«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепалды даярлық. музыка ҚМЖ. Тақырыбы: Біздің мектеп №14

12.11.2017

Тақырыбы:  Біздің  мектеп               №14

Мектеп/Мұ: «Капитоновка  ОМ» КММ

Күні:  16.10.2017

Педагогтің  аты-жөні:  Курмахан 

М.

Сынып/ 0 «А»

Қатысқан   балалар  саны: 3

Қатыспаған  балалар  саны: 0

ҰОҚ-нің  оқытылу

мақсаты:

0.1.2.2.

Музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырату.

0.1.3.1. Музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату.

0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту

қабілетіне сүйеніп  ән салу.

0.2.2.2. Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ,

фортепиано, скрипка,

флейта), сондай-ақ балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон,

ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырату.

Күтілетін  нәтиже

Барлық  балалар:

 Музыкалық

мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырата алады.

Көпшілік  балалар:

 Музыкалық шығарманың қарапайым формасын (кіріспе,

қайырма) ажырата алады.

Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза

интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады.

Кейбір  балалар:

Дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын

(домбыра, асатаяқ, фортепиано, скрипка, флейта), балаларға арналған музыка

аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас)

ажырата алады.

Тілдік  мақсат

Балалар:

Мектеп туралы ойларын жеткізіп, мектептегі достары туралы әңгімелейді.

Көптілділік: мектеп – школа – school.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

маракас, шығарма, дирижер, оркестр.

Пікір алмасу сұрақтары:

Әуен қалай өзгерді?

Қандай аспаптың дауысын естідің?

Мектепке

не үшін барамыз?

Өткен  ҰОҚ-нен алған  білім

Таныс әуендерге би элементтерін қосып, өз ойларынан

суырыпсалма би көрсете біледі. Үйренген әндердің көңіл күйін,

сипатын бере орындайды.

Жоспар

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  іс-әрекет

Ресурстар

Дұрыс әсерлі көңіл күй  орнату   0-2 минут

Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам

3-5 минут

Музыкалық

 сәлемдесу.«Сәлеметсіз

бе! Здравствуйте! Good  morning!» (әндете

амандасу).

Өткен сабақта ұстаз – мұғалім туралы ән айттық. Бүгін  сол мамандық иелерінің

жұмыс орны – мектеп туралы  білетін  боламыз.

Үш тілде қайталап үйрету: мектеп – школа – school.

Мектепке

енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз. (А. Меңжанова)

Мектеп

 ережелері,

қызметі туралы түсінік беру

Музыкалық

сүйемелдеу

 


Мектеп

туралы

суреттер

ҰОҚ-нің ортасы

III. Тақырып бойынша

жұмыс   6-27 минут

(Т) Музыка тыңдау: «Мектебім» (Б. Бейсенова (үнтаспа).

– Әннің сипаты қандай?

«Үш түрлі көңіл күй» музыкалық-дидактикалық ойынын қолдану

арқылы әннің көңіл күйін ажыратуға баулу.

(Т, Ж) дауыс жаттығуы. «Жаңғырық» дауыс жаттығуын айту.

Әуеннің күшті және әлсіз бөліктеріне ерекше көңіл бөлу. Күшті  бөлігінде «Аууу!» – деп дауыстары

қатты  шықса, әлсіз  бөлігінде 

ақырын  орындау.

(Т,

Ж) Ән айту: «Мектебім»

(муз. А. Маханбетова).

Мектеп саған ұнай ма? Саған қандай сабақ қызықты?

Әннің мазмұны туралы не айта аласың? Қарқыны тез бе әлде жай  орындала ма?

Әннің сөзін анық, таза айтуға үйрету. Әннің кіріспе бөлімі мен  қайырмасын

ажыра білуге баулу. Айырмашылықтарын  түсіндіру, талқылау.

Әннің сөзін  анық, таза

айтуға үйрету. Қол

шапалақтау арқылы  әннің  ырғағын  қабылдауға  дағдыландыру.

(Т,

Ж) Аспапта ойнау. «Қандай

аспап?» (муз Б. Дәлденбай, сөзі А. Меңжанова).

Маракас аспабымен таныстыру. Әннің сөзін,

әуенін айта отырып ұрмалы аспаптарда ойнауды 

жалғастыру. «Оркестр» және «әншілер» топтарына бөлініп, дирижер  сайлау. «Дирижер», «оркестр» сөздеріне

түсінік беру. «Оркестр» тобы  аспаптарда

ойнайды, «әншілер» әнді айтып, дирижердің көмегімен  шығарманы орындайды.

Ұлттық ойын «Етек-етек».

(Т, Ж)

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Мектепке  не үшін  барасың? Мектепте не үйренесің? Суретке

қарап, өз мектебің туралы  әңгімеле.

Әннің ырғағын ажырат. Әуеннің  қозғалысын

 берілген

үлгіден таңдап, сызықтарды сәйкес түспен қос.

Мектепке қандай құрал-жабдықтар қажет? Атап айт. Өзің  қолданатын 

құрал-жабдықтардың суретін  салып,

таңдаған  түстеріңмен  боя.

2-сабақ. Айсұлудың

сұрағы мен тапсырмасы: Әнді мұқият

тыңда.

Не

туралы айтылады? Көңіл күйі қандай? Әннің ырғағын ажырат. Әуеннің

қозғалысын берілген үлгіден таңдап, сызықтарды сәйкес  түспен қос.

Суретке қарап, музыкалық аспаптарды ата. Ұрмалы аспаптарды  қоршап сыз.

Орман тұрғындарына мектепке бару үшін жол көрсетіп, көмектес.  Аюдың жолын көк

сызықпен, түлкінің жолын сары, қоянның жолын жасыл,

үкінің жолын қызыл түспен сызықтарды қосу арқылы мектепке жеткіз.

Аудиожазба

«Мектебім»

(үнтаспа)


 

Үлестірмелі

карточкалар

«Жаңғырық» дауыс

жаттығуы


 

«Мектеп-дастан»

әні


 

 

 

 

 

 

«Қандай

аспап?»

әні

 

 

 

 




Музыкалық

аспаптар немесе

слайд суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

ҰОҚ-нің қорытындысы.

Рефлексия

28-30 минут

(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты  балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау.

– Егер  сабақ қызықты өтті деп ойласаң,

әліппе-дәптердің  төменгі  бұрышындағы ортасында соль кілті  бар 

шеңберді жасыл  түспен, ал

қызықты болмаса, қызыл  түспен  бояп  белгіле.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

Просмотров: 3491


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст