«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепалды даярлық. экология негіздері ҚМЖ. ТАҚЫРЫБЫ: Бөлме өсімдіктерін күту

12.11.2017

ТАҚЫРЫБЫ: Бөлме 

өсімдіктерін  күту

Мектеп /МҰ:  «Капитоновка  ОМ» КММ

Мерзімі: 13.09

Педагогтің  аты- жөні:

Сынып/топ:  0 «А»

Қатысқандар  саны: 3

Болмағандар:

ҰОҚ- ның  оқытылу  мақсаты

0.1.1.1 Табиғат  бұрышындағы  өсімдіктерге  күтім  жасау

Болжамды  нəтиже

Барлық  балалар  істей  алады:

·  «Бөлме  өсімдіктер»  деген  ұғымды  түсіндіре  алады

Көпшілік  балалар  істей  алады:

·  Өсімдікке  пайдалы  іс- əрекеттерді  атауды.

·  Өсімдікке  зиян 

келтіруі  ықтимал  жағдаяттарды  атауды.

Кейбір  балалар  істей  алады:

· Бөлме өсіміктерінің  не  үшін  керек екенін  айтып 

бере алады;

Тілдік  мақсат

Дағдыларды  дамыту.

« 4 бұрыштың  стратегиясы (сыни  тұрғыдан 

ойлауды  дамыту)»

технологиялық  тəсілі  шегінде 

болжамдар  ұсыну.

Болжамдар  ұсыну  үшін 

тіректер  пайдалану.

Табиғатқа  пайдалы  іс- əрекеттермен  зиян 

келтіруі ықтимал жағдаяттарды 

салыстыру. Табиғатқа  пайдалы  іс- əрекеттермен  зиян 

келтіруі  ықтимал  жағдаяттардың  маңыздылығы 

туралы  əңгіме.

Көптілділік: өсімдік –растения –plants

Негізгі  терминдермен  сөз  тіркестері:

Бөлме  өсімдіктері,

пайдалы  іс-

əрекет, зиянды  іс- əрекет;

ағаш  отырғызу,

гүлге  су  құю.

Ұйымдастырылған  оқу қызметінде диалог/хат үшін  қолданылатын тіл:

Талқылауға  арналған  сұрақтар.

Бөлме  өсімдіктеріне  қандай  күтім  жасайсың?

Өткен  ҰОҚ –інде алған  білім

Табиғат  туралы  қарапайым 

түсініктер; табиғатты  сақтап  қалу, табиғаттың  зиянды 

амалдар  жасамауға  жəне 

пайдалы  іс- əрекеттерге  біршама 

тəуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған  іс- əрекет

Ресурстар

Жоспарланған  уақыт

I.Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

          0–2мин.

 

 

 

 

 

II.Өмірлік  тəжірибені

маңыздандыру. Мақсатты болжам.

         3-5мин

(Ұ) Ұсынылатын 

мəтін (мысал  ретінде)

«Табиғат –адам  баласын  дүниеге 

келтіріп, бойындағы  бар  махаббат мейірімін шұғылалы шуағын

жүрегімізде ұялатқан  ана».

                                                                   М. Жұмабаев.

 

Өсімдіктер – тірі  организмдер 

дүниесіндегі  негізгі екі

топтың  бірі. Құрлықтың  барлық 

жерінде өседі. Өсімдік-терді 

топтарға біріктіргенде 

олардың  біріне- бірінің  ұқсастықтары немесе  айырмашылықтарын  көрсететін белгілер  пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің

біріне – бірінің  туыстық  жақындықтарының  деңгейі

анықталады. Өсімдіктердің  өмірі

қоршаған ортамен, əсіресе 

топырақпен  жəне  климатпен 

тығыз  байланыста  болады.

(Ұ) Педагог  балаларға  бүкіл топ 

ішінде  жайылып

қойылған  суреттерді  жинауды 

жəне  онда бейнеленгендерді

бір  сөзбен  атап 

берулерін сұрайды.

(Өсімдіктер). Кейіннен  ҰОҚ тақырыбы  тұжырым-далады:   «Бөлме 

өсімдіктерін  күту».Педагог

балалардың  бөлме өсім-діктерін  күту 

жайында  неге  үйренгілері 

келетінін  сұрайды  (Балалардың 

пікірле-рі  тыңдалады).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлме  өсімдіктері

бейнеленген  суреттер.

III.ҰОҚ  тақырыбы  бойынша 

жұмыс

         6 – 27мин.

(Ұ) «Əли  мен  Айя. Ағаш 

отырғызу» мультфильмінен үзінді 

көруді  ұсыну.


Өсімдіктер тіршілік  иесі  жəне 

пайдасы  өте  зор.

Бөлме  өсімдіктері  бөлмеге 

сəн  береді. Ауаны  тазартып

тұрады.

Бөлмедегі  өсімдіктерді  күнделікті 

суарып, жапырақтарының  шаңын  сүртіп 

отыру  қажет. Топырақтарын  күрекшемен 

қопсытып, қураған  жапырақ-тарын  тазалап 

отыру  керек.Кейбір  гүлдер 

гүл  атпайды, тек  жапырақ 

қалпында  əдемі  болып 

тұрады.

 

(Т) «Бұрыштар»  сыни 

тұрғыдан  ойлау  стратегиясы.

Бөлме  өсімдіктерін  күту 

керек пе, керек  емес пе? Топтарда  түсіндіріңдер: 1-топ –керек, 2-топ

–керек  емес (Неүшін?  Неге?).

Педагогтер  балалардың  назарын 

болжамдар  ұсынуды

үйренуіне  аударады. Балалар бұл  кезде 

осы  тіректі

пайдалануына  болатындығын  ескертеміз:

· ықтимал

· болжамдайық

· мүмкін

· солай  дейік

· ал, егер…

(Ұ, Т) Өзекті  мəселе.

Бөлме  өсімдіктерін  күтуге 

су  құюды  жатқыза аламыз

ба? БОЛЖАМДАР. Ойланшы, бұл  іс- əрекет  өсімдік

тіршілігіне  қалай  көмектесті?

 

(Ұ) Сергіту  сəті.

Шаршағанда 

ырғалып,

Гүлге  ұқсап  демалам.

Қанатымды  бір  қағып,

Гүлдей  болып   жайқалам.

   (Ұ,

Т)Бақылау.

Педагог  балаларға  бөлме 

өсімдіктерін  күтпесек  не

болатындығы  туралы  БОЛЖАМДАР 

ұсынуды  сұрайды?

Өсімдіктерді  азайтып, не  тіпті 

жойып  жіберсек  не 

болады  болжамдаңыз. Ал  егер 

өсімдіктерді  көптеп  отырғызып 

жүрсек  не  болады? (Тазаауа, желден). Сонымен  өсімдіктерге су  құю, дұрыс топыраққа  отырғы-зу, өсімдікті күтуге  жатқызуға болама? Өсімдіктерді қорғауға не

керек? (Жарық,судың суреттері 

бейнеленген карточкалар 

тақтаға  бекітіледі).

Балалар  педагогке гүлді  отырғызуға 

көмектеседі. Əрбір  іс-əрекетін  түсіндіреді.

Үй  өсімдігі  ауырып 

тұрғанда  не  істеу 

керек? (Проблемалық  жағдай  туғызу, балалар  жауаптарын 

тыңдау).

Басқа  бөлмелерде  өзін 

нашар  сезінетін  өсімдіктерді  жинап, жуыну  бөлмесін «емхана»ретінде  пайдаланыңыз. Көптеген  түрлеріне 

ыстық  пен  ылғал 

ем  ретінде  əсер 

етеді. Көптеген  өсімдіктер

«емханадан» кейін 3–6 күнде  қайта  қалпына 

келеді. Жуыну  бөлмесінде

тұрған  өсімдіктерге  суды 

көп  құюға  болмайды, өйткені  олар 

ылғалды  ауадан  алады 

жəне  де  бөлмені 

желдетіп  тұру  керек. 

Өсiмдiктердiң  сабақтары  созылып 

бір  жаққа  қарай 

қисайып  өседі. Нелiктен?  Өсiмдiктер 

анық  жарықтың  жетіспеушілігіне  ұшыраған жағдай. Мұндай  жағдайдан 

шығу  үшін  өсімдік 

жарық  көзіне  қарай 

қисайып  өсе  бастайды. Бұл  феномен 

қыстыгүнi  жиiрек   байқалады, себебі  табиғи 

жарық  көзі  азаяды. Сабақтары   ұзарған, бозарыңқы жапырақтар  кездесуі –жарық  көзінің 

кем екендігінің  белгiсi.

Бөлме  өсімдігін күту

–өсімдіктің  өсуіне  жағдай 

жасау.

Пайдалы  іс- əрекет– нəтижесінде  жақсы 

көрсеткіштер болатын  іс- əрекет.

Зиян  келтіретін  амалдар – өзінен  кейін 

жамандық  қана қалдыратын  амалдар.

(Ө)Əліппе- дəптермен  жұмыс.  Əліппе- дəптердегі  шартты 

белгілер  таныстырылады.

Педагог  ауа  райын 

бақылау  жұмысын  бастайтынын 

айтып, əр жаңа  тақырыптың  соңында 

берілген  шартты  белгілерді 

қалай белгілеу  керектігін  түсіндіреді. Сонымен  қатар 

ашық  күн, бұлтты  күн 

немесе  қар  болса, қай 

белгіні  белгілеу  керектігін көрнекі  түрде 

түсіндіруі  тиіс.

1.Суретке  қарап, бөлме  өсімдіктерінің  құрылысын  

атап, суретін  сал.

2.Бөлме 

өсімдіктеріне  қажетті  құралдарды 

ата. 3.Сурет  бойынша  бөлме 

өсімдігін  қалай  күту 

керектігін əңгімелейді. Суреттерді 

бояйды.

4.Екінші  жəне  үшінші 

суреттердегі  гүлдерден  қандай 

өзгерісті  байқадың?

«Əли  мен  Айя. Ағаш

отырғызу»

мультфильмінен  үзінді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Əліппе- дəптер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағаш, су, күнсəулесі

бейнеленген  карточкалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əліппе- дəптер.

IV. ҰОҚ  қорытындысы.

Рефлексия.  28-30мин

(Ұ, Ө) балаларды  қорытынды  жасауға 

əкелу. Марапаттау. Рефлексивті 

бағалау. Балаларға   жапырақты  түсті 

қарындашпен  бояп  шығуға 

ұсыныс  жасаймын.

1-деңгей –ештеңе  түсінбедім

–қоңыр. 2-деңгей – түсіндім, бірақ  түсіндіре  алмаймын –сары. 3-деңгей – бəрін  түсіндім, басқаларға  да  түсіндіріп  бере 

аламын –жасыл.

Əліппе- дəптер.

Просмотров: 2147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст