«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.11.2017

ТАҚЫРЫБЫ:  Дене  бітімі 

дегеніміз  не?

Мектеп /МҰ: «Капитоновка  ОМ» 

КММ

Күні: 12.10.2017

Педагогтің  аты- жөні: Курмахан  М.

Сынып/топ:  0 «А»

Қатысқандар  саны:3

Қатыспағандар  саны:

ҰОҚ- ның  оқытылу  мақсаты

0.1.1.1. Адамның дене құрылысын білу.

0.1.1.2. Дене бітімін сақтаудың ережелерін білу және қолдану

Күтілетін  нəтиже

Барлық  балалар  істей  алады:

Адамның қарапайым дене құрылысын атайды.

Көпшілік  балалар  істей  алады:

Дене бітімін сақтаудың ережелерін түсінеді және

қолданады

Кейбір  балалар  істей  алады:

Дене бітімінің дұрыс

қалыптасуына дене шынықтыру жаттығуларының әсерін

және рөлін түсіндіреді.

Тілдік  мақсат

Дағдыларын дамыту:

Жаңа сөздерді дұрыс атайды және оның мағынасын біледі.

Денсаулық сақтау әдісі туралы болжамдарды талқылайды.

Көптілділік: сымбат – осанка – рosture

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:ертеңгілік жаттығу, дене бітімі,

жүріс,

омыртқаның қисаюы, арқа омыртқасының қисаюы, жалпақтабандылық,

массаж (уқалау). Қаңқа, бассүйек, омыртқа, аяқ-қол сүйегі, бұлшық ет, сынық,

буын.

Тері, жеке тазалық, терідегі ұсақ тесіктер, терінің тыныс алуы, жара, күйік,

күнге күю, күнге қарсы жақпамай.

Пікір алмасу сұрақтары:

Адам ненің көмегімен түрлі қозғалыстарды жасайды?

Адам сүйегі қаншалықты мықты болады? Олардың бұзылу қаупі бар ма?

«Қаңқа» дегеніміз не?

Омыртқа қисаюы несімен қауіпті (дене бітімі)?

Тері жарақаты кезінде не жасау керек?

Өткен  ұйымдасты-рылған  оқу қызме-тінде  алған 

білім

Адамның дене құрылысы жайлы

қарапайым түсінік

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  іс-

əрекет

Ресурстар

I.Дұрыс

əсерлі көңіл күй орнату.

          0–1мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ұ) Жағымды көңіл күй орнату. Қыздырайық денені

Кел, балалар, кел бері,

Қыздырайық денені.

Орнымызда тұрып-ақ,

Жүгірейік бір уақ:

Бір, екі, үш! Бір, екі, үш!

Екпіндей түс!

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық,

Алға және озбайық

 

II.Өмірлік  тəжірибені

маңыздандыру. Мақсатты болжам.

         2-5мин

(Ұ, Ж)проблемалық сұрақ:

Неліктен адамның денсаулығы мен көңіл күйіне жаттығуды

орындау маңызды? Ненің әсерінен адамның денесі мықты,

икемді, сымбатты болады?

 

III.ҰОҚ  тақырыбы 

бойынша  жұмыс

         6 – 25мин.

Педагог ақпараты: Әдетте  өз денсаулығына  мән 

беретін

әр отбасында, мектепте үлкендер мен балалар күнін

ертеңгілік жаттығумен бастайды. Ертеңгілік жаттығу – бұл

таңғы уақытта, ұйқыдан тұрғанда немесе ҰОҚ алдында

орындалатын жаттығулар жиынтығы. Жаттығумен жүйелі

айналысатындарда ұйқышылдық жоғалады, сергектік

сезім пайда болады, эмоциялық өрлеу басталады, еңбек

қабілеттілігі артады. Адамның денесі мықты әрі күшті, епті

және сымбатты болуы үшін жүйелі түрде жаттығу жасау ғана

емес, сонымен қатар үнемі өзінің жүрісі мен дене бітімін

қадағалау керек.

(Ұ, Ж)проблемалық сұрақ:

– Дене бітімі дегеніміз не? Неліктен ерте жастан бастап

өзінің дене бітімін қадағалау маңызды?

Педагог балаларға сәнқой рөліне еніп, достарының

алдында подиумда жүргендей сезінуді ұсынады. Балалар өз

еріктерімен шығып, бірінен соң бірі дене бітімін және жүру

мәнерін, яғни жүрісін көрсетеді, тапсырманы орындаған

уақыттағы өздерінің алған әсерлерін талқылап, кімде

«сәнқой» рөлі сәтті шыққанын анықтайды.

Қорытынды:арқасын тік ұстап, иығын жазып, жүзінде

күлкі үйірілген, жеңіл қозғалатын қызға қарасаң, көзің тояды.

Егер дене бітімі мен жүрісі жақсы болса, ұлдар сымбатты

әрі қайратты көрінеді.

Педагог ақпараты:Сымбат – адамның отырғандағы және

жүргендегі қалыпты дене бітімі.

(Ұ, Ж)проблемалық сұрақ:

– Адамның денесі қалай құрылған, денеге арқасын тік ұстап,

түрлі қозғалыстар жасау үшін не көмектеседі?

(Ұ) тәжірибе:Педагог балаларға медициналық қолғап

таратып, бұл адам денесі деп елестетуді сұрайды және

қолғаптан жасалған адамды үстел үстіне қоюды ұсынады.

Қолғап тік тұрмай, құлай береді. Педагог қолғапты қолдарына

киюді ұсынады, сонда ол өз пішінін сақтап, құламайды.

Қорытынды: Егер адамда осындай мықты сүйек болмаса,

онда ол қолғап сияқты құлап қалады.

Педагог ақпараты:Адамның негізгі дене мүшелері – бас,

мойын, дене, қол және аяқ. Бұл дене мүшелерінің барлығы

көптеген ұсақ және үлкен сүйектерден тұрады. Сүйектер

адамның дене құрылысында маңызды рөл атқарады. Олар

тірек қызметін атқарып, ішкі ағзаларды қорғайды. Бассүйек

миды, қабырғалар өкпе, жүрек және басқа да ағзаларды

қорғайды.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Қаңқа дегеніміз не?

Балалар адам қаңқасының суретін қарайды.

Адамның барлық сүйектері «қаңқа» деп аталады. Яғни,

адам қаңқасы – адамның барлық ішкі ағзаларын сақтайтын

мықты  тірек.

Педагог ақпараты: Адамның денесінде сүйек маңызды

рөл атқарады. Ол адамға тірек қызметін атқарады және

ішкі ағзаларды қорғайды. Мысалы, бассүйек бастағы миды

қорғайды. Қабырға ішкі ағзаларды сақтайды. Омыртқасыз

адам тұра алмайды.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Педагог балаларға дәптердегі дұрыс қалыпты омыртқаның

суретін белгілеуді ұсынады.

(Ұ, Ж)проблемалық сұрақ:

– Омыртқаның қисаюы несімен қауіпті, оның салдары

қандай болмақ?

Педагог ақпараты:Омыртқаның қисаюы қауіпті –

сколиоз ауруына әкеліп соғады. Уақытында омыртқаның

қисаюын байқамаған балалар тез шаршап, өз қатарларымен

салыстырғанда дамуы жағынан төмендей береді. Қаңқа

сүйегі ішкі ағзаларын басып, дұрыс дамуына кедергі

жасайды.

Балада ақырындап бас, бұлшық ет

ауруы және басқа

түрлі ауру сезімдері пайда болады. Уақыт өте келе,

сыртқы бейнесі, келбеті, дене бітіміөзгеріске түсіп, өзге

балалардан ерекшеленіп тұрады. Әрине, соңында, адам

өз кемшілігінен ұялып, өзге сымбатты қатарластарының

жанында ыңғайсыз сезінуіне алып келеді.

Сколиоз ауруын емдеу өте қиын,

сол себепті балалар осы

ауру туралы және оның алдын алу жайлы білуі керек.

– Сколиоз ауруының қалай алдын алу қажет?

Сколиоз ауруын емдеу өте қиын, сол себепті балалар осы

ауру туралы және оның алдын алу жайлы білуі керек. Олар

жүрістерін, дене

бітімін, омыртқасының жай-күйін қадағалап, дене

шынықтыру жаттығуларын жасауы қажет.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Адамның дене бітімін не өзгертуі мүмкін?

