ТҮСІНІК
ХАТ
КӨРКЕМ
ЕҢБЕК
Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының
ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін
«Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол әртүрлі
шығармашылық әрекет барысында көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың
технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау
қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға,
көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
«Көркем еңбек» оқу пәнінің маңыздылығы шынайы болмысты
эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен
өзара байланысы туралы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып
табылады.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның
қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік
мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын,
көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық
іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік
іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге
міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті,
бейнелеу, сәндік.
«Көркем еңбек» пәні
бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың
қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері
байланыс үшін материал болып саналады.
«Көркем еңбек» пәні
бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында
«есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Оқу процесінде әр түрлі
жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының
ережелерін сақтау қажет.
2-сыныпта
– аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылына 34сағатты құрайды.
ТҮСІНІК
ХАТ
МАТЕМАТИКА
«Математика» оқу курсының негізгі
мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және
тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны
бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім алушылардың
қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.
Бастауыш математиканың
кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген,
қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі
формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін
меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
Бұл оқу пәні
математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде
қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын
кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. .
Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына
сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды. Атап айтқанда:
• логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және
математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту;
• оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық
алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер
жүргізу қабілеттерін дамыту;
• сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді
дамыту;
• математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және түсіну
тәсілі ретінде қабылдау;
• өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа
пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну;
• білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік
және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;
• түсінудің, түсіндірудің,
талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік
дағдыларын дамыту;
• коммуникативтік және
әлеуметтік дағдыларын, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа
адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын
жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
• ақпаратты іздестіру және
таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу
дағдыларын дамытуға негізделген.
«Математика» пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі аптасына 4 сағат,
оқу жылына 132 сағатты құрайды.
«Математика» оқу пәні бойынша жиынтық
бағалаудың рәсімдер саны.
Сынып |
Жиынтық бағалау рәсімдері | |||
І тоқсандағы ЖБ саны |
ІІ тоқсандағы ЖБ саны |
ІІІ тоқсандағы ЖБ саны |
ІV тоқсандағы ЖБ саны | |
2-сынып |
3 |
3 |
3 |
3 |