. өткіздім.
Мұның бәрі адамгершілікке бағытталды әрі дәл осыған кереғар қасиеттерді
бала бойынан кездестірдім және оған керекті әдіс - амалдарды да іздестіріп,
қолданып келемін.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді» деген сөзі тегін
айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді,
денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді.
Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін
дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті
ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні
бар. Ең бастысы, ойын баланы жан
- жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға
кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Адамгершілік
тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен
бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін
үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке
тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері
сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің
мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы
адамның қоғамда өз орнын
табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір
сүруіне қызмет етеді.
«Жұмыла көтерген
жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі
осындай міндеттерді іске
асырушылар – білім беру мекемелер мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі
болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам
мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана,
ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық
парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы
қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс
екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу
жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер
көп болса, оған бақ та,
бақытта қонады” деген сөзге
сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет.
Көптеген қайырымды істер жасап,
жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа
жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде
болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу
осы
заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу
егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы
білім саналы ұрпақ
болады» деген дана халқымыздың
мақал сөзіне сүйенеміз.
ТӘРБИЕНІҢ
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, Қазақстан азаматы-патриотының
қасиеттері, көшбасшылық қасиеттері
бар, әлеуметтік және тұлғалық
өзін-өзі анықтауға қабілетті білімді тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
1.Жаңа демократиялық
қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыруға, тұлғаның
саяси мәдениетін дамытуға ықпал ету.
2.Тұлғаның қоғам өмірі нормаларымен және дәстүрлерімен
келісілген рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның
моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
3.Тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтарға бағдарлануға, ана тілін қазақ, халқының және Қазақстан
Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
4.Балалар мен жастардың құқықтық мәдениетін, құқықтық санасын,
балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық |
|
көріністеріне қарсы тұру әзірлігін қалыптастыру. |
|
5.Бала тұлғасын
қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысына, олардың психологиялық-педагогикалық
құзыреттіліктерін арттыруға, қамқоршылық кеңестерінің
рөлін көтеруге ықпал ету.
6.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету.
7.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен тұлғаның
кәсіби қалыптасуын және өзін-өзі іске
асыруда саналы қарым -қатынасын қалыптастыру.
8.Тұлғаның қоғамдағы жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдауға,
меңгеруге және бағалауға әзірлігін дамыту.
9.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық
қасиетін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік
қалыптастыру.
10.Саламатты өмір
салтын, дене дамуы мен психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа
зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік
орнату.
11.Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстаным тәрбиелеу; экологиялық сауаттылықпен мәдениетті жоғары деңгейде дамыту.
12.Ақпараттық мәдениет
қалыптастыруға ықпал ету.
ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде тәрбие процесін ұйымдастырудың келесі әдіснамалық
негіздері анықталды:
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара
байланысты түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдері жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану және өзін- өзі жетілдіру процестеріне қолдау көрсету, оның дербестігін
дамыту.
Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамның
әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қарым-қатынасын ұғынуымен
және тұлғалық мағынасымен анықталатын жалпыадамдық және ұлттық
құндылықтар.
Қызметтік көзқарас – тұлғаның оның қызметімен бірлігі, ол
тұлғаның құрылымдарына тікелей және жанама
түрде өзгеріс жасауды жүзеге асырады.
Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін
бағалаудың, оқ ушыларда олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін
құзыреттіліктер қалыптастырудың ортақ принциптерінің жиынтығы.
Әлеуметтік көзқарас – әлеуметтік ақиқаттың тұлға мақсаты
мен міндеттеріне бүкіл өмір бойы ықпал етуі, осы ықпалдың адам және
қоғам үшін педагогикалық
салдарлары.
Жүйелілікті көзқарас – нысанды оны құрайтын бөліктердің
жиынтығына жатпайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде
қарастыруды көздейді. Жүйелі түрде қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың
қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялық байланыстар орнатуды,
жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстарды талдауды қажет етеді. Тәрбие жүйелерін, тәрбие
процесін талдауда және құруда қолданылады.
Антропологиялық көзқарас – адамды оның
әлеммен жан -жақты байланыстарында
және тіршілік әрекеті көріністерін әр алуан түрлілігінде қарастыруға мүмкіндік
беретін бірін бірі өзара
толықтыратын компоненттер жиынтығы, ол педагог-оқытушы-тәрбиешіні
абстрактілі емес, деректі оқушыны, студентті өмір сүрудің күнделікті
формасында, соның ішінде білім беруде нақты адамзат қоғамында тәрбиелеуге
бағдарлайды.
Жаңа білім мазмұнына көшудегі тәрбие процесін ұйымдастыру
келесі принциптер арқылы іске асырылады:
Гуманистік бағыт принципі – педагогтың
тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде қараудағы жүйелі қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде
адамгершілік қарым-қатынас негізінде тұлғамен және
ұжыммен өзара әрекеттесу
стратегиясы.
Диалогтық принципі– бір мезгілде қоғамдық мүдделерді
сақтауда және тұлғалық - құнды мақсатты іске асыруда балалардың
түрлі бірлестіктері, соның ішінде педагогтер ұйымдастырған мүмкіндіктерді жетекшілердің
тәжірибе қалыптастыру, міндеттемелер мен ынтымақтастықтарды орындау, өзіндік
менеджментке қабілетін дамыту, әлеуметтік ұтқырлықты байқаудан өткізу үшін
пайдалануды көздейді.
Мәденисәйкестілік принципі – тәрбие
мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және жалпыадамзаттық
құндылықтар мен ұлттық мәдениет нормаларына сәйкес құрылуы
тиіс.
Үздіксіздік принципі – тұлғаның күші мен
қабілеттерін, оның кәсіби және жалпы мәдени
өсуін барынша толық іске асыруда оны тіршілік әрекетінің
барлық кезеңінде жан-жақты дамыту,
шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру.
Табиғисәйкестілік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы;
тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін
ескеру.
Тұтастық принципі оқу және оқудан
тыс қызметтердің кірігуімен қамтамасыз етіледі: оқу қызметі қазақстандық сәйкестіліктің когнитивті құрамдасын қалыптастырады; сабақтан тыс қызметте
эмоционалды- құндылықты мінез-құлық
компоненті дамиды.
Этникалық принцип – жалпыұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал ететін
мәдениет жасаушы ортаны этникалық мәдениеттердің бірігуі, азаматтық келісім мен үйлесімге,
қоғамдық қатынастарға қол жеткізу негізінде қалыптастыру.
ТҰЛҒАНЫ
ҮЙЛЕСІМДІ ДАМЫТУДАҒЫ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-
жеке тұлғаны ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру»,-деп атап көрсетілуі әр дара
тұлғаның заманауи талаптарға сай білімді де білікті азамат ретінде қалыптасуын көздейді.
Жеке тұлғаның
үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, білім ордаларында жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы
рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы — «Өзін-өзі тану»пәні. «Өзін-өзі
тану» бағдарламасының негізгі мақсаты –
адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан
дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде рухани- адамгершілік әлеуетті көтеру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі
басты мәселе тұлғаны адамгершілік-рухани тұрғыдан дамыту, ар-ұятымызды молайтып,
адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа,
парасаттылыққа үйрету.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының басқа бағдарламалардан айырмашылығы Қазақстанның білім беру жүйесінде педагогтарды жеке тұлға
тәрбиесін ізгілендіруге бағыттап,
өскелең ұрпақты «Өзін-өзі тану» курсы арқылы жан-жақты дамыған, рухани- адамгершілігі мол, бір-біріне
сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын,
өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға етіп
тәрбиелей аламыз.
Дана халқымыз «Ағаш
түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны
түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан
ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады.
Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы- оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді
бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт
озады. Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің
халықтары осы біз
кімбіз, не үшін өмір сүріп,
қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарымыз
қандай болуы тиіс?»
деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап беру
үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге
оралу керектігіне бір сәтте күмәнданбайтындығын» айтады.
Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде
үш жастан он
екі жасқа дейінгі аралықта әр адам
өзінің рухани дамуына
қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік
мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп,
қиялға қанат бітіретін, жас
баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры
бар рухани азық»,-
деп атап көрсеткен.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік
қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті.
Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың
өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс -тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Кім болса да жақсы өмір сүруге тырысады.
Жақсы өмір сүру материалдық және рухани байлықтың арқатынасының тепе-теңдігіне байланысты. Абайдың «Ақыл мен жүректі бірге ұстаң»,-деген сөзінен
жақсы өмірдің бейнесін көруге болады. Тағы бір сөзінде
Абай «мінезге
бай» болу керектігіне тоқталады. Шынайы байлық адамдардың іс-әрекетінен көрінеді.
Халық педагогикасы-нәрестенің
сезімін ананың әуенімен
оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-
ғажайып ертегілері, ойындары тәрбиелеп өсіру негіздері
адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті
халық педагогикасында деуге болады.
Ұлттық асыл қасиеттерді жас ұрпақтың ақыл-парасатты азық ете
білуде «Өзін-өзі тану» курсының орны ерекше. Рухани-адамгершілік тәрбиесінде
алдымен баланы тек жақсылыққа-қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп,
соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен
үш қасиеттімді мақтан тұтам», —
депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты
сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет
әркімнің өз құдайы. «Өз
құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық қоғамның
алдында жаңа ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесі, азаматтар арасында
жақсылық, әділеттілік, өзара көмек, төзімділік орнықтыратын құндылықтарды іздеу
мәселесі қалыптасты.
«Өзін-өзі тану» пәні педагогтар мен
ата-аналардың қызметін жастарды әлеуметтендіруге, балалардың өз мінез-құлықтары
мен өмірлік іс-әрекеттерін қайта ойлауға бағыттайды. Балаға ата-аналардың
беделі, білімге және рухани құндылықтарға негізделген ата-ананың ықпалы
тәрбиенің маңызды жағдайы болып табылады.
Сондықтан да өзін-өзі тану мұғалімдері
ата-аналармен жұмыс жоспарлағанда отбасы ролінің қалыптасуын және оның
мүшелерін бағалаудың маңыздылығын ескеруі тиіс. Осындай ақпаратты білу мұғалімдерге отбасының баланың жеке дамуына,
оның мінезіне, тәртібіне ықпалын алдын-ала білуге мүмкіндік береді. Осы факторларды есепке ала
отырып, педагогтар ата-аналармен өзара әрекеттердің
ең әсерлі үлгілерін
таңдай алады.
Бала тәрбиесінде ата-аналардың жүріс-тұрысы шешуші роль
атқарады. Ата-аналардың әрбір ойлаған
сөздері және қылықтары
өз отбасы мүшелерін құрметтеу — ең бастысы және маңыздысы
тәрбие үрдісі болып табылады. Күн сайын балалар
сынып жетекшілерінің қарауында ғана емес, сонымен
қатар мұғалімдердің қарауында болғандықтан, мектеп ата-аналарға қарағанда балаға үздіксіз
үрдіс түрінде тәрбие береді. Атап айтқанда, болашақ адамның тәрбиесі оларға байланысты.
Олардың әр оқушыға ықылас бөлуі,
баланың мектептегі жетістіктеріне, оның рухтық және зерделілігінің дамуына байланысты.
Бала тәрбиесі
үдерісінде ата-аналардың пікірі бірінші кезекте тұрады. Яғни, педагогтар, бала тәрбиесіне
жауапты басқа тұлғалар
ата-аналардың пікірін және олардың
ұсыныстарын мүмкіндігінше назарға алулары қажет. Ата-аналармен жұмыс, оларды балалармен бірге жалпы
мектеп іс-шараларына тарту бала тәрбиесінде
олардың маңыздылығын айтарлықтай арттырады. Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл процесі
ата-аналарды тәрбие процесіне және сабақтан тыс бос уақыттағы жұмысына белсенді
қатыстыруға бағытталуы тиіс.
Сондықтан педагогикалық ұжымды оқытудан бастау,
соның ішінде осы қызметті ұйымдастыру мәселесі бойынша әдістемелік семинарларды
өткізу қажет. Оқыту семинарларының барысында педагогтар толықтай және соның
ішінде сыныптық ұжымда тәрбие беру жүйесінің жетілдіру әдістерімен танысу тиіс.
Іскерлік ойын барысында ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі ролін
жоғарылатуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жасау бойынша жобалы әдісті
пайдалануға ата-аналар мен мұғалімдер құрамына кіретін уақытша шығармашылық ұжым
қолдануға болады.
Одан басқа, ата-аналармен тренинглер ұйымдастырылды. Тренинг тақырыптары “Тәрбие — тал
бесіктен”, “Мектеп - ұстаз -
ата-ана”, “Балам менің - баға жетпес
байлығым” және т.б. тақырыптарда өткіздім.
Ата-аналар жиналысы – бұл ата-аналармен бірлесіп
жұмыс істеудің негізгі және дәстүрлі түрі, оның барысында аса маңызды сынып
қоғамының тіршілік әрекеті, мектеп және үй жағдайында оқушылардың тәрбиесі
мәселелерінің шешімдері талқыланады және қабылданады. Басты оның тағайындалуы
баланың рухани байлығын, адамгершілік тазалығын, денсаулығын дамытуға жағдайлар
жасау үшін мектеп және отбасылық күштерді келістіру, үйлестіру және біріктіру
болып табылады.
Ата-аналар жиналысы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, олардың сынып өміріне белсенділігін арттыруға, балалардың тәрбиесіне жауапкершілік сезінуге бағытталып өткізіледі. Баламен қалай дұрыс
сөйлесіп және отбасындағы келеңсіздіктерді қалыпқа келтіруге болады, қазіргі уақытта баланы азғыру
мен қауіптен қалай сақтап
қалу және жеке дербес жауапты тұлғаны
қалай тәрбиелеп шығуға болады
деген сауалдарға құрамында белсенді ата-аналар мен кәсіптенген педагогтар, психологтар мен әлеуметтік
педагогтары бар білім ұйымдары
жанындағы «Ата-аналар кеңесі»мен «Ата-аналар клуб» мүшелері осы шешімдермен қатар басқа мәселелерді шешуге
көмектеседі.
Дәл қазіргі
уақытта отбасы институт ұстанымы әлсірегенде әр отбасы мүшесі көмек пен
қолдау таба алатындай
қоғамдастықты құрып, осы маңызды қоғам ұяшығын
бекіту аса қажет болып
табылады. Оның ішінде әр-түрлі
психологиялық көмекті қажет ететін барлық
отбасы мүшелеріне отбасы орталығының
құрылу қажеттілігі туды.
Мектеп ата-аналар үшін-жас ата-аналармен тұрақты ағартушылық дәріс өткізу қажет. Үздік отбасылардың оң мысалдарына
сүйеніп, міндетті түрде халықты ағарту, үйрету қажет. Отбасы құндылықтарын қолдау және насихаттау, ата-аналардың үздік
тәжірибесі бойынша арнайы бағдарламаларды жасау, күмәнсіз, жоғары деңгейдегі
азаматтық бағытымен жүретін адамның тәрбиесіне, өмірі мен іс-әрекетінің
жауаптылығына, өз мемлекетінің азаматы болуы сезіміне ықпал етеді.
Әдептілік,
имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы
қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші,
ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді,
әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық
құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім
берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін
айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.
ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ОТАНСҮЙГІШТІК
ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ҚҰРАЛЫ
Этномәдени білім беру дегеніміз жастарға шығармашылығын
дамытатаын мүмкіндіктер , ұлтымыздың бай мәдениеті, ұлттық болмыс, тарихы, тілі
, ұлттық құндылықтар туралы білім беріп, жан-жақты , Отанын сүйетін ,
адамгершілігі мол,рухы биік, жаһандық өркениеттің халықтарына төзімді жеке
тұлғаны тәрбиелеу.Этномәдениет ата-бабаларымыздың тәрбиеге байланысты
ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірбие жиынтығы, қанша
уақыт өтсе де тат баспайтын адалдығы айнадай ұлттық қазына.Халқымыз өз
ұрпағын ізгілікке инабаттылыққа , адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат
санаған.Олай болса , бүгінгі ұрпағымызды халқымыздың баға жетпес бай
салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу, оларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін
терең сіңіру қажет.Халық батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай «өткенін
білмеген , одан тәлім-тәрбие , ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі
тұрлаусыз». Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамымыздағы өзгерістер
еліміздің әулеметтік-экономикалық жақтарын түгел қамтыды , сонымен қоса
сана сезімімізге көптеген өзгеріс болуына әсер етті. Сол өзгерістерді дұрыс
жолға бағыттауда білім беру саласының ықпалы зор. «Тәрбиесіз берген
білім- адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр Әл Фараби ғұламамыз айтып кеткендей
, қазіргі білім ұлттық бағытта болмаса , шығар нәтиже кеңес
үкіметі кезіндегі жеке бастың және ұлттық қажеттілігін емес идеологияның
табынушыларын жасап шығарған машинаға айналады. Сондықтан да , этно
мәдени білім бере отырып, білім саласының алдында педагогиканың жақсы
үлгілерін сақтай отырып, қазіргі қоғамға қажетті , ұлттық мүддені жоғары қоя
алатын, барлық құндылықтарды сақтай отырып , жаһандану заманында ұлттық
ерекшеліктерін сақтап қалуға ұмтылатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.
«Бұлай тәрбиеленген жас қай жұрттың арасында жүрсе де , сүйегіне сіңген
ұлт рухы жасымайды , қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер
көрсе де ұлт ұлы болып қалады» деген Міржақып Дулатов.
Тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселе біздің еліміздің
үнемі назарында болып келеді: 1994 жылы Қазақстан Республикасында гуманитарлық
білім беру концепциясы, 1995 жылы Қазақстан Республикасының білім саласындағы
мемлекеттік концепциясы, 1996 жылы Қазақстан Республикасында зтномәдени
білім беру концепциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы , 2002
жылы Йоханнесбургте өткен тұрақты дамудың Дүниежүзілік
Саммитті декларациясын жүзеге асыруды міндетке ала
отырып, Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының үш
бағыттан тұратын , яғни экономикалық , экологиялық , этномәдени білім
берудің 2007-2024жылдарға арналған Концепциясын қабылдады,
«Қ.Р.2011-2020 жылдарға арналған білім бағдарламасы» негіздерінде білім
саласының бұрынғы жүйесін қайта қарап, ұлттық мәдениетке негізделген білім
жүйесін дамытуды көздеп отыр.
Адамзат тарихының беттерін ақтара
отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін
күресіп келгенін білеміз. Еліміздің
дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі
еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы
еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды
құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар.
Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы,
мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін
қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші -
идеал.
Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының
мұраты: еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде
береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі
шарты – әрбір Қазақстан азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен
мемлекеттің саналы әрі белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз
патриоты дәрежесіне көтерілуі.
Отансүйгіштік - азаматтық санамен
қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың
қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің
рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде
мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен
мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы
болуды талап ететін құбылыс. Қазақстан
Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны да,
қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана
сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп
ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу, білім
берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
Сонымен, этномәдениет мазмұны нені қамтиды және ол
мазмұнның жастарды ұлтжанды, Отансүйгіштік
қасиеттерін тәрбиелеудегі құралы не?
Әр халықтың өзіне тән,
тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына,
дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-материалдық, мәдени құндылықтары
қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың иесі. Қазақ даласы әлемге «Екінші ұстаз» атанған Әл Фарабиды,
Ж.Баласағұн, Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды
берді. Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени
өміріне зор үлес қосқан, асылдары болып табылады. Әсіресе, Әл-Фарабидің сан-салалы
ғылыми еңбектері тек Таяу немесе Орта шығыс ғұламалары: Ибн-Сина, Бируни,
Хорезми, Омар Хайям, Хафиз т.б сияқты ғұламаларының ой-пірлеріне ғана емес, сонымен бірге Европа ғылымына да
ықпал етті.
Тарих тұңғиығынан Қазақстанның
мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып
білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама
ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.
Есік қаласынан табылған «Алтын
адам» ескерткішінен бастап, Орхон-Енисей тас жазулары, кең байтақ жеріміздің әр
аймағынан табылып жатқан ежелгі мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік
ескерткіштер, халық шеберлерінің қолөнер туындыларының үлгілері – осының бәрі
Қазақстан мәдениетінің қазынасын байыта
түсті әрі бүгінгі ұрпақтың рухани білім
көзіне айналды.
Еліміздің егемендігімен бірге, халықтық
тәлім-тәрбие қазыналарын жинақтап, оны этнопедагогиканың негізі мазмұнына
енгізсек, сол мазмұнды жүзеге асырудың басты құралы – этномәдениет
қазыналары. Қазақ
халқы ұрпағының «Сегіз қырлы-бір сырлы» азамат болып дамуын, ғасырлар бойы
қалыптасқан рухани мәдениет
құндылықтарының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып жүзеге
асырып келді. Ол құндылықтардың негізін, халқымыздың - әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық
фольклорлары құрайды.
Халқымыздың ауыз әдебиеті шығармашылығы ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз
үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Қазақ фольклоры тілінің
бейнелілігімен, көптеген мақал-мәтелдерінің мәнділігімен, мазмұндық
өткірлігімен аса құнды қазына. «Өнер
алды - қызыл тіл» деп, «Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін» шешкен ата-бабаларымыз, халықтың
өмірі мен тұрмыс-тіршілігінің алуан түрлі жақтарын қамтитын өзінше бір жылнама
болатын, ұрпақтарға тәлім болатын асыл мұра қалдырған. Сол бай құндылықтардың
ішінде, патриотизмді дәріптейтін мұра - батырлық дастандар. «Алпамыс»,
«Қобыланды», «Қамбар батыр», «Едіге», «Сырым батыр» т.б., «Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама» кезіндегі елін, жерін сырт даулардан қорғаган Қабанбай,
Бөгенбай, Наурызбай сияқты мыңдаған қазақ батырларына арналған көптеген
дастандар, өз халқының мүддесі, арман-тілегі, туған жері үшін жан аямаған
батырларға деген халықтың сүйіспеншілігі, азаматтарының рухани жан дүниесінің
беріктігі, ерлігі мен патриоттық қасиетін баяндайтын, сол сияқты «Қыз Жібек»,
«Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және т.б. лиро-эпостық жырлар мазмұны, рухани
тазалықты, адамгершілік пен махаббатті паш ететін, халқымыздың этномәдениетінің асыл қазыналары.
