Тақырыбы: Отбасым – бақытым Ортақ тақырып: Менің айналамда кімдер бар? |
Мектеп/Мұ: «Капитоновка ОМ» КММ | |||
Күні: 13.11.2017 |
Педагогтің аты-жөні: Курмахан М. | |||
Сынып/ 0 «А» |
Қатысқан балалар саны: 3 |
Қатыспаған балалар саны: 0 | ||
ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты: |
0.1.1.3. Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – «құс», орташа – «қоян», төмен – «аю») анықтау. 0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу. 0.1.3.1. Музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату | |||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: | |||
Музыкалық шығарманың қарапайым формасын (қайырмасын, кіріспесін) ажырата алады. | ||||
Көпшілік балалар: | ||||
Таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән сала алады. | ||||
Кейбір балалар: | ||||
Қарқынды (жылдам, баяу), динамиканы (қатты, ақырын), регистрді (жоғары – «құс», орташа – «қоян», төмен – «аю») ажырата алады. | ||||
Тілдік мақсат
|
Балалар: Отбасы туралы әңгімелей алады. Отбасы мүшелері кімдер екенін ажыратады. Көптілділік: отбасы – семья – family. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Әуен, ырғақ, қалып. Пікір алмасу сұрақтары: - Аналарың ұйықтар алдында қандай ән айтады? - Сендер аналарыңа қандай ән айтасыңдар? - Саған қандай аспапта ойнаған ұнайды? | |||
Өткен ҰОҚ-нен алған білім |
Өткен сабақта қандай ән айттыңдар? Музыка тыңдаған сендерге ұнай ма? Әнде кім, не туралы айтылғанын еске түсіру. | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | ||
Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-2 минут
|
Балалар көңілді музыка әуенімен келеді. Педагогпен әндетіп амандасады. Шеңбер бойымен жүріп, би қимылдарынан элементтер жасайды. |
Музыкалық сүйемелдеу
| ||
Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам 3-5 минут |
– Балалар, «отбасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер? – Отбасыларыңда кімдер бар? – Сендер ұйықтар алдында аналарың әндетіп ұйықтатады, сол әнді «бесік жыры» деп атайды. Бүгінгі әніміз де, тыңдайтын әуеніміз де осы тақы-рыпта болмақ. Әуеннің қарқынын, динамикасын, регистрін талдап, түсіндіру. |
| ||
ҰОҚ-нің ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут |
(Т) Музыка тыңдау: «Бесік жыры» (муз. И. Нүсіпбаев, сөзі С. Жиенбаев). Әнде не туралы айтылғанын, алған әсерлерін сұрау. Балаларға «бесік жыры» туралы мәлімет беріңіз. Балалардан бұл ән күннің қай мезгілінде орындалатынын сұрау. (Т, Ж) дауыс жаттығулары: «аққу» (Сүгір). Әуенді асықпай,төменнен жоғары қарай әндету. Әуенді «га-га» буынында орындау. Дауысты ашық «а» дыбысын дөңгелете айтуға жаттықтыру. (Т) аспапта ойнау: «Қандай аспап?» (муз. Б. Дәлденбай). Балалар музыка аспаптарының тембрі (бояуы) арқылы қай аспап ойналып жатқанын ажыратады. (Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: - Сенің отбасыңда қандай отбасылық мерекені атап өтеді? - «Өнерлі отбасы» атану үшін отбасы мүшелеріне қандай сыйлық заттар ұсынар едің? - Бесік жырының әуені қандай? - Дауыс биіктігі қандай? Жоғары ма әлде төмен бе? Суреттегі қай жануардың дауыс биіктігі, ырғағы бесік жырының әуеніне ұқсайды? |
«Бесік жыры» әні
Сылдырмақ, даң-ғыра, ысқырық аспаптары
Әліппе-дәптермен жұмыс жасау үшін түрлі-түсті қарындаштар | ||
ҰОҚ-нің қорытындысы. Рефлексия 28-30 минут |
(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау. – Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле. |
Әліппе-дәптер, түрлі түсті
|