Тақырыбы: Менің сүйікті достарым |
Мектеп/Мұ: «Капитоновка ОМ» КММ | |||
Күні: 08.12.2017 |
Педагогтің аты-жөні: Курмахан М. | |||
Сынып/ 0 «А» |
Қатысқан балалар саны: 3 |
Қатыспаған балалар саны: 0 | ||
ҰОҚ-нің оқытылу мақсаты: |
0.1.1.5. Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату. 0.2.1.1. Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу. 0.3.1.1. Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау | |||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: | |||
Таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату. | ||||
Көпшілік балалар: | ||||
Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу. | ||||
Кейбір балалар: | ||||
Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау | ||||
Тілдік мақсат
|
Балалар: Таныс әндердің не туралы екенін айта алады. Әннің көңіл күйін, әнде не туралы айтылғанын әңгімелейді. Көптілділік: дос – друг – friend. негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Таныс әуен, қарапайым әуен, сүйемелдеумен, сүйемелсіз. Пікір алмасу сұрақтары: Музыка әуеніне ілесіп қимыл жасағанды ұнатасың ба? Саған қандай әндер ұнайды? Музыка тыңдағанды ұнатасың ба? Көбіне қандай музыкалар тыңдайсың? | |||
Өткен ҰОҚ-нен алған білім |
Балалар өткен сабақта әннің не және кім туралы айтылғанын естеріне түсіреді. Балалар тыңдаған музыкалары жайында өздерінің пікірлерін ортаға салады. | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар | ||
Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-2 минут
|
Балалар музыка әуенімен шеңбер бойымен жүріп, жеңіл музыка ойналғанда жеңіл жүгіреді. Шаттық шеңберін жасап, алақандарын тигізіп, бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді. |
| ||
Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам 3-5 минут |
Қуаныш сұрақ қояды: Дос деген кім? – Балалар, сендер бір-біріңмен доссыңдар ма? «Достық» пен «дос» туралы білгендерің дұрыс. Достық – араларыңдағы татулық, дос – жаныңдағы бірге ойнап жүрген бала. Жаныңда жақын достарың мен айналаңда ата-аналарың болған кезде нағыз бақытты баласыңдар |
Жүздері бал-бұл жанған бақытты балалардың суреттері | ||
ҰОҚ-нің ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6-27 минут |
(Т, Ж) дауыс жаттығулары: «Телқоңыр» (Сүгір). «Телқоңыр» күйінің негізгі әуенін «да» буынында орындау. Жақ сүйектері еркін қимылдайды, ауызды кең, дөңгелете ашады. (Т, Ж) Ән айту: «Достасайық бәріміз». (сөзі мен муз. жазған Т. Бейсембек) Педагог әнді таныстырып болған соң, әнде не туралы айтылғанын әңгімелейді. Достық туралы, достары туралы балалар ойларын ортаға салады. (Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: «Соқыртеке» (муз. А. Тани, сөзі А. Естенов). Әуен мен мәтінді дұрыс айта жүріп қимылдар жасау. Балалардың қалауы бойынша импровизация жасау, өңдеу, әрлеу. (Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: -Сенің досың кім? Доста Достарың туралы әңгімеле. Өзің таңдаған түстермен шарларды боя. Бұл суреттен не көріп тұрсың? Тату достардың іс-әрекеттерін әңгімелеп бер. |
«Телқоңыр» күйі
«Достасайық бәріміз» әні
«Соқыртеке» әні
Әліппе-дәптер
| ||
ҰОҚ-нің қорытындысы. Рефлексия 28-30 минут |
(Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау. Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау. – Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле |
Әліппе-дәптер,
|