Қазақ халқының музыкалық және поэтикалық шығармашылығында
жырлаған халықтың Отан-анаға, туған жерге, көз жетпейтін ұлан-байтақ қазақ
даласына, оның табиғат байлығына деген сүйіспеншілігі музыкалық және
эстетикалық тәрбие құралы болды. Сондықтан да қай кезде болмасын жыршылар,
күйшілер, өлеңші-әншілер қазақ халқының музыка мәдениетін сақтау мен байытуда,
жастарлың эстетикалық талғамдарын, көзқарастарын тәрбиелеуде айрықша маңызды
роль атқарады. Олар өздерінің дидактикалық әндерінде халықты Отансүйгіштікке,
ұлтына деген адалдыққа, әділетке шақырып, жақсылықтың жеңіп шығатынына сенуге,
жамандықпен күресе білуге, жақсы атаулыға ұмтылуға дәріптеп отырды. Бұл ретте,
музыка теориясын зерттеген, ноталық жазуды дүниеге әкелген Әл Фрабиді, күй
атасы Қорқыттан бастап Құрманғазы,
Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина т.б. күйші композиторларымызды,
әнші-композиторларымызды (Біржан, Мұхит,
Абай, Жаяу Мұса , Майра, Кенен және
Әміре т.б.); қазақтың музыка өнері саласындағы мәдениетінің эстафетасын жоғары
көтеріп, бүкіл әлемге паш еткен: К.Байсейітова мен Қ.Байсейітовтер,
Н.Тілендиев, Е.Серкебаев, Р.Бағланова, Б.Төлегенова, Нақыпбековалар,
М.Бейсенғалиев, А.Мұсахожаева, Г.Мырзабекова, Р.Рымбаева, Ә.Дінішев сияқты өнер
тарландарын мақтан тұтамыз.
Қазақтың музыкалық құндылықтары, өткен
ғасырларда Қазақстанда болған шетел ғалымдары мен саяхатшыларын (П.Паллас,
Г.Клапорт, В.Радлов, А.Левшин, А.Янушкевич, А.Алекперов т.б.) таң қалдырғаны
белгілі. Олардың, қазақтың рухани мәдениеті туралы, өткен ғасырларда
жариаланған еңбектері «Қазақтар А. Алекторов: «Әнші ... домбырасының шегін қаға
бастады. ... домбыраның күмбірлеген қайғылы дыбысы маған ерекше бір әсер
етті. ... қарапайым әнге - қарапайым
музыкаға қанша поэзия сыйып жатыр. Қос шекті домбырада мұндай нәзік, мұндай
әсем дыбысты шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім» деп ағынан
жарылады. Қазақ халқының музыкалық фольклорының қазыналары еуропалық музыка
зерттеушілердің ғылыми-зерттеу, шығармашылық еңбектеріне арқау болды. Бұған
дәлел ретінде тек Затаевичтің «Қазақтың 500 әні», «Қазақтың 1000 әні»
еңбектерін, Ерзаковичтың, Брусиловскийдің шығармашылығын айтсақ та жеткілікті.
Қазақтың этномәдениеті
құндылықтарының бір саласы - халықтың кәсіби және тұрмыстық фольклоры.
Халқымыздың тарихи-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік болмысына байланысты: аңшылығы,
саятшылығы, ағаш, тері, жүн өңдеуге
қатысты қолөнері, зергерлік өнері т.б. сан-алуан өнерлері. Әсіресе, халық
данышпандығының бар асылын бойына жинаған сәндік-қолданбалы өнері – халқымыздың
қоршаған өмір шындығын музыкалық, поэтикалық және басқа эстетикалық дәстүрлер
аясындағы эмоциялық сезімдері мен эстетикалық талғамдарын қалыптастырған
этномәдениетінің қайнар көзі. Бұл саладағы өткенгі және қазіргі қолөнер
бұйымдары, халқымыздың көркем-шығармашылық дәстүрлері мен рухани-материалдық
мәдениетінің құндылықтарын сақтауға, игере отырып байыта түсуге жетелейді.
Халқымыздың кәсіби және тұрмыстық фольклорын жан-жақты зерттеген: Ә.Марғұлан,
К.Ақышев, Х.Арғынбаев, Т.Басенов, Б.Байжігітов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов,
Э.Масанов, т.б. еңбектерінде, ұлттық қолөнер түрлерінің дамуы, философиялық, тарихи, этнографиялық,
мәдениеттанымдық аспектілері, рухани-материалдық құндылық ретіндегі әлемдік
мәдениет аясындағы алатын орны және тәлімдік маңызы бағаланған.
Міне, сол құндылықтарды туған
жерімізде өмір сүре отырып игеруге, кезіндегі кеңестік ұлт саясаты кедергі
жасап келді. «Тұтас кеңестік бір ұлттық» саясат пен оның негізгі тірегі кеңес
үкіметінің тоқырауы, біртіндеп келмеске кетуі, қазақ жастарының азаматтық
санасына ықпал еткен, олардың ұлттық намысын көтерген - 1986 жылғы Желтоқсан
көтерілісінен басталды. Міне бұл, қоғам азаматының патриоттық сана-сезімінің
оянғаны. Бүгінгі еліміздің егемендігі,
оның саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани-мәдениет саласында, әлемдік іргелі
елдердің қатарынан орын алуы, сол азаматтық сананың жемісі. Ата Заңымыздың
мазмұнындағы мемлекет ретіндегі белгіленген басты идеал «Еркіндік, теңдік,
татулық» - халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, ерлікпен қол жеткізген және
қорғаған асылы. Бұл үш түсініктің
аясында, мемлекетіміздің басты мұраты, Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасының мазмұнында:
«Бізге қажетті -
жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін
бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық
парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын, Отаны, халқы алдындағы парызын
жауапкершілікпен өтейтін, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу міндеті
тұр.
ҚХА – ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ПЕН
АЗАМАТТЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
Конфессияаралық және ұлтаралық келісімді қалыптастыруда
елеулі роль толеранттылық пен Қазақстанның қалыптасу институты ретінде
Қазақстан халқы Ассамблеясына лайықты түрде берілуде. Биыл Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың су жаңа саяси институт –
Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы концептуалды идеяны айтқанына біршама жыл болады. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйытқы
болуымен қолға алынған этникааралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің
қазақстандық моделі – ҚХА – Президенттің 1995 жылғы
1 наурыздағы Жарлығымен құрылды. Содан бері өткен 17
жылдың ішінде Ассамблея Президент жанындағы консультативтік-кеңес органынан
модернизацияланған Қазақстан қоғамының толыққанды саяси институтына айналды.
Бұған 2008 жылдың 20 қазанындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы дәлел бола алады. Онда «Ассамблеяның мақсаты қазақ
халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм,
Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық
азаматтық бiрдейлiктi және бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру процесiңде
Қазақстан Республикасында этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады»,
– деп тұжырымды түрде айтылған. Ал Ассамблеяның негізгі міндеттері тізімінде
бірінші кезекте «Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттiк органдармен және
азаматтық қоғам институттарымен тиiмдi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда
этносаралық келiсiмдi және толеранттықты одан әрi нығайту үшiн қолайлы
жағдайлар жасау» делінген. Осы айтылғандар негізіндеҚХА туралы заң актісінде
толеранттылық қағидасы жатқандығын көреміз. Қазіргі заманғы түсініктегі
толеранттылық – бұрығныдай тек төзімді болу ғана емес, ол тұжырымды түрде
ерекшеленетін басқа ұстанымдағы, бірақ екі жақта мүдделес болып табылатын ортақ
құндылықтары бар адамға деген жылы ниетті қатынас.
ҚХА-ның негізгі институттарының бірі ретіндегі толеранттылық туралы оның
қызметіндегі «нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге деген қатынасына, нанымдарына
немесе кез келген өзге де жағдайларына қарамастан, адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi» деген қағидасы дәлел болады.
Қазақстан Республикасның мемлекеттік, ұлттық саясатының негізгі бес қағидасының
ішінен Ассамблеяның өзі атсалысқан «Толеранттылық пен жауапкершілік» қағидасын
айрықша бөле-жара атауға болады. Бұл қағиданың жалпы қоғамның игілігі үшін
жұмыс істейтіндігіне дәлел ретінде БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның:
«Қазақстан түрлі этностар бір жерде бейбітшілікте өмір сүретін, этникалық
әртүрліліктен жамандықты емес, жақсылықты көре білетін мемлекеттің үлгісі бола
алады», – деген сөздерін келтіруге болады Ассамблея құрылған кезден бастап
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың оған тұрақты төрағасы болуы Ассамблеяның
әлемдік қауымдастықтағы беделін арттыра түседі. Әлемдегі жетекші саясаткер
Маргарет Тэтчер республикамыздағы толеранттылық саясатының нәтижесін бағалай
келе: «Тәуелсіздік алған кезден бастап Сіздің алысты көре білетін саясатыңыз
еліңізді бостандыққа апаратын жолға алып шықты. Бәлкім, пессимистер Сіздің
еліңіздегі этникалық және діни әртүрлілік қақтығыстардың туындауына себепші
болып, Қазақстанды әлсіретеді деп ойлаған шығар. Алайда, бәрі керісінше шығып
отыр, Қазақстан өзінің әртүрлілігінің арқасында гүлденуде, ол өзіндегі әртүрлі
дәстүрлер мен діндер байлығының арқасында одан сайын мықты бола түсті. Сіздер
бұл жағынан көпке үлгі боласыздар», – деп жазды.
Қорыта айтсақ, халқымыздың
ғасырлар бойы жасаған рухани-материалдық мәдениетінің бай мұралары, қазіргі
«Этномәдениет тәрбиесі», толеранттылық негізінде
жастардың Отансүйгіштік тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруда пайдаланатын
тәлімдік құрал болып саналады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасында зтномәдени білім беру
концепциясы, 1996ж.
2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңы .
3. Қазақстан Республикасының тұрақты
білім берудің 2007-2024жылдарға арналған Концепциясы.
4. «Қ.Р.2011-2020 жылдарға арналған білім
бағдарламасы»
5.Ж.Артыкбаев. «Этнология және этнография».
Астана,2001ж.
6.Проблемы этногенеза и этнической истории народов
Казахстана.,1990
7. Наурызбаев «Этномәдени білім» Алматы, 1999ж
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ:
АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРМЕН
ӨТКІЗІЛГЕН ТРЕНИНГ, АШЫҚ САБАҚ ЖӘНЕ
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ
Ата – аналарға арналған
тренинг
Тақырыбы: «Балам - менің баға
жетпес байлығым»
Мақсаты: Бала
тәрбиесі дамуындағы басты
рөл атқарушы – отбасы. Ата -
аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Мектеп пен ата-ана байланысын, отбасындағы тәрбиенің
рөлін арттыру. Ата - анамен оқушы
арасындағы қарым - қатынасты нығайту.
Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, фломастер, доп және т.б
Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест,
психологиялық жаттығулар.
Тренинг бағдарламасы.
1. "Сәлем сөздің
анасы" амандасу.
2. Тақырыпты ашу.
3. Доп лақтыру жаттығуы
4. Гүл теру жаттығуы. Пікірлесу
5. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...»
6. Бала
туралы бейнеролик көрсету.
7. Топқа бөлу. Шығармашылық тапсырма.
8. Балама ақ тілек.
9. Қорытынды.
Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық,
Жақын араласу
Тренинг
барысы:
Сәлеметсіздер ме құрметті
ата-аналар! Бүгінгі біздің «Балам – менің баға
жетпес байлығым» атты тренинг
сабағымызға хош келдіңіздер!
Ата –ана
тілегі баласының жақсы адам
болуы, еңбексүйгіштігі,
кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл
тәрбиелей отырып, жер иесін
тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты
тәрбиелейміз». Отбасындағы
тәрбие әрбір мүшенің
өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау
қажеттігінен туындайды. Отбасында
адамның жеке басының
қасиеті қалыптасады.
Балаға
білім, тәрбие беруде басты
тұлға ұстаз болса, оны
жалғастырып демеуші ата-ана.
Шаттық шеңбері: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.
1.
"Сәлемдесу" жаттығуы: Бір күнгі танысыңа
қырық күн сәлем
дегендей біз бүгін
бір–бірімізбен дәстүрден тыс
амандасу түрлерін жасаймыз.
1- нұсқа. Алақанымыздың
ішін және сыртын тигізіп
бір – бірімізге күлімсірей қарайық
2- нұсқа. Бір – бірімізге
маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3- нұсқа. Оң және
сол жақ
иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
-
Сәлемдесу кезінде
қандай әсерде болдыңыздар?
-
Өмірдегі ең
маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
2. Тақырыпты ата-аналардың
әңгімелеуі арқылы ашу.
3. «Доп лақтыру» жаттығуы.
-
Бала сіз
үшін кім? Допты бір-біріне
ұсынып сұраққа жауап
беру. Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.
4. «Гүл
теру» жаттығуы. Пікірлесу
(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару) Барлық ата -
аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол
гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.
· Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер
айтасыз?
· Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс -
әрекетіңіз.
· Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша
қандай жақсы қасиеттер бар?
• Бала тәрбиесі үшін отбасы
жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
• Балаларда қызғаныш,
өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден?
• Балаларыңыз игілік істер істесе оларды
қалай мадақтайсыздар?
• «Өнегелі отбасы» дегенді қалай
түсінесіз?
5. Аяқталмаған сөйлем «Менің балам ...»
Ия, әрбір ата – ана
өмірге бала әкелгеннен
кейін оған тәлім – тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана
отбасы тәрбиесін алып қана
қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін
алатыны сөзсіз. Бала дүниеге
келгенде таза ақ парақ
секілді, пәк болып келеді. Сол
пәк сәбиге үш
түрл і адамның мінезі
беріледі екен. Ол – бірінші
ата- анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені
өз отбасынан табады. Ал –екінші ұстазынан, өйткені алғаш
ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда
қолына алғаш «Әліппені» ұстатып
өмір жолына алғаш
жол салатын ұстазы. Үшінші – достарынан. Осы үш
адамның бойындағы мінез –құлықтарды екшелей келіп, олардың ішіндегі
өзіне ұнайтын жақтарын
алады екен.
Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастырының жақсы
жақтарын ала білген біздің
балаларымыздың бойында адами
қасиеттердің көп болары сөзсіз. Десекте кейбір кездері олардың бойынан
өзімізге ұнамайтын
қасиеттерді де кездестіріп
қаламыз. Ендеше баламыздың бойындағы осындай қасиеттерді
танып білу үшін «Менің балам ...» ойынын жүргізейік!
Тапсырма:
«Менің балам …» деген сөзді жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1
минут уақыт беріледі. Тапсырманы толық орындау үшін 5
минут беріледі. (Ата –аналарға алдын-ала дайындалған
кеспе қағазы беріледі).
Нұсқау: балаңыздың бойында
бар мінез-құлық қасиеттерін
жазу ұсынылады. Енді өзіңіз жазған
балаңыздың мінез-құлық қасиеттерін
екі бөлікке бөліңіз?
1. Балаңыздың бойындағы
мінез-құлық қасиеттерінің сізді қанағаттандыратын жақтары.
2.
Балаңыздың бойындағы мінез-құлық
қасиеттерінің сіздің өзгерткіңіз келетін тұстары.
Рефлексия
1. Балаңыздың жақсы қасиеттерін
жазған кезде қандай
күйде болдыңыз?
2. Мінездің көлеңкелі тұстары
кездескен кезде сіздің
көңіл-күйіңізді қынжылтқан не?
6. Бейнеролик көрсету
7. Топқа
бөліну. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық
ағашы»
Құрметті ата - аналар, «Табиғатсыз
адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың
тілі жоқ» демекші
адам табиғатпен тығыз
байланысты табиғаттағы ең маңызды
нәрсе ағаш, енді сол
ағаштың несі болар
едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз
қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді
ата – аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір
бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын
таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ
таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір
адам шығып қорғайсыздар.
(әр
топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің
бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.
Тамыр таңдағандар
істің нәтижесіне мән беретін адамдар.
Діңгекті таңдағандар
берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар
сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына
үлкен қағазға
«Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау:
Үлкен ағаштың суретін
салу керек. Бұл сіздің
отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала
дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып
беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру
керек. Тамыры сіздің ең
негізгі отбасылық құндылық болып
есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына
отбасыңызға маңызды бірақ,
қатты қолданбайтын, көп
көңіл аудармайтын құндылықтарды
орналастыру керек. Берілетін уақыт
7-8 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөз заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
Соңынан үлкен
бәйтерек ағашы шығуы
керек. Шыққан суретті өздері қорғап
шығады.
8. Балама ақ тілек. Жүрекшелерге тілек
жазу
9. Қорытынды.
Халқымыздың
аяулы ұлы зиялы
азаматы Б.Момышұлы былай деген
екен: «жаудан да,даудан да қорықпаған қазақ
едім. Енді,қорқынышым көбейіп
жүр.Балаларын бесікке
бөлемеген,бесігі жоқ елден қорқам.
Дәмді,дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп
келеді,оның қолына қылыш
берсең, кімді де болса шауып тастауға
даяр.Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан
бала жоқ ,үйретіп жатқан әке , шеше
жоқ»
Бауыржан атамыз бүгін де
арамызда жоқ , ол кісі көтерген
мәселе бәрімізді де алаңдатуы
тиіс . Бұл ата – анаға да ,
ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі тренингімізді
аяқтаймық.
«Тілек шамы»
Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең
үңілер болсақ, оттың да үлкен
маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы,
ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.
Бір-бірімізге мына шамды бере
отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған
ойларыңыз болса, айтып кетулеріңізге болады
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ
ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ
Мерзiм
23. 02. 2017 ж.
Тақырып: Өмірің
өз қолыңда
Құндылық: дұрыс
әрекет
Қасиеттер: Жақсы
әдет, өзіне сенімділік
Мұғалiм:
Курмахан М.
Сынып: 6 «А» Оқушылар саны: 5
Сабақтың мақсаты: Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы дұрыс әрекет жасау. Міндеттері: * Жақсы әдеттің маңыздылығы туралы түсінік беру. * Оқушылардың адами қасиеттерің дамыту. * Сенімділікке тәрбиелеу.Өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу. |
Ресурстаринтербелсенді тақта
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.
Нұр сіздің төбеіңізден кіріп, денеңіздің ортасына қарай жылжып барады деп ойлаңыз. Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар. Күннің жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір- бірден ашыла бастайды. Сіздің жүрегіңізде әдемі, керемет гүл әр сезіміңіз бен тілегіңізді орындай гүлдей түседі. Нұр біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай. Ойша осы нұрды қолдарыңызға таратыңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрланып, тазарды. Енді қолдарыңыз тек жақсы, игі істер ғана жасап, баршаға көмектеседі. Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап жатыр, аяқтарыңыз нұрланып, тазара түсті. Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы қадамдар жасап, жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады. Олар нұр мен сүйіспеншіліктің құралы болады. Нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге де жетті. Тіліңіз шындық пен мейірімді сөздер ғана айтатын болады. Енді нұрды ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөздер естіп, тамаша әуендерді еститін болады. Басыңыз жап- жарық болғандай, ол тек жақсы ойлар ғана ойлайды. Нұр кеңейіп, сіздің денеңізден асып шықты, осы нұрды барлық туған- туысқандарыңызға, ұстаздарыңыз бен достарыңызға, таныстырыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша ренжісіп қалған таныстырыңызға да бағыттаңыз. Нұр мен жылу олардың жүрегін толтырсын. Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан- жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды оларды өзө жылуымен баурасын. «Ойша, Мен.. НҰРМЫН, НҰР МЕНІҢ ІШІМДЕ. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық жағдайда сәл болыңыз». Енді нұрды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет |
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин "Мен салауатты өмірді таңдаймын" сурет салу Сұрақ: · Денсаулық, салауаттылық дегенді қалай түсінесіңдер? · Осы екі ұғымның арасында қандай байланыс бар? · Өздерің салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасайсыңдар? |
Сабақ барысын талқылау:
|
3. Дәйексөз. 5 мин
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек » Ш. Құдайбердіұлы - Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? |
|
4.Әңгiмелеу (сұхбат). 5 мин Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл -өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен. Көркем сөз. «Үш өлшем» Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан. Өмір деген тұрады: ақ -қарадан, Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп, Арымен өз бақытын тапқан Адам! Сұрақ: 1. Ақын «АҚ»және «ҚАРА» деп нені меңзеп отыр? 2. Қай уақытта адам өмірі «АҚҚА» толы болады? 3. Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек? |
|
Мәтінмен жұмыс. (жұптық жұмыс) 10 мин Абай Құнанбайұлының "Он жетінші қара сөзі" - Автор қайрат, ақыл, жүректің ерекшеліктерін қалай жеткізген? - Ғылымның "жүрекке билет" дегенінің мағынасын қалай түсінесіңдер? - Абай қандай адамды "қасиетті адам" дейді? Неліктен? |
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 5 мин - Дұрыс өмір сүру ережелерін құрастырып шығу |
|
6. Бейнежазба қарау. "Қанағат қыл басыңдағы бағыңа"5 мин - Балалар, бейнежазбадан қандай ой түйдіңдер? (Оқушылардың пікірлері тыңдалады.) |
|
7. Топпен ән айту. 3 мин Өмір-өмір
Сөзі: Қ. Мырза Әлидікі
Әні: С. Бәйтерековтікі Өмір, өмір өмірдің мәні қандай, Қайратыңды қайратқа жанығандай. Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда, Өмірің өз қолыңда.
Жүлде алғанда, жарыста озғаныңда, Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда. Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда, Өмірің өз қолыңда.
Өмір, өмір, өмірдің жөні басқа, Сүрінбестен болады жаңылмасқа, Болады шегінбеске, Болады жеңілмеске, Өмірің өз қолыңда.
Өмір, өмір бар оның өз жұмбағы, Бақыт үшін қанша жан көз жұмбады. Арманда кетті қанша, Арманда кетті қанша, Өмірің өз қолыңда.
Өтті қанша бозінген, боздаған да, Осы өмір қашанда өз қолыңда Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда, Өмірің өз қолыңда.
- Балалар, өмір адамға бірақ рет берілетін сый. Олай болса өмірді бағалай білейік, сүйе білейік. |
|
7.Үй тапсырмасы. 2 мин 89-бетте Қасым Қайсеновтың "Елдің иесі сендерсіңдер, қарақтарым!" өсиет әңгімесін оқып келу. |
|
8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. 3 мин Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік - бар жерде! Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік,-бүкіл әлемде! |
|