Балалар педагогпен бірге Әліппе-дәптердегі үстел басында

қалай отыру керек, кітап, дәптерлерді қалай ұстау керек

және кім ауыр сөмке көтеретіні жайлы суреттерді қарап,

талқылайды.

Педагог ақпараты:Сымбат– адамның отырғанда да,

жүргенде де, тұрғанда да қабылдай алатын әдепкі қалпы.

Сымбат – адамның дұрыс дене бітімі: басы, мойны, иығы,

арқасы. Сол себепті, ата-аналар мен педагогтер баланың

дене бітіміне ерекше көңіл бөлуі керек:

• Баланың жүрісіне (мүмкін ол бүкірейіп жүретін шығар);

• Баланың жүргендегі, үстел басында отырғандағы және

ойын барысындағы дене қалпына;

• Оқу құралдарын немен және қалай ұстайтынына (ауыр

сөмкені бір қолымен немесе ауыр аспалы сөмкені иығына

асып жүре ме?)

• Спорттың қай түрімен

айналысады және т.б.

Қорытындылау:Тамақтанғанда, теледидар қарағанда,

ҰОҚ-де отырғанда дене бітіміне әрдайым мән беріп,

қадағалап жүру қажет. Балаларға арқақоржын ұстаған жөн.

Ол омыртқаға түсетін күшті біркелкі етіп теңейді.

– Дұрыс дене бітімі қандай болады?

Дене бітімі дұрыс қалыптасу үшін арқа, иық және мойын

бұлшық етіне күш түсіру керек. Жүргенде өзімізді еркін

ұстап, отырғанда арқамызды тік ұстауымыз керек.

– Дене бітімімізді қалай тексере аламыз?

Достарымен және үлкендермен бірге қай дене бітімі өзі үшін

дұрыс екендігін анықтайды:

• Қабырғаға арқаны тіреп тік тұру қажет. Иық – тік, іш –

тартылған.

• Қалпын өзгертпей қабырғадан алыстап, қайта жақындау қажет. Және басты тік

ұстаған дұрыс.

(Ұ, Ж)дене бітімін қалыптастыруға арналған

жаттығулар:

• Басына қапшық қойып жүру.

• Ауыр кітапты басына қойып, құлатып алмай жүру.

• Гимнастика орындығымен жүру.

• Қабырғаға тұру, керілу т.с.с.

Ауыр кітапты басына қойып

жүруге, отырып тұруға және

билеп жаттығуды күрделендіруге болады.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар дұрыс қалыптасқан дене бітімінің суретін қарайды.

Есіңде ұста!Адам туылғаннан дене бітімі біртіндеп

қалыптасады және оның қалыптасуын ерте жастан бастап

қадағалау қажет. Сол себепті балалық шақтан дұрыс дене

бітімін сақтаудың негізгі ережелерін ұстану аса маңызды.

• Дұрыс отырып үйрену керек: ерік-жігерін салып арқаны

тік, түзу қалпында ұстау, басты және дененің жоғарғы

бөлігін төмен имеу немесе салмақ барлық денеге бірқалыпты

таралатындай болуы керек.

• Ұзақ уақыт отырған кезде жаттығу жасау пайдалы.

• Жүйелі түрде шынықтыру жаттығуларын жасау; жаяу жүру,

велосипед тебу.

Көптілділік:сымбат – осанка – posture

Педагог ақпараты:Омыртқаның көмекшісі – табан. Табан

жүруде маңызды рөл атқарады. Табан пішінінің өзгеруі

жалпақтабандылыққа әкеледі. Оның алдын алу үшін

табанға арналған арнайы жаттығулар жасау қажет:

• Аяқ саусақтарымен қарындаштарды жина.

• Аяқ саусақтарымен сүлгіні ал.

• Таяқшаларды табанмен тербет

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

– Адамның сүйегі қаншалықты мықты? Олардың

зақымдалуына қауіп бар ма?

Педагог балаларға сүйектерін ұстап көруді ұсынады,

олардың тізесінің, шынтақтың сүйектері қандай мықты

екенін айтады. Бірақ байқаусызда қатты құласа, мықты

сүйектер де зақымдалатынын ескертеді. Сүйектерді сақтау

үшін, келесіереженіорындау қажет:

• Баспалдақта ойнауға болмайды!

Құлап, жарақат алуың мүмкін.

• Биіктен секіруге болмайды! Сүйектер мен буындар

зақымдануы мүмкін.

• Сүйекті қатайтатын сүт және басқа да азық-түліктерді

тұтыну қажет.

Педагог ақпараты: Адам қозғалу үшін тек сүйек қана

жеткіліксіз. Барлық сүйек бір-бірімен буын және бұлшық ет

арқылы байланысады. Адам денесінде бұлшық ет өте көп,

бұлшық етсіз адам жүре де, жүгіре де, тұра да, отыра да, тіпті

саусағын қозғалта алмайды. Өйткені барлық қозғалысты

адам буын және бұлшық еттің көмегімен орындайды. Кез

келген жұмысты орындауға қабілетті адамдар бар. Бұл

адамдардың бұлшық еттері жақсы жетілген. Олардытөзімді

дейді. Спорттың барлық түрінде күш пен шыдамдылық

жоғары бағаланады. Спортшылардың бұлшық еттері бөлініп

(айқындалып) тұрады.

Педагог балаларға қолдарын бүгіп, бұлшық еттерін ұстауды

ұсынады.

Есте сақта:

– Мықты, шыдамды, епті болғың келсе, бұлшық етіңді

төзімділікке шынықтыр, ол үшін бұлшық етке салмақты

біртіндеп  түсір.

– Ата-анаңа үйде, бақта көмектесуің – бұлшық етті

шынықтырар ең тамаша жаттығу.

– Адамның денесі толықтай немен қапталған?

Адамның қаңқасы бұлшық еттермен қапталып, оларды тері

сыртқы ортадан қорғайды. Тері қорғағыш қызметін атқарады,

микробтардан, түрлі жарақаттан, күйіктен, соққыдан, үсуден

сақтайды.

Көптілділік:тері – кожа – skin

Тәжірибе: Балалар лупаның көмегімен қол терісіндегі ұсақ

саңылауларды қарайды.

Педагог ақпараты:Адамның денесі терідегі ұсақ тесіктер

арқылы тыныстайды. Егер тері кір болса, ұсақ тесіктер

бітеліп, дененің тыныс алуы қиындайды. Кір теріде түрлі

тері ауруын, ішек ауруларын тудыратын микробтар болады.

Сондықтан  тері  тазалығын  сақтау  керек.

(Ұ, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балалар дәптердегі теріні күйіктен, жаралап алудан қорғау

тәсілдері бейнеленген  суретті  қарайды.

Қорытынды:адам өзінің қайырымды

көмекшілерінің

арқасында қозғалады, ол жүгіреді, секіреді, билейді, жүзеді,

велосипед тебе алады. Бірақ бұның барлығы тек сүйегің

мықты, бұлшық еттерің жақсы дамыған, терің таза әрі әдемі

болғанда ғана мүмкін. Ол үшін әрдайым таңғы жаттығу

жасап, спортпен айналысып, күн тәртібін және тамақтану

тәртібін сақтап, табиғат аясында көп демалуды өз өмір

салтыңа енгізу қажет. Ал бұның барлығы денің сау әрі

белсенді өмірге құштар болуың үшін аса маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

 

 

 

 

 

ІҮ.

сабақтың

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 минут

– Бүгінгі ҰОҚ-де қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?

– Сендерге не ұнады?

(Р) балаларға ҰОҚ барысындағы жұмыстарын

сәттілік баспалдағы арқылы бағалауды ұсынамын.

– Егер сендер дене бітімі жайлы түсінбесеңдер, онда

баспалдақтың ең төменгі сатысына жабырқау смайликтің

суретін салыңдар. Егер барлығын түсініп, жаңа алған  білімдеріңді айта алсаңдар, онда

баспалдақтың ең жоғарғы

сатысына көңілді смайликтің суретін салыңдар. Ал егерде

өз білімдеріңе сенімсіз болсаңдар, смайликтің суретін

баспалдақтың 2-сатысына салыңдар.

– Кім смайликті баспалдақтың қай сатысына салды?

Неліктен?

Мүмкіндігіне  қарай түрлі

пікірлері  тыңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе-дәптер

 

Просмотров: 3229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст