Тақырыбы: Көңілді әуендер |
Мектеп/Мұ: «Капитоновка ОМ» КММ | |||
Күні: 20.10.2017 |
Педагогтің аты-жөні: Курмахан М. | |||
Сынып/ 0 «А» |
Қатысқан балалар саны: 3 |
Қатыспаған балалар саны: 0 | ||
ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты: |
0.1.2.1. Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату. 0.1.1.2. Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы). 0.3.1.1. Музыкаға қосылып оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау. 0.3.2.1. Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған музыка аспаптарының көмегімен суырып салу. | |||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: | |||
Музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырата алады. | ||||
Көпшілік балалар: | ||||
Музыкалық шығарманың сипатын (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы) ажырата алады. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасай алады. | ||||
Кейбір балалар: | ||||
Сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған музыка аспаптарының көмегімен суырып салып айта алады. | ||||
Тілдік мақсат |
Балалар: Өздеріне таныс, сүйіп тыңдайтын әндерін орындайды. Көптілділік: күлдіргіш – клоун – clown. негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Музыкалық фраза, фортепиано, ойнақы, салтанатты. Пікір алмасу сұрақтары: Қандай әуендер «көңілді әуендер» деп айтылады? Көңілді, ойнақы ырғақ жай ойнала ма әлде тез бе? Қандай көңілді әндер білесің? | |||
Өткен ҰОҚ-нен алған білім |
Балалар тыңдаған шығармалары туралы өз пікірлерін айтады. Маракас аспабының дыбысын ажырата алады. | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | ||
Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-2 минут Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам 3-5 минут |
Музыкалық сәлемдесу.«Сәлем! Привет! Hello!» (әндете амандасу). Мимикалық жаттығу: «Көңілді және мұңды». Кө-ңілді немесе мұңды әуен ойналғанда сәйкес карточ-каны көрсетіп, мимикамен көңіл күйін білдіреді. – Балалар, музыка әлемінде көңілді және көңілсіз әуендер болады. Ойнақы, ашық-жарқын әуендерге көңілді секіріп билеуге болады. Ал көңілсіз әуендер мұңды, жабырқау болып келеді. Қазір мына шығармалардың қандай көңіл күйде екенін тыңдап көрейік. |
Музыкалық сүйемелдеу
Үлестірмелі карточкалар | ||
ҰОҚ-нің ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут |
(Т) Музыка тыңдау: «Күлдіргіштер» (муз. Д. Кабалевский), «Марш» (муз. С. Прокофьев). Әннің сипатын ажырату. Ырғақты сезіну үшін маракас, бубен аспаптарында ойнау. «Ойнақы» сөзіне түсінік беру. Марш әуенімен салыстыру, айырмашылықтарын көрсете білу. (Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Ән шырқайық», «Барабан» жаттығулары әнді еркін айтуға қалыптастырады. (Т, Ж) Ән айту: «Бейбіт болсын қашанда» (муз. мен сөзі А. Досмағамбет). Әлем сүйген салтымыз бар, Бейбітшілік – ел ұраны. Өмір сүйген халқымыз бар, Бейбіт елдің біз ұланы. (Н. Шәкенов) – «Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсінесің? Әннің салтанатты көңіл күйде екенін түсіндіру. (Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Тапқыр музыканттар» («Оңай пьеса» Л. Шкерянс; «Тироль вальсі» Ф. Пуленк; «Марш» Я. Ваньгал; «Қаздар маршы» Б. Канэда). Би жанрларын ажыратуға баулу. Әуенге ілесе әсем, мәнерлі қозғалуға үйретуді жалғастыру. (Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Көңілді күлдіргіштер қайда өнер көрсетеді? Әуенді тыңдап, көңіл күйін ажырат. Суреттегі күлдіргіштер-дің барабанын көк түске, маракасты – қызыл, бубенді жасыл түске боя. Суреттегі кейіпкерлер қалай дыбыстайды? Дауыстарын салып көрсет. Көңілді ән салатын қайсысы деп ойлайсың? Сол кейіпкерге ортадағы әдемі гүлді сыйла, қызыл сызықпен қос. |
«Күлдіргіштер» «Марш» музыкасы Аудиожазбалар
«Ән шырқайық», «Барабан» жаттығулары
«Бейбіт болсын қашанда» әні
«Тапқыр музы-канттар» музыкасы («Вальс», «Марш») Би жанрлары туралы Слайд суреттер Аудиожазба
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар
| ||
ҰОҚ-нің қорытындысы. Рефлексия 28-30 минут |
(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау. – Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле. |
Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар |