ТАҚЫРЫБЫ: 6-ҰОҚ. Жапырақтардан композиция жасау (заттық аппликация) |
Мектеп /МҰ: «Капитоновка ОМ» КММ | |||||
Күні: 12.10.2017 |
Педагогтің аты- жөні: Курмахан М. | |||||
Сынып/топ: 0 «А» |
Қатысқандар саны:3 |
Қатыспағандар саны: | ||||
ҰОҚ- ның оқытылу мақсаты |
0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану. 0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге бүктелген, қатпарлап бүк-телген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу. 0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру | |||||
Күтілетін нəтиже |
Барлық балалар істей алады: | |||||
-өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырма құрастыра алады; -өрнектерді симметриялы, ырғақты орналастыра алады; -желімді пайдалану дағдыларын қолдана алады; -жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарды ретке келтіре алады. | ||||||
Көпшілік балалар істей алады: | ||||||
-екіге, қатпарланып бүктелген қағаздан симметриялы пішіндерді қия алады; -қағаздың түстері мен реңктерін өз бетімен таңдай алады. | ||||||
Кейбір балалар істей алады: | ||||||
-елестету бойынша суреттерді құрастыра алады | ||||||
Тілдік мақсат |
Дағдыларды дамыту: -оқу міндетін түсіну және оны орындауға тырысу; -сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерілген біліктерді еске түсіру; -шығармашылық процесінің барысында мүмкіндіктер аясын талқылау; -қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану; -бейнелеу материалдарын мақсаттарды іске асыру үшін пайдалану, түпкі ойды түсіндіру; Көптілділік: жапырақтар – листья – leaves. | |||||
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: -композиция, жапырақтар, өрнектер, түс, реңк, екіге бүктеу, қатпарлап бүктеу | ||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: Жылдың әртүрлі маусымында ағаштардың жапырақтарында қандай айырма-шылықтар болады? Күзгі жапырақтардың түсі қандай? Қараағаш,терек, аққайың жапырақтарының пішіні қандай? Қағаз парағын екіге және қатпарлап қалай бүктейді? Симметриялы сурет дегеніміз не? | ||||||
Алдыңғы білім |
Халық өнерінің желісі бойынша әртүрлі пішінді қағаздан, (шеңберлер,шаршы-лар, сопақша) геометриялық элементтерден өрнектер құрастыру. Қағазды бірнеше қабат етіп бүктеу, бірден көп геометриялық сәндік элементтер, фигуралар қию, шаршы, тіктөртбұрыш, шеңбер, сопақша пішіндерді екіге бөліп қию, шаршыны диагоналі бойынша қию білігі. Қазақстанның өсімдік әлемі туралы түсінік. | |||||
Жоспар | ||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс- əрекет |
Ресурстар | ||||
I.Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–1мин.
|
(Ұ) ҰОқ-де оң көңіл күй орнату. Күз туралы өлең оқу. (Ұ) Тәрбиеленушілерге күз туралы тақпақ білетіндерін еске түсіруді ұсынамын. Күз белгілерінің мысалын келтіруді сұрау |
Музыкалық сүйемелдеу | ||||
II.Өмірлік тəжіри-бені маңызданды-ру. Мақсатты болжам. 2-5мин |
Күз Тоқтай тұрыңдар, ұшпаңдар, Ерке сылқым жапырақтар! Қызыл, сары, жасыл, қоңыр, Болармысың сондай қыңыр! Ұшпаңдар деп жалынғанмен, Ұшып кеттің желге еріп. Төбелермен, шатырлармен, Аулалармен, көшелермен Кетіп барад жаз да ұшып. С. Сон Балалардың сабақтың тақырыбына дайындықтарын тексеру. |
|||||
III.ҰОҚ тақырыбы бойынша жұмыс 6 – 25мин. |
(Ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс. Балаларға суретке қарап, жапырақтардың қай ағаштан түскенін анықтауды ұсынамын. Тәрбиеленушілер жапырақтардың әрқайсысының түсін, нысанын, көлемін сипаттайды (гербарийді немесе мектепке жол бойынша жиналған жапырақтарды пайдаланыңыз). Балаларға күзгі жапырақтардан қандай композиция құруға болатыны жөнінде қиялдап көруді ұсыну. Сәндік жапсырма құрастыруға тарту. (Ұ) «Күзгі десте» саусаққа арналған жаттығу. Балалар, күзгі дестені жинаймыз. Жапырақ тереміз (жұдырықтарды түюашу). Аққайыңның жапырағын, Шетеннің жапырағын, Теректің жапырағын, Көктеректің жапырағын Еменнің жапырағын (кезеккезек саусақтарды бүгу), Бір дестеге жинаймыз. Анамызға күзгі десте сыйлаймыз (жұдырықтарды түю ашу) (Ж,Ұ) Жұмыстың орындалу технологиясы Негізін шеңбер, шаршы немесе таспадан дайындаймыз. Желім негізгі беттің жиегіне ғана жағылады. Тәрбиеленушілер қандай пішінді жапырақтарды қиып алатынын және қағаздың қандай түсі қажет болатынын айқындауы тиіс. Барлық жапырақтар симметриялы. Сондықтан әзірлемелерді алдын ала екіге бүктеу әдісін қолданған орынды. Қағаз парағын (көлемі 4х6 см тіктөртбұрыш) тігінен екіге бүктейміз. Бүгу сызығы бойымен үлгіқалыптың көмегімен немесе үлгіге қарап сурет саламыз. Үлгіқалып ретінде серуендеген кезде жиналған жапырақты қолдануға болады. Әзірлеме пішінін, оның ені мен ұзындығын, көлемі мен бояуын өзгерткенде жапырақтардың, әсіресе күзгі жапырақтардың әртүрлілігін көрсетуге мүмкіндік беретініне балалардың назарын аударамын. Жапырақтарды қиып алып түзетеміз. Жапырақты қиып алу тәсілін балаларға көрсету үшін олардың бірін ортаға шақыруына болады. Бұл тәрбиеленушілердің өз түсінігін бекітуі және кезектілікті қайталауы үшін қажет. Жапырақтардың әзірлемелері дайын болған кезде оларды дайындалған негізгі бетке орналастырамыз. Балалардың назарын өрнектің қарапайым болуы, яғни бір элементтен тұруы немесе күрделі болуы, яғни жекелеген сарын бір-екі элементтен кейін қайталануы мүмкін екендігіне аударамын. Балалардың назарын негізгі беттің кеңістігінің біркелкі толтырылуына аудару. Сұлбаны қию кезінде балалардың назарын шеткі сызыққа аударады және қайшының қозғалысының кеңістікте бағдарлануына, маңыздылығына көңіл бөледі. Алдын ала композицияны қарап алғаннан кейін жапырақтарға желім жағып, оларды қатырғықағазға жапсырады. Тәрбиеленушілердің қалауынша кептірілген жапырақтар мен гүлдерді пайдалануға болады. (Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау ережелері Тәрбиеленушілерге мынаны ескерту қажет: қайшылар өткір болғандықтан, қауіпті құрал болып табылады. Қайшымен ойнауға болмайды, қайшымен қиып жұмыс жасалады. Қайшыны бетке жақындатуға, рұқсатсыз алуға, оны сілтеуге, лақтыруға, оны ұстап жүруге, әсіресе оны қолға ұстап жүгіруге болмайды, өйткені өзіңе зиян келтіруің мүмкін. Қайшыны бір-біріңе жабық күйінде берулерің керек. Қайшымен үстел басында отырып қана жұмыс жасайды. Жұмыс жасап болған соң, қайшыны өз орнына қояды. |
Әліппе-альбом. Күзгі жапырақ-тар жиналған гербарий. Күзгі жапырақтардан жасалған жапсырмалар (тәрбиеленуші-лердің жұмыс-тары, иллюстра-циялар, слайдтар болуы мүмкін).
Музыкалық сүйемелдеу
Түрлі түсті қағаздар, жай қарындаштар, ПВА желімі (немесе қарындаш- желім), желімге арналған жақ-қыш, шүберек, клеенка.
Магниттік тақта (флипчарттар). Көрнекі матер-иал – қағаздан қиылған жапырақтар.
Жаднама | ||||
ІҮ. сабақтың қорытындысы. Рефлексия. 26-30 минут |
(Ұ, Ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, өздерінің арасындағы ең үздік жұмысты таңдайды. Рефлексияның бір түрін таңдаймын: • физикалық (үлгердім – үлгермедім); • сенсорлық (өзін-өзі сезіну: қолайлы – қолайсыз); • зияткерлік (нені түсіндім, ұғындым – нені түсінбедім, қандай қиындыққа кезіктім); • рухани (жақсардым – нашарлай түстім, өзімді, өзгелерді жақсарттым, күйреттім). |
Жұмыстарын көрмеге қояды |