«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Капитоновка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Капитоновка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

біз әлеуметтік желілерде

Сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепалды даярлық қмж. ҰОҚ-нің тақырыбы: Ғарышқа саяхат

26.01.2018

Ортақ  тақырып.  Жолдар 

бізді  қайда  бастайды?

ҰОҚ-нің  тақырыбы:  Ғарышқа 

саяхат

Мектеп/Мұ: «Капитоновка  ОМ» КММ

Күні:09.01.2018

Педагогтің  аты-жөні:  Курмахан 

М.

Сынып/ 0 «А»

Қатысқан   балалар  саны: 3

Қатыспаған  балалар  саны: 0

ҰОҚ-нің  оқытылу

мақсаты:

0.2.1.1. Бір орында тұрып және қозғалыс  барысында сапқа тұру түрлерін, сапта  түзу жүру түрлерін орындау.

0.2.1.4. Секірудің әртүрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып

өзгермелі жағдайлардағы секірулер

0.2.1.5. Өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен  еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау

0.2.2.3. Кеңістікті, уақытты бағдарлауды, орындық/бөрене

арқылы жоғары және  төмен жүру

барысында және берілген  қалыпта

тепе-теңдікті сақтау ептілігін  дамыту

0.3.1.1. Алуан түрлі ойын түрлерінде  әртүрлі

дене жаттығуларын орындау  барысында басқа қатысушыларға тактикалық көмек  көрсету

Күтілетін  нәтиже

Барлық  балалар:

Ортақ кеңістікті

бөлу және қозғалыс тәуекелдігін азайту.

Педагогтің бұйрықтарын нақты орындау дағдысын пайдалану.

Бір қолмен доп соққанда кеңістік пен нысанды бақылау.

Кеңістікті бағдарлай алу.

Көзді жұмып, түрлі бағытта залда шеңбер бойымен

жүру

Көпшілік  балалар:

Бірқатар дене әрекетінің түрлі

жағдайларына бейімделу.

Залдың қарсы бетіне кедергі заттардан өте отырып, шынтақтап және

тізерлеп еңбектеп бару.

Бір қолмен доп соғу кезінде кеңістік пен нысанды бақылау.

Заттар арқылы секіру кезінде қос аяқпен қарғу, аяқ-қолдың қозғалысын

үйлестіру

Кейбір  балалар:

Аяқтың ұшымен тепе-теңдік сақтай отырып

қозғалыс орындау кезінде

кеңістік пен денені бақылау.

Допты саусақтарды жая отырып алақанмен қағып алу және допты аяқтың

тұсынан еденге соғып, жеңіл қимылмен лақтыру

Тілдік  мақсат

Балалар ғаламшар туралы білімін

жалпылайды.

Іс-әрекетті талдау және бағалау, өзінің және өзгенің олқылықтары мен

әлеуетін анықтау, жүйелік пен кеңістікті түсіну, мәтіндегі түрлі

қозғалыстармен байланысты рөл сомдау және олардың айырмашылығын

түсіну дағдыларын көрсетеді

Пәндік лексика және терминология:

Өзара іс-қимыл, кеңістікті бөлу,

үйлестіру, ғарыш айлағы, Байқоңыр,

ғарышкерлер, Күн жүйесінің ғаламшарлары, ғарыш кеңістігі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Күн жүйесіне қандай ғаламшарлар кіреді?

Ғаламшарлардың қандай ерекше-

ліктерін білесіңдер? Галактикада қандай ғаламшарлардың атауы жоқ? Бүкіл

сынып болып тапсырма орындау кезінде арақашықтықты өздігінен қалай

бақылауға болады? Біздің ғарыш кеңістігі үлгісіндегі қимыл-қозғалыстар

қалай өзгерді?

Неге екенін айта аласыңдар ма…?

Қозғалыс кезінде неге допты аяқ тұсында

еденге соғады? Допты саусақты

жеңіл қимылдата отырып соққан неге маңызды? Неліктен ортақ

кеңістікті

бөлу және қозғалыс тәуекелдігін азайту маңызды?

Алдыңғы  оқу

Кең және қысқа қадаммен жүгіру. 5 м жерге

қолмен жүру (бір бала екінші

баланың аяғын көтеріп ұстайды. Ол қолымен жүреді).

Гимнастикалық орындықтың үстіне бір аяқты тізерлеп қойып, ал екінші

аяқпен жерді тіреп жүру.

Гимнастикалық қабырғамен түрлі тәсілмен өрмелеу

Жоспар

Жоспарланған  уақыт

Жоспарланған  іс-әрекет

Ресурстар

Қызығушылық  ояту

0–3 минут

(Ұ, Ө) «Байқоңыр» ғарыш айлағында барлығы

ғарышкерлер даярлығынан өткенін еске салады. Зымыранмен  ғарышқа саяхат жасау туралы ұсыныла-ды.

Бірден, екіден қатарға  тұрып зал

ортасымен сап түзеп  жүру. Аяқтың

ұшымен және өкшемен жүгіруді алмастыра орындау. Нұсқау – жүгіру кезінде аяқты

ұшымен қою, өкшемен  жүргенде аяқты

тіктеп ұстау керек. Қозғалысқа сәйкес қол 

қимылын ауыстыруға назар аударылады – аяқтың ұшымен  жүгіру – қолды белге таяну, өкшемен жүгіру

– қолды алдыға

тік жазу. 

Кең, бос  кеңістік

Негізгі бөлім

4–12

 

 

 

 

 

 

 

«Зымырандармен»  бір  ғаламшардан  екінші ғаламшарға  жету (көздерін  жұмып, бес баладан қатар сапқа  тұрып, залда  шеңбер бойымен  түрлі  бағытта жүру). Тапсырма орындаған  кезде  кеңістік пен ресурстарды  бөлу, жарақатты  болдырмау

үшін  сақтық  шараларын  қабылдау  ескертіледі.

«Кім зейінді?» ойын 

жаттығуы

Ғарышкерлер  зымырандағы  өз  орнын  жақсы 

есте сақтауы  үшін  зейінді тексеру. Балалар  бастаушының соңынан  қатарға 

тұрады. Педагогтің  белгісі

бойынша көздерін  жұмады. Ойын бастаушылар

педагог нұсқаған жерге  барып  тұрады да, жалау  көтереді. Балалар өз командирін  тез  тауып

 зымыраннан  орын  алуға  тырысады.

 

Кең, бос  кеңістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13–27

«Секіргіштер»

ғаламшары –Бұл  ғаламшардағылар  секіріп  жүреді. Заттар  арқылы  қос  аяқтап  секіру.

Секірген  кезде аяқ-қолдың  қимылын  үйлестіре отырып  қос  аяқтап

 бар  екіпінмен  қарғуға  назар аудару.

«Түрлі

түсті ғаламшар» –Бұл  ғаламшариктің  тұрғындары  түрлі  түсті  доптарды 

өте  жақсы  көреді.

Бір  қолымен  жерге  доп соғу.

Нұсқау – допты  саусақтарды  жая  отырып

 алақанмен қағып  алу  және

 допты  аяқтың  тұсынан  еденге соғып, жеңіл қимылмен  лақтыру.

«Өрмелегіштер

ғаламшары» – бұл  ғаламшариктің тұрғындары  тек  төрттағандап  еңбектеп  жүреді.

Шынтақ  пен  тізеге сүйене  отырып  төрттағандап еңбектеп  заттар  арқылы  өту. Нұсқау – аяқ пен қолдың  жұмысын келістіру, қозғалыс  бағытын  сақтау.

«Сиқырлы ғаламшар». Бұл  ғаламшар  тұрғындары алыптар  мен  ергежейлілерге

 айнала  алады.

Түрлі  музыка  ырғағымен  балалар  тиісті  қозғалыс тәсілін  пайдаланады: қатты  музыкаға  кең  адымдап,

қолдарын  жоғары  көтеріп  жүреді, баяу  музыкаға қысқа  адымдап, қолдарын  белге  таянып  жүреді.

Заттар

(биіктігі – 20 см).

 

 

 


Түрлі түсті доптар.

 

 

 

 

 

Өрмелеп өтуге

арналған жұмсақ

нәрселер.

 

 

 

 

 

Қорытынды 

бөлім

28–30

Жер – ең  жақсы  ғаламшар  екеніне 

назар  аударады, өйткені  бұл  түрлі

ұлт өкілдерінің ортақ үйі. Табиғатты аялау, бір-бірін құрметтеу керек екенін

еске салады.

«Жер

ғалам-

шары» слайды

Просмотров: 2097


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст