№7
Тақырыбы: «Мен бақытты баламын» |
Мектеп/Мұ: «Капитоновка ОМ» КММ | |||
Күні: |
Педагогтің аты-жөні: Курмахан М. | |||
Сынып/ 0 «А» |
Қатысқан балалар саны: 3 |
Қатыспаған балалар саны: 0 | ||
ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты: |
0.1.2.1. Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату. 0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы). 0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын). 0.1.1.4. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), тембріне қарап ажырату. | |||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырата алады. Көпшілік балалар: Музыкалық шығарманың сипатын ажырата біледі (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы). Кейбір балалар: Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыс-тар жасай алады. Музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс), тембріне қарай ажырата алады. | |||
Тілдік мақсат |
Балалар: Әуеннің сипатын, көңіл күйін, өз ойларын жеткізе әңгімелей біледі. Көптілділік: көгершін – голубь – dove. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Марш, күй, жоғары-төмен. Пікір алмасу сұрақтары: Музыкадан қандай әсер алдың? Тыңдаған әнді қалай бейнелер едің? Әннің мәтіні не туралы? | |||
Өткен ҰОҚ-нен алған білім |
Өткен сабақтарда алған білімдерін көрсете алады, музыкалық шығарманың түрлерін ажырата біледі. Өз ойларын еркін жеткізе әңгімелейді. | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | ||
Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-2 минут Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам 3-5 минут |
Музыкалық сәлемдесу. «Сәлеметсіз бе! Здравствуйте! Good morning!» (әндете амандасу). Балаларға кезекпен допты лақтыру арқылы сұрақтар қойылады, жауаптар тыңдалады. – Бақыт деген не? – Бақытты болу үшін не істеу керек? – Достарыңа бақытты болу үшін қандай тілек айтасың? |
Музыкалық сүйемелдеу
Доп | ||
ҰОҚ-нің ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут |
Т) Музыка тыңдау: «Ақ көгершін» (муз. Қ.Қалқатаев, сөзі Е. Баят). «Еркін самғап ұшсын» деп, Мәпелейміз, баптаймыз. «Бейбітшілік құсы» деп, Қайсы құсты біз мақтаймыз? – Ән сендерге ұнады ма? Неліктен? Ән қанша бөліктен тұрады? Мазмұнын әңгімелеп беруді ұсыну. (Т, Ж) Дауыс жаттығулары. «Тақ-тұқ», «Көңілді алақандар мен балақандар» жаттығулары. Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға үйрету. «Бейбітшілік құсы – көгершін» деп таныстыру. Көгершін – голубь – dove (Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Қазіргі би ырғағы» (муз. Е. Лапин). Музыкалық шығарманың сипатын мағыналы түрде көрсетуге дағдыландыру. Заманауи би элементтерін Полька (Б. Сметан), ұлттық би («Айгөлек») түрлерімен салыстыру, айырмашылықтарын түсіндіру. (Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: *Бейбітшілікті сен қалай елестетесің? Өз қиялыңмен қалаған суретіңді сал. Салған суретің туралы әңгімелеп бер. *Бұл ән қандай құс туралы? *Әннің қарқыны, көңіл күйі қандай? *Сен бұл құсты білесің бе? Мына құстардың арасынан көгершінді тауып, белгіле. |
«Ақ көгершін» әні
«Тақ-тұқ», «Көңілді алақандар мен балақандар» жаттығулары
«Біз бақытты баламыз» әні
Қазіргі би ырғағы» музыкасы Би элементтері көрсетілген суретті материалдар
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар | ||
ҰОҚ-нің қорытындысы. Рефлексия 28-30 минут |
(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау. – Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле. |
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар | ||